Газет 931 жылғы қыркүйектен шығады №42 (7213) 19 қазан, 2017 жыл



жүктеу 0,6 Mb.
Pdf просмотр
бет12/12
Дата04.01.2018
өлшемі0,6 Mb.
#6972
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

19 қазан.  2017 жыл.

12

www.zhaikpress.kz



www.zhaikpress.kz

ЖАЙЫҚ 


таңы

Жедел респираторлы вирусты инфекция мен тұмау 

–  бұл  тыныс  алу  жолдарының  вирустар  туындата-

тын ең көп таралған аурулары. Олар науқас адамнан 

ауа-тамшы жолымен жұқтырылады. Негізгі белгілері: 

мұрынның  бітелуі,  тамақтың  жыбырлауы,  дауыстың 

қырылдауы,  жөтел,  дене  қызуының  көтерілуі, 

әлсіздік, бұлшық еттердің  ауырсынуы,  т.б. Балалар-

да құсумен, іш өтумен, тыныс алуының қиындауымен 

білінуі мүмкін.

Осыдан  сақтану  және  асқындырмау  жол-

дары:  жаныңызда  науқас  адам  бар  болған 

кезде міндетті түрде бетперде кию; мұрынның 

сілекейлі  қабатын  оксолин  майымен  майлау; 

адамдар көп жиналатын орындарда мейлінше 

аз  уақыт  болу;  ауа  райы  суық  кездері  тоңуды 

болдырмау;  эпидемиялық  маусым  кезінде 

дәрігердің кеңесіне сәйкес тұмауға қарсы екпе 

алу;  үй  жағдайында  алғашқы  ем  үшін  дәрі 

қобдишасының болуы (термометр, бірреттік бетпер-

де, аскорбин қышқылы, интерферон, оксолин майы, 

мұрынға  тамызатын  тұзды  ерітінділер  және  басқа); 

жеке бас гигиенасын сақтау; үй-жайды үнемі ылғалды 

жуып - тазалау шараларын жүргізу, желдету (кемінде 

күніне 3 рет).

Егер  сіз  сол  кеселдің  алғашқы  белгілерін 

байқасаңыз,  мына  телефондар  арқылы  дереу 

дәрігер  шақыртуыңызға  немесе  медициналық  кеңес 

алуыңызға  болады:  91  –  5  –  32;  92  –  4  –  06. 

Диагнозыңыз  айқындалса,  үй  жағдайында  еңбекке 

жарамсыздық  парағы  құжатын  ашу  ұйымдастырылады 

(7  күнге  дейін).  Шақырту  мүмкін  болмай,  емдеу  ме-

кемесіне өзіңіз келсеңіз бірінші – фильтр (оқшаулау) 

кабинеті мамандарының көмегіне жүгініңіз.

Қазына

Ислам иірімдері

Жауһар жыр

Тектілік тұғыры

Шегелеп айтқан

Дайындаған Еркін РАЕВ.

*  “...өздерін  «нағыз  сүннетпен  жүреміз»  деушілер 

алдымен Пайғамбардың өмірінен сабақ алуы тиіс”.

хАтқОрЖын

Т

ұмау 



тықсырмасын 

десек...

Кітапхананы  сүйіңдер.  Кітапханашы-

лармен дос бол!

Академик Әлкей МАРҒҰЛАН.

ҚҰРАН: Ғарыштағы және жердегі тозаңдай 

заттың  өзі,  оның  одан  да  ұсағы  немесе 

үлкенірегі  болсын,  барлығы  да  Аллаға  мәлім 

күйде айқын кітапта («Сәбә» сүресі, 3-аят).



Дулат БАБАТАЙҰЛЫ (1802 – 1871).

Жапанға біткен жантақты

Жаһан кезген нар жейді.

Тәтті менен дәмдіні

Қолында бұлы бар жейді.

Қорқақтықтың белгісі,

Арықты да жар дейді.

Кертартпаның белгісі,

Кең дүниені тар дейді.

Қолында жоқтар тайлақты

Солқылдақ өркеш нар дейді.

Балам, маған кейіме,

Әкем айтпай кетті деп.

Сырын білмей бой салма,

Атасы оның текті деп.

Тұрлаусыздан сөз ұқпа,

Аузы оның епті деп.

Нашардан шыққан жақсының

Сөзін жерге тастама,

Атасы нашар өтті деп.

.......................................

Мәшһүр  Жүсіп  Көпейұлының  қырық  томдық 

еңбегі  бар.  Хакім  Абай:  «Мен  де  ақынмын, 

Мәшһүр де ақын, дегенмен ол ақын болғанымен 

Құдайға 

жақын. 


Сондықтан 

да 


Мәшһүр 

Адамзаттың 

әулиесі 

ғой»,-деген. 

Ғұлама 

ғалым  Әлкей  Марғұлан:  «Мәшһүр  ақындықтан 



басқа  -  ғалым  адам.  Күншығыс,  араб,  парсы 

халықтарының  тарихын,  пәлсафасын  жақсы 

білген.  Химия,  физика,  география,  астрономия 

ғылымдарынан жақсы хабардар болған Мәшһүр 

көбінесе  атақты  Әбдулғали  Сина,  Әл-Фараби 

сияқты  орта  ғасырдағы  Бұхара  ғалымдарының 

шығармаларын, жаңа араб, фарсы, түрік кітапта-

рын көп оқыды»,-деді.

Сөзін  қазақ  жұртына  арнады,  соның  жоғын 

жоқтады, мұңына ортақтас күй кешті. Ол ең ал-

дымен өз жұртының тарихын, өмір жолын, салт-

дәстүрін,  жол-жоралғысын  түптей  зерттеген  эт-

нограф ғалым. Орта Азияны аралайды, Тәшкент, 

Түркістан,  Самарқан,  Бұхара,  т.б.  шаһарларды 

көреді.  Тілдерді  жете  меңгеруі  арқасында 

Шығыстың  классикалық  әдебиетін  зерделей-

ді.  Ол  орыс  түркологы  В.В.Радловпен  танысып, 

әдеби  үлгідегі  дүниелерді  жиыстырып,  жарыққа 

шығарумен  айналысады.  Солардың  ішінде 

«Хал-ахуал»,  «Сарыарқа  кіндігі»,  «Тірлікте  көп 

жасағандықтан  көрген  бір  тамашамыз»  атты 

өз  еңбектерін  жарыққа  шығарды.  «Дала  уалая-

ты»  газетіне  де  көптеген  еңбектерін  жаздыртып 

тұрды. «Керұғылы», «Сайын батыр», «Ер Көкше» 

тәрізді  тарихи  дастандарды  жинады.  Бұқар  жы-

рау,  Шортанбай,  Шөже  мұраларын  жиыстырып 

хатқа түсіруші де осы Мәшекең еді. «Гүлшат-Ше-

ризат»,  «Ғибратнама»,  «Шайтанның  саудасы», 

«Баяннама», т.б. дастан-қиссалар жазды.

1932  жылғы  ақсүйек  аштықты  болжай  «қазақ 

жұрты  алапат  аштықтан  қырылады  екен,  бірақ 

мен  оны  көрмеймін»  депті.  Дүниеден  өтер  ал-

дында «Тап осы төбеге бос жіберген түйе келіп 

шөккенде мені сол араға жерлеңдер. Тәнімді ашық 

қалдырыңдар. 41 жыл тәнім бүлінбейді. Тек жыл 

сайын бетімді жапқан орамал мен кебінімді ауыс-

тырып отырыңдар» деп өсиет еткен. Тағы бір көк 

тасқа  жазып  қалдырған  сөзінде:  «73-ке  келген-

ше  балталасаң  да  өлмеймін,  73-тен  ары  қарай 

сүйресең  де  аспаймын»  деген  екен.  Әулиенің 

сөзі тура келгендігіне қалай таңданбасқа.

Фотоэтюд


Нұрәлі ӘЛІМНІҢ

 фотоэтюді.

Сақтан!


Инфекция  иммунитеті  әлсіреген  жүкті  әйелдерді 

түрлі  асқынушылықтарға  душар  етуі  мүмкін  екенін 

есте  сақтаңыз  (бронхит,  пневмания,  мерзіміне  жет-

пей босану).

Сізге  тек  дәрігер  ғана  жеке  тексеру  барысын-

да  ем  тағайындай  алады.  Өз  бетіңізше  емдеумен  

айналыспаңыз, ол Сіздің денсаулығыңыз үшін қауіпті. 

Эпидемиологиялық  өршу  маусымында  өзіңіздің 

және  отбасыңыздың  денсаулығына  аса  сақтықпен 

қарағаныңыз  жөн!  Қамсыз  қалмаңыз,  сақтанып 

жүріңіз.

Арайлым САҚЫПҚАЛИЕВА,

аудандық орталық аурухананың саламатты 

өмір салтын қалыптастыру 

бөлімінің медбикесі.

Ал  нағыз  мұсылман  адам 

сабырлы 

болады. 


Екінші-

ден,  әркімге  қарсы  «кәпір», 

«күнәһар» 

деген 


сөздерді 

қолданбайды.  Тіпті,  өздерін 

«нағыз  сүннетпен  жүреміз»  деу-

шілер  алдымен  Пайғамбардың 

өмірінен  сабақ  алуы  тиіс. 

Өйткені  Мұхаммед  (с.ғ.с)  ха-

дисінде: 

«Қорқытпаңдар, 

сүйіншілеңдер,  ауырлатпаңдар, 

жеңілдетіңдер»,-  деп  ескер-

теді.  Түсіне  білгенге  мұнда 

қаншама  мән  бар!  Біреудің  ала 

жібін  аттамайтын,  ең  жақсы 

мұсылман  –  басқаларға  аузы-

мен  және  қолымен  зиян  келтір-

мейді,  өзінің  нанымын  ешкімге 

тықпаламайды.

