Ф и з и к а әож 3. 049. Физика сабақтарында



жүктеу 5,03 Kb.
Pdf просмотр
бет13/89
Дата01.01.2018
өлшемі5,03 Kb.
#6313
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   89

32  Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
 
ӘОЖ 37.026.9:371.212:371.385.3 
СЫНЫПТАН ТЫС ЖҦМЫСТАРЫН ЖАНДАНДЫРУ АРҚЫЛЫ МЕКТЕП 
ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
Ұ.Т.Спабек - 4 курс студенті, Н.А.Сәндібаева - п.ғ.к., доцент м.а. 
(Алматы қ., Қазмемқызпу)  
 
Аннотация:  берілген  мақалада  қарастырылып  отырған  ғылыми-зерттеу  жұмысы 
жалпы  білім  беретін  мектептерде  физика  пәнін  оқыту  барысында  оқушылардың  пәнге 
қызығушылығын туғыза отырып, негізгі міндеттер арқылы дамыту мақсатында жүргізілді. 
Зерттеу барысындағы нәтижелер сыныптан тыс жұмыстар арқылы қарастырылды. Зерттеу 
жұмысының негізгі бағыттарына сәйкес қосымша ақпараттар жинақталуда. 
Түйін  сӛздер:  практика,  физикалық  құбылыстар  мен  заңдар,  шығармашылық 
конструкторлық, демонстрация, теориялық білім.  
Сыныптан  тыс  жұмыс  қазіргі  жеке  тұлғаны  қалыптастыру  және  тәрбиелеуде,  білім 
берудің  приоритетін  түбегейлі  ӛзгертуде,  яғни  бұрынғыша  оқушыны  пәндік  білім, 
біліктердің  белгілі  бір  жиынтығымен  қаруландыруды  түбегейлі  ӛзгертуде.  Оқушының 
жалпы  және  психикалық  дамуының  жеткілікті  деңгейіне  қол  жеткізуде  сыныптан  тыс 
жұмыстардың  орны  ерекше.  Сондықтан  сыныптан  тыс  жұмыс  ұйымдастыру  мәселесін 
кӛптеген педагогтар кең кӛлемде зерттеген.  
Оқушының  ӛз  бетінше  ізденіп  оқуын  жетілдіріп  отыру  бағытында  Л.С.Выготский, 
А.Н.Леонтьев, 
В.В.Давыдов, 
Л.В.Занков, 
А.Байтұрсынов, 
Н.А.Менчинская, 
А.А.Люблинская, т.б. ғалымдардың еңбектері бар. Осы еңбектерге талдау жасай отырып, 
қысқаша түсінік берсек:  
Л.В.Занков  ӛз  зерттеулерінде  оқытудағы  сыныптан  тыс  жұмыстың  жетекші  ролін 
кӛрсетеді. Ақыл – ой қызметінің кӛрсеткіші сыныптан тыс жұмысты істеуді іске асырады: 
байқампаздық,  ӛз  ойын  еркін  жеткізе  білуі,  практикалық  іс  -  әрекеттер  атқара  білу 
қабілетінің  артатынын  кӛрсетеді.  Ал  А.Байтұрсынов  бала  білімді  тәжірибе  арқылы 
ӛздігінен  алуы  керек  деген  пікірге  сүйенеді.  Г.Лемберг  сыныптан  тыс  жұмысты 
ұйымдастыру шарттарына тоқталған. Олар: 
- нақты тапсырма беру;  
- тапсырманы орындау, аяқтау уақытын белгілеу;  
- мұғалім басқаруы мен оқушының дербестігінің байланысы;  
- жұмысты ӛз еркімен, қалауымен істеуі – деп атап кӛрсетті.  
Жалпы  білім  беретін  мектеп  оқушылары  физика  пәнінен  меңгерген  білім-білік 
дағдыларын  танымдық  іс-әрекеттері  арқылы  есеп  шығара  отырып,  ӛздігінен  білім  алуға 
және кәсіби бейімделуін қалыптастыра отырып, олардың ақыл-ойының физикалық стилін 
дамытуда сыныптан тыс жұмыстарының берері мол 

1, 2

. Ұсынылып отырған сыныптан 
тыс  жұмыстары  физика  пәнінен  білімнің  мемлекеттік  стандартының  талаптарына  сай 
болуын міндеттейді:  
-оқушылардың жас ерекшеліктері, қабылдау және мүмкіндік ӛрісіне сай; 
-физика  пәнін  қайталамайды,  бірақ  тақырыптары  бойынша  сабақтаса  дамуды 
қамтамасыз етеді, сол арқылы білімді толықтыру және кеңейтуді кӛздейді; 
-басқа оқу пәндерімен пәнаралық байланыстарды ескереді; 
- қазіргі таңдағы жаңа технологиямен жаңа дерек кӛздерін қолдану 
Сыныптан  тыс  жұмыстарды  ұйымдастырудағы  мақсатымыз  -  білім-білік  дағдысын 
қалыптастыра  отырып,  оқытушылардың  техникаға  қызығушылығын  арттыру,  танымдық 
кӛзқарасын  жан-жақты  дамыта  отырып,  қолдан  құрал-жабдықтар  жасап  үйрену, 
болашақта ғылыми жобаларды қорғауға дайындау. 
Бұдан туындайтын міндеттер: 
-  физика  пәнінің  барлық  кезеңде  қажет  және  қоршаған  ортаны  танып  білуге 
кӛмектесетін ғылым екендігі туралы түсініктерінің қалыптасуына әсер ету; 


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
 
 33
 
-  баланың  ӛмір  тіршілігіне  және  ары  қарай  оқуын  жалғастыру  үшін  қажетті  білім-
білік дағдыларын қалыптастыру; 
- баланың ақыл-ойының дамуына, белсенділігінің қалыптасуына септігін тигізу. 
Оқушының білім-білік дағдыларына қойылатын негізгі талаптар: 
- берілген тапсырмаларды тиянақты әрі уақтылы орындау: 
- топпен жұмыс істеу арқылы пікірлесіп жауап табу; 
- тынымсыз іздене отырып, ӛз ойын еркін айту, оны дәлелдеп қорғай білу;  
- ауызша тез есептеу дағдыларын қалыптастыру;  
- салыстыру қорытынды жасау дағдыларын қалыптастыру. 
Сабақтан  тыс  жұмыстарда  техникалық  шығармашылық  үлкен  орын  алады. 
Оқушылардың техникалық үйірмелердің барлық түрлерін шартты түрде қарастыралық: 
1.  Жалпы техникалық дайындық «Шебер қолдар» техникалық модельдеу. 
2.  Шығармашылық конструкторлық. 
3.  Жалпы техникалық немесе ауыл шаруашылық техникасы. 
4.  Пәндік  (ғылыми-техникалық):  физикалық,  физика-техникалық,  химиялық, 
агрохимиялық,астрономиялық. 
5.  Ӛндірістік (пәндік): ағаш ұстасы, слесарлық, токарьлық.  
Сыныптан  тыс  жұмыстардың  бағдарлама  тақырыптары  физика  оқулығындағы 
тақырыптарға  сәйкес  құрастырылғанымен  жүргізілген  жұмыс  формасы  басқаша 
ұйымдастырылған.  Бағдарлама  материалдарының  мазмұны  сабақ  ӛтілетін  сыныптың 
жағдайына қарай топтастырылады. Оқушылардың физикалық білім - білік дағдыларының 
жетілуін,  дамуын  тексеру  мақсатында  әр  тоқсан  соңына  қарай  тест  тапсырмалары  мен 
практикалық  мазмұнды  есептер  беріледі.  Ол  тапсырмалар  алынған  соң  тексеріліп, 
оқушылардың  даму  деңгейі  әр  кезеңде  анықталынады.  Әр  сабақтың  сапасы,  тиімділігі 
оның  мақсаты  мен  мазмұнының  сәйкестігі  бойынша  анықталады.  Сабақ  барысында 
мұғалім  мен  оқушының  іс-әрекеттері  белгілі  бір  нәтижеге  жетуге  бағытталуы  тиіс.  Оған 
әрбір  ұстаздың  теориялық  және  практикалық  білім  деңгейі,  шеберлігі  шығармашылық 
ізденісі,  әдіс-тәсілдерді  іріктеуі  және  қолдануы,  яғни  мұғалімнің  сабақты  дұрыс 
ұйымдастыруы арқылы қол жеткізуге болады. 
Сонымен  бірге  физикадан  ғылыми-кӛпшілік  кештер  сыныптан  тыс  жұмыстардың 
тартымды  да  пайдалы  түрі.  Бұл  кеш  оқушылардың  физика  мен  техникаға  еліктеуінің 
бастамасы болады.  
Кештердің  түрлері  бұл  мектеп  оқушылары  үшін  сыныптан  тыс  жұмыстардың 
тәжірибесінен үлкен қолдау тапқан кештер - қызықты физика, физика-техникалық кештер, 
тақырыптық және мерекелік күндерге арналған кештер болады. 
Қызықты  физика  кеші  ерекше  орын  алады.  Әсіресе  7-8  сынып  оқушыларының 
қиялын  баурап  әкететін  ғажайып  құбылыстар  әуестендіреді.  Оқушылармен  жүргізілген 
жұмыс  түрінің  әртүрлілігі  физика  кешінің  табысты  болуының  қажетті  шарты.  Дәстүрлі 
қызықты  тәжірибелер,  аттракциондар,  викториналар,  сӛзжұмбақтар,  ойындардан  ӛзге  де 
жұмыс  түрлері  оқушылардың  қызығушылығын  тудырады,  мысалы  қысқа  ғана  қызықты  
физикалық    әңгіме  -  жұмбақтар:  физикалық  қатесі  бар  әңгімелер;  кішігірім  қызықты 
пьесалар, сұрақтармен берілген жұмбақ суреттер және т.б.  
Кештің  мақсаты  -  физикалық  құбылыстар  мен  заңдар  кейде  күтпеген  жағдайдың 
ӛзінде-ақ анықталып, демонстрацияланатынын айтып, физикалық құбылыстарды бақылау 
және әсерлі деген тәжірибелерді  ӛз бетінше істеуге мүмкіндік беріп отыру, олардың ынта-
ықыласын арттыру.  
 Белгілі бір тақырыпқа негізделген кештің жоспарын жасап алу керек:  

 
Жүргізушінің кіріспе сӛзі. 

 
Қарастырылатын тақырыпқа қатысты қысқа әңгіме. 

 
Кеш тақырыбына байланысты тәжірибелер. 

 
Ұлы физиктер ӛмірінен әңгіме (кешке сәйкес). 

 
Сурет-жұмбақ, сӛзжұмбақ, ребус, викторина, т.б. 


жүктеу 5,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау