46
таратылады. Мысалы: тар өрісті мамандандырылған шаруашылықтарда пайдаланылатын
негізгі құралдарды күтіп ұстау және жөндеу шығындары – тиісті дақылдардың өзіндік
құндарына тікелей; тракторларды күтіп ұстау және жөндеу шығындары – әрбір дақыл
түрлері бойынша орындаған жұмыс көлеміне пропоционалды; топырақ өңдейтін
машиналарды күтіп ұстау және жөндеу шығындары – әрбір дақыл түрлері
бойынша өңделген
жер көлеміне пропорционалды; тұқым отырғызатын машиналарды (сеялкаларды) күтіп ұстау
және жөндеу шығындары – егіс көлеміне пропорционалды; дақылдарды жинауға
пайдаланылатын комбайндар мен машиналарды күтіп ұстау және жөндеу шығындары –
жинаған жер көлеміне пропоционалды; топыраққа тыңайтқыш себетін техникаларды күтіп
ұстау және жөндеу шығындары – дақылдар бойынша себілген тыңайтқыштардың нақты
салмағына пропоционалды; астық, көкөніс қоймаларын күтіп
ұстау және жөндеу шығындары
– тиісті дақылдар алып жатырған сақтау орындарының көлеміне пропорционалды түрде
бөлуге болады.
Жерді суландыруға байланысты бөлінуге тиісті шығындар бұл – суармалы жерде
өсірілетін дақылдарға тікелей жатқызуға болмайтын суландыру бойынша шығындар болып
саналады. Бұл шығын құрамында жерді суарумен (қолмен немесе механикаландырылған
жолмен суару) айналысатын жұмысшылардың еңбек ақылары
мен еңбек ақыдан аударымдар,
суаратын құрылғылардың жұмыстары үшін жанар-жағар май, суаратын құрылғылардың
амортизациясы, оларды күтіп-ұстау, жөндеуге қажетті қосалқы бөлшектер мен басқа да
материалдардың құндары көрсетіледі. Бұл шығындар есепті жыл бойы алдын ала 8410
«Үстеме шығындар» шотына ашылған арнайы талдамалық шотта жинақталып, жылдың
соңында өсірілген дақыл немесе орындалған жұмыс түрлері арасында суарылған жер
көлеміне пропорционалды түрде бөлінеді. Алдыменен бір гектар суарылатын жерге тиісті
шығындар сомасы анықталады да (шығындарды жалпы суарылған жер көлеміне бөлу
арқылы), содан соң бір гектар суарылатын жерге тиісті шығындар сомасын әрбір шығын
объектісі бойынша суарылған жер көлеміне көбейтіледі. Осындай тәртіппен әрбір дақыл
түріне тиісті суаруға байланысты бөлінетін шығындар анықталады. Шығындарды бөлу
олардың баптар жіктемесі бойынша жүргізіледі.
Жерді суландыруға байланысты дақыл түріне немесе орындалған жұмыс түріне
тікелей апарылатын шығындар дақылдың өзіндік құнына не болмаса шығын объектісіне
тиісті талдамалық шоттар арқылы тікелей қосылады.
Жерді құрғатуға байланысты бөлінуге тиісті шығындар – құрғатылатын жерлерде
өсірілетін дақылдардың әрбір түріне тікелей жатқызуға болмайтын шығындар болып
саналады. Бұл шығын түрлеріне жерді құрғатуға байланысты құрылғыларды күтіп-ұстау,
жөндеу жұмыстарын жүргізетін жұмысшылардың еңбек ақылары мен еңбек ақыдан
аударымдары, жерді құрғатуға байланысты құрылғылардың амортизациясы мен оларды
жөндеуге, күтіп-ұстауға қажетті қосалқы бөлшектер мен басқа да материалдардың құндары,
көмекші өндірістің құндары және т.б. шығындар жатады. Бұл шығындар есепті жыл бойы
алдын ала 8410 «Үстеме шығындар» шотына ашылған арнайы талдамалық шотта
жинақталып, жылдың соңында өсірілген дақыл немесе орындалған жұмыс түрлері арасында
құрғатылған жер көлеміне пропорционалды түрде бөлінеді. Шығындарды бөлу олардың
баптар жіктемесі бойынша жүргізіледі.
Өсімдік шаруашылығында жерді (егіс алқаптарын) құрғатуға байланысты дақыл
түріне немесе шығын объектісіне тікелей апарылатын шығындар дақылдың өзіндік құнына
не болмаса шығын объектісіне тиісті талдамалық шоттар арқылы тікелей қосылады.
Егіс алқаптарын қорғау жұмыстары бойынша шығындар – дақыл түрлеріне тікелей
жатқызуға болмайтын егіс алдындағы жұмыстар, яғни қар тоқтату, көғ тасу,
тыңайтқыштарды жеткізу және басқа да бөлінуге жатқызылатын егісті қорғау шығындары
болып саналады. Бұл жұмыстар бойынша шығындардың есебі егін шаруашылығында
қолданылатын шығын баптарының жіктемесі бойынша жүргізіледі. Бұл шығындар есепті
жыл бойы алдын ала 8410 «Үстеме шығындар» шотына ашылған арнайы талдамалық шотта
жинақталып, жұмыстар аяқталғаннан кейін немесе жыл соңында шығындар тиісті дақыл