Тек  біздің  еліміздегі  емес, 

басқа елдердегі діншілсымақтар 

мен  ғалымсымақтардың  ар-

тында  сонау  жақтағы  әлдебір 

айдапсалушы 

топтар 

тұр. 


Яғни,  бізді  ішімізден  ірітіп, 

ынтымағымызды ыдыратып, бе-

рекемізді алып, сөйтіп, еліміздің 

байлығына қол жеткізгісі келеді. 

Құдайдың  өзі  сақтасын  дейік. 

«Іштен шыққан жау жаман» де-

мекші,  біреулердің  уағызына, 

әлдебір  уәдесіне  иланғандар 

Исламның 

атын 


жамылып, 

өздерінің  қате  жолда  жүргенін 

білмейді  немесе  білгісі  де  кел-

мейді,  осыны  ұғындырғандарға 

қарсы  шығады.  Мұның  бір 

дәлелі 


Ақтөбедегі 

алдыңғы 


жылғы қанды оқиға.

Осындайдан 

сақтанудың 

жолы – рухани иммунитетіміздің 

мықты  болуы.  Бұл  мықтылық, 

берік 


руханият 

ғасырлар 

сүзгісінен 

өткен 


мығым 

дәстүрлеріміз  арқылы  бойы-

мызға  сіңеді.  Дін  мен  дәстүр 

–  егіз.  Жас  ұрпақ  тәрбиесінің 

қайнары  осы.  Сонау  тарих 

қойнауын  айтпағанда,  кешегі 

мешіті  жоқ  КСРО  заманындағы 

құдайсызданудан  біз  ата-ба-

бадан  жеткен  дәстүрімізден 

қол  үзбеудің  арқасында,  яғни 

иман  байлығымызбен,  ұл-қызға 

ұлттық тәлімді, тыйымды, жақсы 

Ежелден  халқымыз  дәріптеп,  қастерлеген  дінімізге  біреулердің 

күдікпен қарайтыны, ревизия жасағысы келетіні неліктен? Бүйректен 

сирақ  шығаратындардың  айтуынша,  ғасырлар  бойы  аталарымыз 

ұстанып, діни-рухани қажеттілігімізді атқарып келген дәстүрлі Ислам 

қателіктерге толы екен. Ал саған керек болса!

Ұ

лттық 



дәстүріміз – 

тамырымыз

адам  болуды  түсіндіре  білудің 

арқасында аман шықтық. Ол кез-

де  ауыл-елімізде  қарақшылық, 

өзіне-өзі  қол  салу,  т.б.  кесірлер 

жоқ-ты.


Ал  бүгінде  мешіт  пен  мед-

ресе  көбейгенімен,  игі  салт-

дәстүріміз  жағынан  әлі  күнге 

әлсізбіз.  Қызыл  империя  кезін-

дегі  құдайсызданудың,  бізді  ру-

хани  құндылықтарымыздан  айы-

рудың  әсері  әлі  күшті.  Демек, 

тіршілік  дәстүрмен  байытылма-

са,  асыл  дінімізге  бетбұрыста 

мәкіліктер,  қателіктер,  ради-

калдық  қырсықтар  болатынын 

ескеруге тиіспіз. 

Ұлттың  дәстүрі  –  ұлттың 

тамыры.  Осы  тамырымыздан 

жаңылмайық.

Әлемге  көз  салсақ,  кей-

бір  елдегі  атыс-шабыс,  бей-

біт 


халықты 

қырып-жою 

ойлы  әркімді  үрейлендірмей 

қоймайды. 

Осындай 

қан-


қасаптың  көбінің  себебі  арам 

пиғылды        біреулердің  айдап 

салуынан,  діни  алауыздықтан 

туындап  жатқанын  білуге  тиіс-

піз.  Бізге  сақтық,  қырағылық, 

Отанымыздың  бүгіні  мен  ертеңі 

үшін  зор  жауапкершілік,  бір-

лігімізді 

шыңдау, 

Жалпыға 


Ортақ  Еңбек Қоғамы үшін атса-

лысу, еңбекке жұмыла түсу   өте-

мөте  қажет-ақ.  Дос  кім,  дұшпан 

кім  екенін  біліп  жүруіміз  керек. 

Қазақстанның 

бейбітшіліксүй-

гіш  саясатын  бағалап,  мұны 

ұл-қыздарымызға  ұғындырсақ, 

нұр  үстіне  нұр.    Елбасымыз 

Нұрсұлтан 

Назарбаевтың 

“Болашаққа 

бағдар: 

руха-


ни  жаңғыру”  атты  өз  халқына 

жолдаған 

бағдарламалық 

мақаласының    мән-маңызын  да 

біліп,  оның  оқып-үйренуге  тиіс-

піз. Жақсылыққа ұмтылу бізді та-



лай қырсықтан аман сақтайды. 

Алдаберген СӘРСЕКОВ,

жоғарғы санатты тарих 

және дінтану пәндерінің 

мұғалімі.

ЧАПАЕВ.

жүктеу 0,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау