Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
25
- Физика мұғалімінің кәсіптік деңгейін кӛтеруге ынталандырылуы (аттестация
арқылы);
- Физика пәнін оқытуда психологиялық қызметтің рӛлін кеңейту, күшейту;
- Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын
жүзеге асыру үшін мектеп білім жүйесінде материалдық-техникалық базаны нығайту.
Бүгінгі таңдағы оқушылардың физика пәні бойынша білімін кӛтерудің ең бастысы
оның пәнге деген қызығушылығын арттыру мәселесі ӛзектілігін жойған жоқ. Физикалық
заңдарды терең меңгерту, ұғымдарды білу, физикалық шамаларды ажыратуды
оқушыларға меңгертіп, жалпы физикалық практикум арқылы оқушылардың физикалық
білім, білік, дағдысының қалыптастырып, логикалық ойлауды дамытуға ықпал ететіні
мәлім. Ал қызығушылықты тудырудың тәсілдері кӛп, олар: түрлі дидактикалық ойындар,
оқушылар арасында ӛзара тартысты жарыс, дәстүрлі емес сабақтар, білім бәйгесін,
кештер, үйірмелер, олимпиадалар ӛткізіп отыру керек
4
.
Оқушылардың физика пәні бойынша толыққанды білім алуын жолға қою
мақсатында, оның пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін және физикалық заңдарды
терең меңгеріп, физикалық ұғымдар мен шамаларды нақты меңгеру қажеттігі – физикалық
практикумды бағдарламаға енгізе отырып, физика пәнін оқытуда физикалық практикум
негізінде оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін арттыруды ұсынып отырмыз.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына
Жолдауы;
2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы (2007ж.);
3. Н.А.Сәндібаева «Мектепте оқу экспериментін жүргізу әдістемесі» Алматы,
2010ж.;
РЕЗЮМЕ
В
данной
статье
рассматриваются
теоретически-методические
основы
усовершенствования физики в общеобразовательных школах. А также рассмотрены
методы формирования активности и интереса учащихся к данному предмету.
SUMMARY
This article addresses the issue of making physics laboratory in the educational process in
physics. As well as the methods of forming activity and student interest in the subject.
ӘОЖ 536.24.08.
ГАЗ ҚОСПАЛАРЫНДАҒЫ ДИФФУЗИЯ ҚҦБЫЛЫСЫНЫҢ ҚЫСЫМҒА
ТӘУЕЛДІ ӚЗГЕРІСІН BORLAND DELPHІ ТІЛІНДЕ ҚҦРЫЛҒАН STEFAN
ПРОГРАММАСЫМЕН АЛЫНҒАН ГРАФИК АРҚЫЛЫ КӚРСЕТУ
Ӛ.Парманбеков – ф.- м.ғ.к., доцент, А.Шақарбекқызы – физика магистрі,
Н.С.Бекарыстанова (Алматы қ., Қазмемқызпу)
Аннотация: мақалада Borland Delphi тілінде құрастырылған Stefan программасының
кӛмегімен диффузия процесінің қысымға тәуелді ӛзгерісін график түрінде түсіндіру және
нақты әрі жылдам есептеуге қол жеткізуімізге мүмкіндік беретін жолдар қарастырылған.
Түйін сӛздер: диффузия, процесс, график, программа, Borland Delphi, Stefan, зат
алмасу, кӛпкомпонентті, бар эффект, кері диффузия, диффузиялық, ДЭК (диффузияның
эффективті коэффициенті), ӚӘК (ӛзара әсер коэффициенті), екі колбалық аппарат.
26 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013
Мақалада кӛп компонентті газ қоспаларындағы зат алмасу процесіндегі диффузия
құбылысының қысымға тәуелділігі программа арқылы алынған нақты графиктермен
келтірілген. Сондай-ақ, диффузияның эффективті коэффицентін программа арқылы
есептеу қарастырылған. Осы уақытқа дейін Стефан-Максвелл формуласын пайдаланып
зат алмасу процесінде диффузияны есептеп келді. Бұл есептеу процесі ұзақ уақытты,
қайталап есептеуді талап етеді. Осындай қиындықтарды жеңілдету мақсатында нақты әрі
жылдам есептеуге қол жеткізуімізге мүмкіндік беретін Borland Delphi тілінде
құрастырылған Stefan программасының кӛмегімен аталған мәселені жеңілдету жолдары
қарастырылады [1].
Жұмыста екі колбалық диффузиялық қондырғы әдісі қолданылды, негізгі газдар
сутегі, азот, аммиак, метан, неон, екі колбада да бірдей мӛлшердегі осы газ қоспаларының
зат алмасу процесінің эксперименттік зерттелуі кӛрсетіліп, графиктері келтірілген [3,6].
Қондырғымен жұмыс істеу әдісі мынадай: аппараттың колбалары ӛзара бӛлінеді
және форвакуумдық насоспен сорып алып дайындалады, мысалы бірнеше рет зерттелетін
газ қоспасымен «шайылған» және онымен тәжірибелік қысымға дейін жоғарғы колба
толтырылады. Осыған ұқсас процедура тӛменгі колбада да жүргізіледі. Берілген
температуралық режимде колбалардағы қысымдар теңестіріледі және газдың артық
мӛлшері
атмосфераға
жіберіледі.
Манометрлердің
кӛрсетулерінде
аппарат
колбаларындағы газ қысымы белгіленеді. Тәжірибенің абсолюттік қысымы атмосфералық
қысымдардың қосындысымен, яғни манометр-барометрдегі (МБП) қысым және манометр
кӛрсетуіндегі қысыммен анықталды. Қысымдарды теңестіргеннен кейін бастапқы араласу
процесіне сәйкес келетін уақыт белгіленеді және диффузиялық канал ашылады.
Тасымалдау жүргізілген уақыты аяқталғаннан кейін эксперимент соңында аппарат
колбалары ажыратылады. Араласудан кейін газдарды талдау хроматографта жүргізілді.
Аталған программаны пайдаланып 0.6332H2+ 0.1929N2 + 0.0339NH3 + 0.1174CH4 +
0.0226Ne – 0.5445H2 + 0.1486N2 + 0.1587NH3 + 0.1233CH4 + 0.0249Ne газ жүйесіндегі
диффузия процесінің қысымға байланысты ӛзгерісін зерттей отырып, алынған
нәтижелерді тӛмендегі графиктер арқылы кӛрсетеміз [5,7].
(а) –сурет. (ә)-сурет.
1-сурет. Жоғарғы колбадағы газ қоспаларының қысымы Р=0,101 МПа (а)-сурет және
P = 30 кгс/см
2
(29,43 МПа) (ә)-сурет болғандағы газ концентрацияларының уақытқа
тәуелділігі.
Достарыңызбен бөлісу: |