Аймақтық провайдерлердің желілері (екіншілік) ұлттық провайдерлердің
желілерімен (біріншілік) жоғары жылдамдықты каналдар арқылы байланысады. Мысалы,
АҚШ-та Т1стандартты мәліметтерді беру жылдамдығы 1,544 Мбит/с арна немесе
жылдамдығы 44,74 Мбит/с жететін ТЗ арнасы.
Бақылау сұрақтары:
1. Клиент-серверлік архитектураны құрайтын негізгі желілерді қандай?
2. Желіні бағдарламалық қамсыздандыру қандай принциппен жүргізіледі?
3. Провайдердің магистральды желі термині нені білдіреді?
4. Провайдерлер желілерінің бірігуі қалай орындалады?
5. Интернетті түзетін желілер иерархиясы қалай аталады?
Дәріс 2.
Интернет коммуникациясының моделі.
Коммуникацияның Pull- және Push-моделі. Интернет сервисінің коммуникациялық
мінездемелері (сипаттамалары).
Интернет
коммуникациялық
сипаттамаларын
қарастырайық.
Дәстүрлі
коммуникациялық модель негізінде "бірге бір" ережесі жүреді. Коммуникациялық
құрылымға байланысты ақпарат статикалық (мәтін, графика) және/немесе динамикалық
(аудио, бейне, анимация) күйінде көрсетіледі.
Бұл модельден ерекше Интернет негізінде екі басқа принциптер жатыр. Біріншіден,
Байланысқа өз үлесін қосатын Интернетке коммуникация кезінде оның арнасы арқылы
өтеді. Бұл модель бастапқы байланыс жіберуші мен қабылдаушы арасында емес, негізінде
қолданушы мен коммуникациялық ортадағы бір кеңістік арасында болатынын көрсетеді,
сонымен байланыстың екі қатысушысы да жіберуші де, қабылдаушы да болып табылады.
Интернет өзімен әрбір желі абоненті басқа абоненттерге немесе топтармен топ
атымен немесе өз атымен хабарласа алтын «көпке көп» көп бағыттылы коммуникациялық
модельді көрсетеді. Бұл модельде коммуникация құралы болып таратылған компьютерлік
желі айтылады, ал ақпарат гипермедиялық түрде көрсетілуі мүмкін. Бұл модель
интерактивті байланыс Интернеттің басқа қолданушыларымен қатар ортаның өзімен де
бола алатынын, тіпті соңғы байланыстың соңғы түрі басымдылық көрсететінін
білдіреді.Осындай байланыстың бар болуынан ақпарат жіберуші құралы кейде оның
қолданушысы да бола алады. Бұндай модельде ақпарат және мазмұн жіберушіден
қабылдаушыға беріліп қана қоймай, ортаның өзі де оның қатысушыларымен де құрылады.
Интернет ортасының моделі ашық көрсетілген кері байланыстарды көрсеткенде,
жалпы коммуникацияның дәстүрлі әдістері үшін коммуникациялық модельде кері
байланыс контуры болмайды. Тұтұнушымен кері байланысты жүзеге асыруға мысал
ретінде электронды почтаны, қолданушылар тіркеу туралы мәліметтер, "cookie"
файлдары, Web-серверлерде жазылу немесе тіркелу. Кері байланыстың болуы өзара
байланыстың коммуникациялық әдістерін қолдану тиімділігін және ішкі және сыртқы
ортада болатын оқиғаны қалыпты қабылдауды жоғарылатады.
Интернет коммуникациясының Pull- және Push-модельдері
Жалпыға бірдей қызмет көрсетудің дәстүрлі әдістері тұтұнушыларға ақпаратты жеткізуші
push-модельді жүзеге асырады, бұнда тұтұнушылар пассивті роль атқарады және
ақпараттың каналдарын таңдаудың шектеулі мүмкіндіктерінің болуы.
Ақпаратты жеткізудің дәстүрлі push-моделіне қарсы Интернет негізінде, ақпаратты
сұраныс бойынша жеткізетін (demand pull) pull-моделі жатыр. Бұл Интернет ортасының
ерекшелігі ақпаратты іздеуде бақылаумен негізделген және іздеу механизмін қолдануда
навигация бейнесі немесе басқа да URL (uniform resource locator) бастауларына
байланысты тұтұнушылардың тікелей қатысуымен байланысты. Интернетте сонымен
қатар push-моделін іске асыру мүмкіндігі бар. Интернет бұл модельмен push-
технологиясы арқылы жүре алады, соған байланысты қолданушыларға Интернетте
ақпаратты іздеп жатудың қажеті жоқ, ол тек керекті тақырып бойынша қажетті каналға
жазылса болғаны, кейін ақпарат канал жазылушыларының компьютерлеріне автоматты
түрде жемкізіліп тұрады.
Интернет ортасының технологиялары push- және pull-модельдерінің тығыз
байланысы бағытында дамиды. Интернеттің жоғары функционалдылығына байланысты
керекті ақпаратты немесе басқа да қорларды табу мақсатында қолданушының навигация
мүмкіндіктері әрқашан да болады. Басқа жағынан, қолданушылардың әрқашан ақпаратты
жеткізушіні және қабылданатын push-каналдар тематикасын таңдауға мүмкіндіктері бар.
Интерактивтілік.
Internet ортасының басты сипаттамасы оның интерактивтілігі болып табылады.
Интерактивтілік – бұл коммуникациялық хабарламалардың бір біріне қатысты
орналасуын білдіретін, коммуникация процесінің жүзеге асуын көрсететін сипаттама.
Интерактивтік өзара байланыс үшін ақпараттың немесе хабарламаның келуіне жауапты
іс
әрекеттің болуы тән, сонымен қатар, жауап алдындағы хабарламаның контекстінде
болуы қажет.
Жоғарыда айтылғанға орай, Интернет ортасы үшін интерактивтілікті қолданушыға
жауап қайтару
мүмкіншілігі есебінде түсінуге болады. Осайша, интерактивтілік
компьютердің қолданушының қимылын бағалап және осы бағаға байланысты жауап бере
алатын мүмкіндігі бар, диалогқа қатысушы есебінде функциялық көрінісін кеңейтеді және
толықтырады. Компьютерлік гиперортаны қолдану арқылы өзара байланысу процесінде
клиентпен хабарласу қатынасты орнатудың ең бастапқы кезеңінде сол компьютерлік
гиперортамен, клиенттің алдыңғы іс
әрекетке қалай қарағандығына байланысты жасалуы
мүмкін. Internet негізінде жатқан құрамдық модельді қайта қарау барысында, Internet
ортасындағы интерактивтілік енді орта арқылы жеке қатынас деңгейінде жүзеге аспай,
нақты ортаның өзімен өзара байланысу деңгейінде жасалатынын көруге болады.
Өзара байланыстың интерактивті сипаты коммуникация мүшелерінің өзара
байланысу әсерін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Бұл, мысалы тәжірибе жүзінде, келісім
немесе сатып алу үшін қажетті ақпаратты алу үшін кететін уақытты қысқартуға керек.
Сонымен қатар, ортаның интерактивті сипаты жеке клиенттің ерешеліктеріне қатысты
байланыстың қалыптасу мүмкіндігін ұсынады.
Гипермәтін
Internet ортасының гипермәтіндік табиғатының ерекшелігі аз емес. Гипермәтінге
негіздерген дүние жүзіндегі ең алғашқы жүйені
жылдан астам уақыт бұрын ЭЕМ
нің
алғаш құрушыларының бірі (Ванневар Буш) ұсынған. Бұл жүйе Метех деп аталады, ол
қолданушының жеке кітаптарын, жазбалар мен коммуникацияларын сақтайтын құрылғы,
оған жүктелу тез және оңай. 1967 жылы Нельсон (Nelson) гипертексті жүйелер
көрсеткіштері мен ассоцация ретінде бейнелеп, адам ойындағы жеке мәліметтер
бөліктерін ұйымдастыру және байланыстыру мүмкіндіктеріне теңеді. 1993 жылы Бомман
(Bomman) гипертекстке мынандай анықтама берді: " Гипертекст концепцияның ретсіз
жазба мәліметтерін құрайды, осыған орай қолданушы мәліметтер бөліктерін бір-бірімен
көрсеткіштер мен байланыстар көмегімен байланыстырады. Гипертекстік жүйеде мәлімет
түйін және байланыс түрінде беріледі."
Гипертекст ұйымдстыру құралының бөліктерге бөлінген сызықты емес желілер
формасымен сипатталады. Мұнда әр бөлік (фрагмент) келесі бөлікке белгілі бір байланыс
типі арқылы көшеді.
Гипертекст мәліметтерді ғана емес, сонымен бірге қолайлы іздеу қондырғысын
құрайды. Сонымен, гипертекстік көрініс мәліметтері қарапайым әдіске қарағанда,
мәліметтерді қорытады.
Мультимедиа
Мультимедияның пайда болуына байланысты динамикалық (аудио, видео,
анимация) және статикалық (текст, графикалар, суреттер) құрамы бар кмпьютерлік
интеграция мүмкіндігі туды. Түйіндер мен байланыстар комбинациясы гипертекстік жүйе
мультимедиасында жңа ортаны құруға мүмкіндік берді.