110
Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды
жоғары білім бергісі келетін ата-аналар жалпы білім беретін мектепті
таңдайды. Бұл жол оңай емес, бірақ егер күш-қуатты дұрыс есептесе,
мақсатқа жетуге болады.
16. Егер кәсіптік білім алынса да, қиындықтар осымен бітті дегенді
білдірмейді. Өкінішке орай, қиындықтар жұмысқа орналасу сатысында
туындайды.
17. Қоғамда ШДМ бар балалар мен олардың ата-аналарына әдет-
тегідей түрліше көзқарас танытады. Біздің кейіпкерлеріміздің барлығы
ала көздеумен де, сыртынан естілген күбір-сыбырмен де бетпе-бет келу-
ге мәжбүр болды, бірақ сонымен қатар, олардың әрқайсысына өздерін
түсінетін, көмек пен қолдау көрсетуге дайын адамдармен кездесудің де
сәті түсті.
18. Әлемнің кез келген түкпірінде қазір дәл осындай міндеттерді
шешіп жүрген ата-аналарды табуға, қолдаушы топқа қосылуға және скайп
немесе электрондық пошта арқылы хабарласуға болады, оның үстіне
мұны туған қалаңда іске асыруға мүмкіндік бар.
«ТАБЫС АЛГОРиТМІ»
1. Өзгерту – өзгеру дегенді білдіреді. Тағдырға нағылет айтуды, кінәлілерді
іздеуді тоқтату, орын алған жағдайды басыңа түскен сын ретінде қабыл-
дау.
2. Баланы сол қалпында қабылдау. Ол үшін намыстанбай, оны жақсы көру
және мақтан тұту.
3. Болашаққа үмітпен, өткенге алғыспен, жоғарыға сеніммен, айналаңа сүй-
іспеншілікпен қарау.
4. Проблеманың болмысын зерделеу.
5. Емдеудің жаңа тәсілдері мен әдістемелері туралы ақпарат іздеу. Егер
мәселе шешілмей жатса, бұл мүлде шешілмейді дегенді білдірмейтінін,
тек дәл қазіргі сәтте шешімнің әлі табыла қоймағанын есте ұстау.
6. Егер
проблема тұтастай шешілмесе, оны «бөлшектерге» бөлу керек.
7. Мамандардың ұсыныстамаларын өзіңнің ішкі түйсігіңнің таразысына
тарту.
8. Мамандардың арасынан пікірлестер табу.
9. Ата-аналардың арасынан қолдаушы топты табу (құру).
10. Балаға күтім жасау және онымен тіл табысу машықтарын меңгеру.
11. Арнайы педагогикалық көмек тәсілдерін үйрену.
12. Ата-ана балаларға ата-анасыз өмір сүруді үйрету үшін керек екенін есте
ұстау.
111
«Жетістік тарихы» кітабы
ҚОРЫТЫНДЫ
Милтон Селигман мен Розалин Бенджамин Дарлинг «Әдеттегі
жанұялар, айрықша балалар. Дамуында ақау бар балаларға көмекте-
судің жүйелі тәсілдемесі» атты кітабында былай деп жазады: «Денса-
улығында ақау бар баланың тууына әлемдегі түрлі қоғамдастықтарда
түрліше мән беріледі… Әрине, жеке басқа тән ерекшеліктер әрқашан
да болғанымен де, денсаулығында ақау бар балаларға деген көзқарас
мәдени құндылықтар мен ұғымдар арқылы қалыптасады».
Осыған байланысты біз қорытындыда осы мәселені қозғауды қи-
сынды деп санаймыз. Мәдени салт-дәстүрлер әдетте діни салт-дәстүр-
лерді негізге алатындықтан, біз мұсылмандық және православиалық
дін қызметшілеріне «Мұсылмандық және православиалық мәдени-
ет дәстүрлерінде даму мүмкіндіктері шектеулі балалар мен олардың
жанұяларына деген көзқарас қандай?»
деген сұрақты қойдық
Тілепберген Алламжарұлы,
Алматы қаласының
Медеу ауданының бас имамы
Мұхамед пайғамбар (с.ғ.с.) былай деген: «Ата-анасы балаларына
дұрыс тәрбиеден артық мұра қалдыра алмайды». Егер олар балаларын
дұрыс тәрбиелемесе, бұл оларға күнә болып жазылады да, Қиямет-қай-
ымда жауап береді. Мүгедекке ата-анасы өзінің басты борышын
атқарған сәбидің көзімен қарайық.
Яғни, Құдайға сенетін бала кемтар адамды көргенде былай деуге
тиіс: «Аллаһ тағала, егер мықты денсаулық осы адамның игілігіне
болса, Аллаһ оған мықты денсаулық берер еді. Денсаулығы жақсы
бола тұра, оны күнәға бату үшін қолданған қаншама адам қазір түр-
меде отыр, жасында мас күйінде немесе мәнсіз-мағынасыз төбеле-
сте қыршынынан қиылды, ал қазір оларды Ғарасат күні күтіп тұр.
Аллаһ оларға жақсы немесе жаман іс жасауға толық еркіндік, бірдей
мүмкіндік берді, Ол әділетті, сондықтан ол таңдау құқығын солар-
дың билігіне берді, бірақ олар жамандық жолын таңдады да, денсау-
лығын өздерінің басына түскен пәлеге айналдырды.
Кемтар адамдарға қарап қазір біздің жанымыз ашиды, бірақ Ал-
лаһтың ісіне шара жоқ. Бәлкім, Ғарасат күні біз оларға қызыға қарай-
тын болармыз. Аллаһ Құранда былай дейді емес пе: «Олар тамұққа
жеткенде, олардың құлағы, көзі мен терісі, істеген ісі туралы оларға
қарсы куәлік ететін болады. (Фуссилат:20)». Сондықтан нағыз мүге-
дек – дене мүшесінен айырылған жан емес, дене мүшелерін күна жа-
сауға қолданған адам. Қимыл-қозғалысы шектеулі адамдар күнәдан