Ф и з и к а әож 3. 049. Физика сабақтарында



жүктеу 5,03 Kb.
Pdf просмотр
бет86/89
Дата01.01.2018
өлшемі5,03 Kb.
#6313
түріСабақ
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   89

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
 
 181
 
 Тұқымдарын жинау. Аршаның жеміс бүрі жидек пішіндес немесе шар тәріздес, 4-6 
жапырақша  бірігіп  ӛскен,  әрбір  жапырақша  түбінде  бір  дән  бар.  Ішіндегі  дәні  (тұқымы) 
қыркүйек  айында  піседі.  Жеміс  бүрі  әдепкіде  кӛкшілдеу  болады.  Тұқым  піскен  кезде 
жапырақшалар қоңыр түсті болады да, жапырақшалар ашылып, дәндер (4-5 тұқым) жерге 
түсіп  шашылады.  Сосын  оны  жинап  алу  ӛте  қиын,  ӛйткені,  дәндердің  түсі  топырақ 
тәріздес  әрі  майда.  Сондықтан  жеміс  бүрі  жапырақшалары  ашылмай  тұрғанда,  шамалы 
қоңырқай түсті болғанда, қыркүйек, қазан айларында жинайды. Жиналған тұқым жетіліп 
піскенше 10 күн «жатып сақталуы» керек, сосын егуге болады. 
Емен негізінен тұқымы арқылы кӛбейеді. Сәуір-мамыр айларында гүлдеп, қыркүйек-
қазан айларында жеміс береді. Тұқымы жаңғақ, оны қыркүйек айында, жауын-шашын аз 
болып, ауа, топырақ құрғақ болған кезде жинаған дұрыс. Емен жаңғағын жинағанда оның 
қабығының  шытынамағаны  жақсы.  Шытынаған  жағдайда  ол  жерлерге  микробтар  түсіп, 
ылғал  болған  жағдайда  тұқымдарды  шірітеді.  Жиналған  жаңғақ  тұқымы  10-15  күн 
«жатып сақталуы» керек, сосын егуге болады. 
Акацияның тұқымы ұзын бұршақ (боб) түрінде, ішінде 4-10 тұқым болады. Қыркүйек 
айында  бұршақ  ішінде  дән  (тұқым)  піскенімен  бұршақтың  кӛпшілігі  ағашта  салбырап 
тұрады. Оларды қыркүйек-қазан айларында жинау керек. 
Тұқымдарды егу. Бұл үшін бір рет пайдаланатын стакандар алынып, біреуінің түбін 
шприцтік инемен немесе бізбен теседі (3-5 рет), ал екіншісі тесілмейді. Тесілген стаканды 
тесілмеген стакан ішіне кигізеді, сосын кӛң араластырылған топырақпен, дұрысы гүлдер 
ӛсіруге  арналған  қара  топырақпен  толтырады,  шамалы  нығыздайды.  (Гүлдер  ӛсіруге 
арналған  қара  топырақ  магазиндерде  (базарларда)  сатылады,  және  ол  арзан).  Әрбір 
стаканға  арша  тұқымы  3-5  тен  себіледі;  емен  жаңғағы  3-ден,  акация  тұқымы  10-нан 
(ӛйткені олардың шығымдылығы тӛмен), сирень тұқымы 5-ден себіледі. Беті топырақпен 
жабылады,  бірақ  тұқым  тереңге  түспеуі  керек,  беті  жабылса  болды,  тереңдігі  0,8-1  см, 
сосын жаймен су құйылады. Топырақ тұрақты түрде ылғалды болуы керек, сонымен бірге 
тұқымның  ӛнуі  үшін  оттегіде  қажет.  Ол  үшін  2-3  күн  ӛтіп,  3-ші  немесе  4-ші  күні  әрбір 
стакандар  суарылады,  бірақ  су  кӛп  құйылмауы  керек.  Нәтижесінде  стакандағы  топырақ 
ылғалды болады, әрі  арасына ауа кіріп, бӛрткен тұқымдар оттегімен қамтамасыз етіледі. 
Егілген арша, сирень, тұқымы 40-45 күннен кейін екі ұрық жапырақты болып шығады.  
 Ауылдық  жерлерде  және  ондағы  мектептер  айналасына  арша,  емен,  акация  т.б. 
ағашты және декоративті ӛсімдіктер ӛсіру үшін он мыңдаған ӛскін кӛшеті қажет. Олардың 
әрбіреуін  10-15  мың  теңгеден  сатып  алу  үшін  ауылдық  әкімдікте  және  мектептерде 
қомақты  қаржы  жоқ.  Ал,  біздің  осы  әдістемеміз  бойынша  аталған  ағашты  және 
декоративтік  ӛсімдіктер  ӛскіні  кӛшеттерін  дайындау  ӛте  арзанға  түседі.  Аталған 
әдістемені  мектептердегі  биология  және  экология  пәні  мұғалімдеріне  және  оқушыларға 
үйретсек,  олар  ӛздері  ӛте  кӛп  мӛлшерде  арша,  емен,  акация,  сирень  ӛскіндері  кӛшетін 
дайындай алады. Егер оқушылар ӛздері осы ӛсімдіктер кӛшетін ӛсіріп дайындаса, сосын 
мектеп  айналасына,  ауылдарының  кӛшелеріне  және  маңына  отырғызып,  ӛздері  күтіп-
баптаса,  онда  олардың  табиғатқа,  оның  экологиялық  жағдайына  кӛзқарасы  түбегейлі 
ӛзгереді.  Мұның  тәрбиелік  мәні  зор  және  мектептің  ӛзінде  оқушылар  кәсіби  мамандық 
алуға бейімделеді. 
Ӛскіндерді күтіп-баптау. Әрбір стаканға  егілген аршаның 3-5 тұқымын, еменнің 3 
жаңғақ тұқымын, акацияның 10 тұқымының, сиреннің (жұпаргүл) 5 тұқымының барлығы 
түгел  шыға  бермейді.  Ӛйткені  аталған  тұқымдардың  табиғи  жағдайдағы  физиологиялық 
қасиеті, 
шығымдылығы 
әртүрлі. 
Сондықтан 
тұқым 
себілген 
стакандардың 
кейбіреулерінде  бір  ӛскіннен,  кӛпшілігінде  екеуден,  аз  бӛлігінде  3-5-ден  шыққан. 
Ӛскіндер  шыққан  стакандар  терезеге  жақын,  күн  сәулесі  түсетін  жерде  үстелге 
орналастырып, қыс бойы күтіліп бапталады. 
Күтіп-баптау  шаралары  −  негізінен  суару.  Екі-үш  күн  ӛтіп,  3-ші  күні  стакандағы 
ӛскіндер  аздап  суарылады.  Егер  стакандарға  су  кӛбірек  құйылса  арша,  емен,  акация, 
сирень тамырларына ауа жетіспегендіктен әлсіреп ауруға шалдығады, сосын ӛледі. 


182  Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
 
Осы әдістеме арқылы ӛте кӛп мӛлшерде арша, емен, акация, сирень ӛскіндерін ӛсіріп 
дайындауға  болады  және  бұл  ӛте  арзанға  түседі.  Жеке  кәсіпкерлер  немесе  қаланы 
гүлдендіру мекемесінің дайындаған аталған ағашты ӛсімдіктер ӛскіндерінің (4-5 жылдық) 
әрбіреуі 10-15 мың теңге тұрады. 
Кӛктемде наурыз, сәуір айларында ауа температурасы +10

С, +15

С градус болғанда 
топыраққа, яғни тұрақты орнына арша, емен, акация, сирень ӛскіндері отырғызылады. Ол 
үшін  аталған  ӛсімдіктер  ӛскіні  мен  стакандағы  топырағы  сиятындай  шұңқыр  қазылады, 
сосын  су  құйылады.  Осы  шұңқырға  ӛсімдіктер  ӛскіні  топырағымен  отырғызылып,  ал 
қазылғанда  шыққан  топырағымен  шұңқырды  қайтадан  толтырады  да,  топырақ  шамалы 
нығыздалады.  Сосын  асты  және  үсті  кесілген  пластикалық  бӛтелкені  (халық  арасында 
оны «баклашка» деп атайды) арша, емен ӛскініне кигізеді де, оны (пластикалық бӛтелке) 
топыраққа нығыздап орналастырады. Пластикалық бӛтелкенің айналасын қоршап ойықша 
(арықша)  қазылады.  Бұл  арша,  емен  ӛскінін  суару  үшін  керек.  Әдепкіде  әлсіздеу  арша, 
емен  ӛскініне  орнатылған  пластикалық  бӛтелке  жақсы  микроклимат  қалыптастырып, 
транспирация  қарқындылығын  азайтады,  тамырларының  ӛсіп  нығаюына  оптимальды 
жағдай жасайды.  
Астана  маңында  орман  жасатқан  Елбасы  ӛнегесін,  идеясын  жүзеге  асыру  
(тәжірибе нәтижелерін ӛндіріске енгізу ). Біздің болашағымыз − жастар, ал  оларға таза, 
оттегісі  мол  ауа  керек.  Алдағы  40-50  жылда  ғалымдар  болжаған  −  атмосферадағы 
оттегінің  азаюын,  құрлық  ортасындағы  Қазақстанда  келешекте  болатын  қатал 
континентальды  климатты,  яғни  жазы  ӛте  ыстық,  қысы  ӛте  суық,  тұщы  суы  тапшы, 
қуаңшылық жағдайды  болдырмаудың негізгі  шаралардың бірі  ормандарды сақтап, арша, 
емен,  акация,  т.б.  күшті  фотосинтездеуші  ағашты  ӛсімдіктерді  ӛте  кӛп  мӛлшерде  ӛсіру 
керек.  Биыл  2012  жылы  Қазақстандағы    6960  мектепте  2,5  млн.  оқушылар  оқиды.  Осы 
оқушылардың  40-50%  -ның  әрқайсысы  он-оннан  ағашты  ӛсімдіктер  ӛсірсе,  бір  жылдың 
ӛзінде  12,5  млн.  түп  арша,  сондай  мӛлшерде  емен,  акация,  сирень  ӛсіріледі  екен.  Бұл 
үдеріс  (процесс)  40-50  жыл  бойы  жүргізілсе  Елімізде  орман  алқаптары  кӛбейеді.  Яғни, 
жастар (оқушылар) үлкен әлеуметтік күш және де ӛздері ӛмір сүретін экологиялық ортаны 
жақсартады. Сондықтан, ағашты ӛсімдіктер кӛп болса фотосинтез процесі күшейіп, СО
2
-
ні  кӛбірек  сіңіреді,  оттегі  шығарады,  ауа  тазарады,  жауын-шашын  ӛзі  келеді, 
континентальды климат жұмсарады. Бірақ, мұны жүзеге асыру ӛте күрделі проблема, оған 
бүкіл халық, әсіресе жастар жұмылуы керек. Қазақстандағы әрбір мектептердегі биология, 
экология  мамандығы  мұғалімдері  мен  оқушылары  жұмыла  кірісіп,  ӛздері  тұрған  елді 
мекендер кӛшелерінде және ауылдарды қоршап, жылда-жылда кӛп мӛлшерде арша, емен, 
акация,  т.б.  ағашты  ӛсімдіктерді  40-45  жыл  бойы  біздің  әдістемеміз  бойынша  үздіксіз 
ӛсіре  берсе,  бүкіл  Қазақстандағы  қуаңшылық  жағдай  ӛзгеріп,  экология  жақсарады  деп 
ойлаймыз. Мұның тәрбиелік және әлеуметтік мәні орасан зор. 
  Біздің  әдістемеміз  бойынша ауылдық  жерлерде арша,  емен, акация  ағаштарын  кӛп 
мӛлшерде  ӛсіруге  болады.  Осыған  сәйкес,  Алматы  облысы,  Жамбыл  ауданы,  Сұраншы 
батыр  ауылындағы  Аманкелді  орта  мектебінде  арша  ӛскіні  отырғызылды.  Қазір  олар 
жақсы  ӛсіп  тұр.  Бұл  Елбасы  Н.А.Назарбаевтың  ӛнегесін,  идеясын  ауылдық  жерлерде 
жүзеге  асырудың  алғашқы  бастамасы  және  ең  арзан  жолы.  Аталған  әдістеме  Қазақ 
мемлекеттік  қыздар  педагогикалық  университетінің  экология  және  биология 
мамандығының  400-ден  аса  студенттеріне  үйретілді  және  келесі  толқын  студенттеріне 
үйретіле  береді.  Әрбір  студент  ӛзі  жұмыс  істеген  мекемесінде,  елді  мекендерде  емен, 
арша,  акация,  сирень, т.б.  ағашты  ӛсімдіктерді  ӛсірсе  және  осы  іс-шара  жылда  ӛткізіліп, 
үздіксіз  жүзеге  асырылса,  алдағы  40-45  жылда  Еліміздегі  экологиялық  жағдай  ӛзгеріп 
жақсарады  деген  болжам  бар.  2011  жылы  17 мамыр  және  27  шілдесінде  Алматы  қаласы 
маңындағы Медеу шатқалында, Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғат паркінің (МҰТП) 
аумағында күшті жел әсерінен кӛптеген ағаштар құлап қалған. Медеу шатқалында құлап 
қалған  ағаштар  орнына  Университетке  бӛлінген    участкеде  бүгінгі  таңда  біздің 
әдістемеміз бойынша 600 түп емен кӛшетін (бір жылдық), 300-дей арша кӛшетін, 60 түп 


жүктеу 5,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау