Дипломалды тәжірибеден өту бойынша әдістемелік нұсқаулар 5В050800-Есеп және аудит мамандығы үшін


беттің төменгі жағында ортасында нүктесіз



жүктеу 265,65 Kb.
Pdf просмотр
бет8/8
Дата24.12.2017
өлшемі265,65 Kb.
#5626
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8

беттің төменгі жағында ортасында нүктесіз,  Times New 

Roman 

қарпімен, қаріп мөлшері – 14, қойылады.  

4.8. 


Мұқабасы,  сыртқы  беті  және  дипломалды 

тәжірибеге тапсырма нөмірленбейді, бірақ беттердің жалпы 

нөмірленуіне енеді.  

4.9. 


Мазмұны 

мен 


кіріспенің 

бірінші 


беті 

нөмірленбейді,  бірақ  беттердің  жалпы  нөмірленуіне  енеді. 

Беттерді  нөмірлеу  кіріспенің  екінші  парағынан  5 

нөмірінен басталып, әрі қарай мәтін бойынша жалғасады.  

4.10. 


Жеке  парақтарда  орналасқан  суреттер  мен 

кестелер дипломалды тәжірибе бойынша есептің беттерінің 

жалпы нөмірленуіне енеді. 

4.11. Дипломалды тәжірибе бойынша есептің тараулары 

(бөлімдері)  бар  жұмыс  шегінде  нүктесіз  араб  сандарымен 

белгіленген және азат жолдан жазылған реттік нөмірлермен 

белгіленуі  қажет.  Параграфтардың  (бөлімшелердің)  әрбір 

тарау (бөлім) шегінде нүктемен ажыратылған нөмірі болуы 

қажет.  Параграф  (бөлімше)  нөмірінің  соңында  нүкте 

қойылмайды.  

Дипломалды  тәжірибе  бойынша  есептің  әрбір  тарауы 

(бөлімі)  жаңа  парақтан,  беттен  басталады.  Тарау  және 

параграф  атауынан  мәтін  2  жол  аралығымен  (екі  Enter) 

бөлінеді.  Бір  тарау  ішіндегі  параграфтар  (бөлімшелер)  бір-

бірінен  екі  аралықпен  ажыратылады.  Тараулардың 

(бөлімдердің)  және  параграфтардың  (бөлімшелердің) 

атаулары  бас  әріппен  басылады,  тырнақшаға  алынбайды, 

соңынан нүкте қойылмайды. 

4.12. 

Иллюстрациялар (сызбалар, карталар, графиктер, 

кескіндер,  диаграммалар,  фотосуреттер)  міндетті  түрде 

мәтіннен кейін (егер де сол мәтінде бірінші рет қолданылып 

тұрса) немесе келесі бетте қойылады. Иллюстрациялар түрлі 

түсті  бола  алады  және  барлық  жұмыс  шегінде  араб 

сандарымен,  рет  бойынша  нөмірлеу  керек.  Тарау  (бөлім) 

шегінде  нөмірлеуге  болады.  Барлық  иллюстацияларға 



сілтемелер  берілуі  керек.  Иллюстрациялардың,  суреттердің 

қажет  болғанда  атауы  және  түсіндірме  мәліметтері  (сурет 

асты мәтіні) бола алады. 

4.13. 


Кестелер  міндетті  түрде  мәтіннен кейін (егер  сол 

мәтінде бірінші рет қолданылып отырса) немесе келесі бетте 

орналастырылады.  Барлық  кестелерге  сілтемелер  жасалуы 

керек.  Кестенің  атауын  «Кесте»  сөзі  мен  нөмірінен  кейін 

азат жолдан келесі жолда орналастыру керек. 

Жолдар  саны  көп  кестені  келесі  бетке  (параққа) 

көшіруге болады. Кестенің бір бөлігін келесі бетке (параққа) 

ауыстыру кезінде «Кесте» сөзі және оның нөмірі мен атауы 

кестенің  бірінші  бөлігінің  сол  жоғарғы  бөлігінде  бір  рет 

көрсетіледі,  басқа  бөліктерінің  жоғарғы  жағында  нөмірді 

көрсетіп  «Кестенің  жалғасы»  деп  жазылады.  Кестенің 

бөлігін  көшіру  кезінде  кестені  шектейтін  төменгі  көлденең 

сызығы  жүргізілмейді.  Көп  бағаналы  кестені  қосымшаға 

орналастырған орынды.  

Кестелерде  келтірілетін  өлшемдердің  өлшем  бірліктері 

келтірілуі,  оларды  қысқарту  ережелері  сақталуы  қажет. 

Бағаналар  мен  басқа  мәтіндерде  еркін  қысқартуға  рұқсат 

етілмейді.  Кестенің  мәтіндік  материалдарында  сөйлемнің 

соңында нүкте қойылмайды.  

Егер кестенің бағанында қайталанатын мәтін бір сөзден 

тұрса,  онда  оны  бір  рет  жазғаннан  кейін  тырнақшалармен 

алмастыруға  болады;  егер  екі  немесе  одан  да  көп  сөзден 

тұрса,  онда  бірінші  рет  қайталау  кезінде  оны  «тағы  да» 

сөзімен,  ал  одан  әрі  тырнақшалармен  алмастыруға  болады. 

Қайталанатын  сандардың,  маркалардың,  белгілердің, 

математикалық  және  химиялық  таңбалардың  орнына 

тынақшаларды  қоюға  рұқсат  етілмейді.  Егер  кестенің 

қандай да бір жолында сандық немесе басқа да мәліметтер 

келтірілмесе,  онда  оған  сызықша  қойылады.  Кестелер 

алмаспайтын  нөмірлеу  арқылы  араб  цифрларымен 




нөмірленеді.  Кестеде  мәтінге  қарағанда  қаріптің  кішірек 

өлшемін қолдануға болады.  

4.14. 

Ескертуді  осы  ескертулер  жататын  тікелей 

мәтіндік,  графикалық  материалдан  кейін  немесе  кестеде 

орналастыру  керек.  Кестеге  ескертулерді  кесте  соңында 

кесте аяқталғандығын білдіретін көлденең сызықтың үстіне 

орналастырады.  

«Ескерту» сөзін бас әріптен, азат жолдан, бөлек, астын 

сызбай басу керек. Егер ескерту біреу болса, онда «Ескерту» 

сөзінен  кейін  тире  қойылады  және  ескерту  бас  әріппен 

басылады.  Бір  ескерту  нөмірленбейді,  бірнеше  ескертулер 

рет ретімен араб сандарымен нүкте қойылмай жазылады. 

4.15. 

Формулалар мен теңдеулер мәтінде жеке жолда 

жазылады.  Әрбір  формула  мен  теңдеудің  жоғары  және 

төмен  жағынан  бір  еркін  жолдан  кем  емес  орын 

қалдырылады.  Егер  теңдеу  бір  жолға  сыймаса,  онда  ол 

теңдік  (=)  немесе  плюс  (+),  минус  (-),  көбейту  (х),  бөлу  (:) 

немесе  басқа  да  математикалық  таңбалардан  кейін 

ауырыстырылу  керек,  келесі  жолда  осы  таңбалар 

қайталанып қойылады. 

Белгілер  мен  сандық  коэффициенттердің  мәндерін 

түсіндіруді  формуладан  кейін,  формуладағы  кезектілікпен 

келтіру керек. Әрбір белгі мен коэффициенттің мәнін жаңа 

жолдан беру керек. Түсіндірудің бірінші жолын «мұндағы» 

сөзінен қос нүктесіз бастайды. 

Дипломалды тәжірибе бойынша есептегі формулаларды 

реттік  нөмірлеумен,  барлық  жұмыс  шегінде  араб 

сандарымен  дөңгелек  жақшаларда  жолдың  оң  жақ  шетінде 

нөмірлеу керек. 

4.16.  Пайдаланылған  дерек  көздеріне  сілтемелер  тік 

жақшаларда  келтіріледі.  Бір  дерек  көзіне  бірнеше  рет 

сілтеме жасалған  уақытта тік жақшада дерек көзінің реттік 

нөмірінен  басқа  тиісті  беттерінің  нөмірі  де  қойылады. 



Мәтіндегі  сілтемелердің  саны  пайдаланылған  әдебиеттер 

тізіміндегі дерек көздерінің санына сәйкес болуы қажет. 

4.17. 

Дерек  көздерін  дипломалды  тәжірибе  бойынша 



есеп  мәтініне  сілтемелердің  пайда  болуына  қарай 

орналастыру керек, араб сандарымен нүктесіз нөмірлеп, азат 

жолдан бастап жазу керек. 

4.18. 


Қосымшаны  есептің  жалғасы  ретінде  ресімдейді 

және 


пайдаланылған 

әдебиеттер 

тізімінен 

кейін 


орналастырады.  Барлық  қосымшаларға  мәтінде  сілтемелер 

болуы 


керек. 

Қосымшаларды 

олардың 

мәтіндегі 

сілтемелеріне сәйкес орналастырады. Әрбір қосымша беттің 

жоғарғы  жағында  ортасында  «Қосымша»  сөзін  және  бас 

әріптен  бастап,  оның  атауы  мен  нөмірін  көрсету  арқылы 

жаңа  беттен  басталады.  Қосымшалардың  атаулары  мәтінге 

симметриялы бас әріптен басталып келесі жолдан басталып 

жазылады. Қосымшалар араб сандарымен нөмірленеді және 

дипломалды  тәжірибе  бойынша  есебінің  қалған  бөлігімен 

ортақ алмаспайтын нөмірлену арқылы нөмірленуі тиіс. 

Дипломалды  тәжірибе  бойынша  барлық  есепте  ештене 

қаралаукурсив немесе асты сызылған болмауы керек. 

 

Есеп құрылымы келесі бөлімдерден тұруы керек: 



1. 

Есептің сыртқы беті (Қосымша 2). 

2. 

Дипломалды тәжірибеге тапсырма (Қосымша 3). 



3. 

Мазмұны (Қосымшалардың толық тізімімен). 

4. 

Негізгі  бөлігі  (құрылымы  жеке  тапсырманың 



тақырыбына байланысты) 

5. 


Қорытынды  (студенттің  тәжірибе  туралы  қысқаша 

есебі). 


6. 

Пайдаланылған  әдебиеттер  және  жинақталған 

материалдар тізімі. 

7. 


Қосымшалар. 

Ұсынылған есеп құрылымынан ауытқулар бухгалтерлік 

есеп  және  аудит  кафедрасынан  тәжірибе  жетекшісімен 

келісілу керек. 




Есеп  кафедраға  толық  рәсімделгеннен  кейін,  сыртқы 

бетінде  жетекшінің  қолы,  ұйымның  мөрі  қойылып 

тапсырылады. 

Тәжірибелер  бойынша  есеп  пен  күнделік  дипломдық 

жұмыс  жетекшісіне  тапсырылу  керек,  ол  тапсырманың 

орындалуын  тексереді  және  есептің  сыртқы  бетіне  баға 

қойылады.  Осыдан  кейін  кафедрада  бекітілген  мерзімде 

кафедрадан  тәжірибе  жетекшісімен  есептерді  тексеру 

күндері  тағайындалады,  ол  құжаттардың  құрамының 

болуын  және  есептердің  рәсімделуін  тексереді  де,  бағаны 

сынақ кітапшасы мен ведомостке қояды. 

Есеп  кафедраға  файлдық  папкада  тапсырылады  және 

міндетті  түрде келесілерден  тұрады:  сыртқы  беті,  тәжірибе 

жетекшілерімен қол қойылған студенттің жеке тапсырмасы, 

беттері  көрсетілген  мазмұны,  барлық  қажетті  бөлімдер, 

әдебиеттер  тізімі  мен  қосымшалар.  Соңғы  мәтіндік  бетте 

(қорытындыдан кейін) автордың қолы мен жұмыс аяқталған 

күн. 


Бірнеше  студенттер  тәжірибені  бір  кәсіпорында  өтсе, 

ұжымдық есеп (бірдей есеп) жазуға болмайды. Кәсіпорынды 

бірдей  сипаттауға  болады,  алайда  жалпы  және  жеке 

тапсырманың  қалған  бөліктері,  мысалы,  студенттер 

арасында  талдауды,  әртүрлі  жеке  тапсырмаларды 

орындауды бөліп алу арқылы ерекшеленуі керек. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



5. 

ДИПЛОМАЛДЫ  ТӘЖІРИБЕ  БОЙЫНША 

ЕСЕПТІ ҚОРҒАУ 

Дипломалды  тәжірибе  нәтижелері  бойынша  студент 

бухгалтерлік  есеп  және  аудит  кафедрасында  бағаланады. 

Кафедрадан 

дипломалды 

тәжірибесі 

жетекшісінің 

бағалауының  нәтижелері  және  жазбаша  есебі  бойынша 

сынақ кітапшасына баға қойылады. 

 

Тәжірибе бойынша есеп бермеген студент 



МЕМЛЕКЕТТІК ЕМТИХАНҒА жіберілмейді! 

 

 



 

 

 



 


Қосымша 1 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 

     2 

бос жол 

1  

Қазақстан  Республикасының  28.02.2007  ж.  №  234 

«Бухгалтерлік  есеп  пен  қаржылық  есептілік  туралы» 

Заңы. 

2  


Қазақстан  Республикасының  Еңбек  кодексі.    23  қараша 

2015 


жылғы № 414-V ҚР кодексі. 

3  


Бастапқы  есептік  құжаттар  нысанын  бекіту  туралы. 

20.12.2012 ж. №562 ҚР Қаржы министрі бұйрығы.  

4  

Нұрсеитов Е.О. Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп: оқулық 



құралы. – Алматы, 2009. – 428 б. 

5  


Оразбекұлы Б. Бухгалтерлік есеп және аудит негіздері. – 

Алматы: Экономика, 2011. – 409 б. 

6  

Ахметова  С.Б.  Дебиторлық  қарыз  есебі,  ерекшеліктері  // 



Бухгалтер бюллетені. – 2015. - №10. –Б. 16-18.  

7  


Шарипов  А.Қ.,  Адамов  А.А.  Қаржылық  есептілік: 

құрастырылуы,  бағалануы  және  аудиті:  оқу  құралы  - 

Алматы : Экономика баспасы, 2012. - 506 б. 

8  


Айрих  Н.  ХҚЕС  бойынша  негізгі  құралдардың  есебі  // 

Бухгалтер бюллетені. – 2014. - № 24. 

9  

Мырзалиев  Б.С.,  Әбдішүкіров  Р.С.  Бухгалтерлік  есепті 



үйренудің әдістемелері: практикум/.- Өңделіп, толықт. 2-ші 

басылым. - Алматы: NURPRESS, 2014. - 87 б. 

10  

Асанова А. Бухгалтерлік есеп негіздері: оқу-зертханалық 



практикум - Алматы : Фолиант, 2014. - 157 б.  

11  


Демесінов  Т.Ж.  Қаржылық  талдау:  оқулық  -  Алматы: 

Дәуір, 2011. - 319 б. 

12  

Джаншанло  Р.Е.,  Андыбаева  Г.Т.  Ұйымның  қаржылық 



жағдайын талдау: оқу құралы - Алматы : LEM, 2014. - 71 б. 

13  


Қасымова А.Ғ., Темірбекова Л.А. Экономикалық талдау : 

оқу-әдістемелік  құрал;  Акад.  Е.А.Бөкетов  атындағы 

Қарағанды  мемлекеттік  ун-ті.  -  Қарағанды  :  ҚарМУ 

баспасы, 2015. - 365 б. 




Қосымша 2 

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 



Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 

  

 



Экономика факультеті 

 

«Бухгалтерлік есеп және аудит»  кафедрасы 



 

5В050800 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша 

оқитын студенттің дипломалды тәжірибе бойынша  

 

Есебі 

 

Сайранов А.А. 

 

ДИПЛОМАЛДЫ ТӘЖІРИБЕ ОРНЫ -    

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды  

мемлекеттік университеті 



 

Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дан тәжірибе 

жетекшісі  

Э.Ғ.М., АҒА ОҚЫТУШЫ САДУАКАСОВА М.Б. 



 

Тәжірибе өту кезеңі: 2016 жылдың «___» наурызынан 

                                    

2016 жылдың «___» сәуіріне дейін 

Қарағанды- 2016 


Қосымша 3 

5В050800 - «Есеп және аудит» 

бағытындағы студенттер үшін 

дипломалды тәжірибеге  

тапсырмасы 

(8,6,4 


семестр) 

I. 


Жалпы тапсырма 

1. 


Кәсіпорын (ұйым) жұмысының негізгі бағыттарымен 

танысу,  сала  (аймақ)  ерекшелігін,  олардың  кәсіпорын 

қызмет етуі үшін мәнін зерттеу. 

2. 


Дипломдық  жұмыс  тақырыбына  сәйкес  қызметтің 

үдерістері  немесе  салаларын  реттейтін  негізгі  нормативтік 

материалдарды  (Қазақстан  республикасының  Заңдық 

актілері,  Жарлықтар,  Бұйрықтар,  Қаулылар,  Халықаралық 

қаржылық  есептілік  стандарттары,  Халықаралық  аудит 

стандарттары және т.б.) зерттеу. 

3. 

Дипломдық  жұмыс  тақырыбы  бойынша  нақты  және 



статистикалық материалды жинау мен рәсімдеу. 

4. 


Берілген  кәсіпорын  (ұйым)  бойынша  бір  жылға 

есептік 


қаржылық 

құжаттарды 

талдау, 

оларды 


салыстырмалы талдау. 

5. 


Шаруашылық  қызметті  жақсарту,  анықталған 

мәселелерді шешу бойынша ұсыныстарды жасау. 

8. 

Дипломдық  жұмыстың  жасалған  жоспарын  түзету 



(қажет болғанда). 

9. 


Тақырып бойынша пайдаланылған әдебиеттер тізімін 

теру және жасау. 

 

 

 



 

 

 




Дипломдық 

жұмыс 


тақырыбы: 

____________________________________________________

____________________________________________________ 

 

Мақсаты:  ұйымдағы  талдамалық  жұмысты  орындау, 

оның  қызметін  бағалау,  нақты  өндірістік  үдеріске  немесе 

зерттеуге  қатысу,  дипломдық  жұмыс  тақырыбы  бойынша 

материалды жинау, болашақ жұмыс орнын іздеу. 



Мазмұны: тәжірибе өту мерзімдері, тәжірибе өту орны, 

тәжірибені  құжаттық  қамтамасыз  ету,  есепті  жазу  және 

тапсыру  ережелері,  тәжірибе  өтуді  қамтамасыз  ететін 

құжаттар. 

Курс 2,3,4 (8,6,4 - есеп). 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 




Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ 

Экономика факультетінің ғылыми- 

әдістемелік Кеңесімен мақұлданған 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

5В050800 «Есеп және аудит» мамандығының  

студенттері үшін дипломалды тәжірибесін өту бойынша 

әдістемелік нұсқаулар

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Э.ғ.м.,  «Бухгалтерлік  есеп  және  аудит»  кафедрасының  аға 



оқытушысы Шакирова Гульнара Аймаганбетовна 

Э.ғ.м.,  «Бухгалтерлік  есеп  және  аудит»  кафедрасының  аға 

оқытушысы Бердіходжаева Мейрамгүл Сайлауқызы 

 

 



Document Outline

  • 1. ДИПЛОМАЛДЫ ТӘЖІРИБЕНІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

жүктеу 265,65 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау