43
Көрнекілік: эмоциялар атауы жазылған карточкалар
4.5. «Жалпы зейін» атты жаттығу (10 минут)
Мақсаты: ишаратты қолдану арқылы сөйлесу қабілетін дамыту
4.6.
«Шоколад сұра» атты жаттығу (15 минут)
Мақсаты: қарым-қатынастың тиімді жолдарын үйрету
Үзіліс − 30 минут
4.7. «Қарым-қатынастың үш заңы» (20 минут)
Мақсаты: ишаратты қолдану арқылы сөйлесу қабілетін, топтық талқылау қабілетін,
логикалық ойлау қабілетін дамыту
4.8. «Салки-обнималки» ойны (10 минут)
Мақсаты: жаттығу, көмектесу, «физикалық байланыс орнату»
Талабы: қарапайым, қауіпсіз жер
4.9.
«Қарым-қатынас барысындағы менің мәселем» (20 минут)
Мақсаты: қарым-қатынас барысында қандай мәселелер туындайтынын анықтау
Көрнекілік: қағаз, қаламсап
4.10.
«Тыңдау қабілеті» атты жаттығу (25 минут)
Мақсаты: қатысушылар өз жұптарына қарым-қатынас барысында туындаған қиындықтары
туралы ашық түрде айта білуі, тыңдаудың әдістерімен танысу
5. Тренингтің аяқталуы:
5.1. «Қол алысу» атты жаттығу (1 минут)
Мақсаты: тренингті аяқтау, көңіл-күйді көтеру
Әңгімелесу: 10 минут
6.
Рефлексия: 85 минут
Жалпы уақыты: 6
сағат
Тренинг барысы және жаттығулар мазмұны
Кіріспе әңгімелесу (2 минут)
Сәлеметсіз бе! Менің атым ________. Бүгін мен қарым-қатынас тақырыбында сіздерге тренинг
өткіземін. Қарым-қатынас біздің өміріміздің ажырамас бір бөлігі болып табылады. Адам
өміріне су мен тамақ қандай қажет болса, қарым-қатынас та адамдардың бір-бірімен өмір
сүруіне өте қажет. Адам өмірде жалғыз қалғанда, өмірінің алтыншы күнінде оның көзіне
әртүрлі елестер көріне бастайды, құлағына әртүрлі нәрселер естіле бастайды. Ондай адамдар
өмірде жоқ елестермен сөйлесе бастайды.
Қарым-қатынас – бұл тіл немесе ишарат арқылы ақпарат алмасу. Қарым-қатынас – ол
адамдардың немесе әлеуметтік топтардың байланысқа түсуі болып табылады. Қарым-қатынас
барысында байланысқа түсетін қатысушылар әртүрлі ақпарат көзімен алмасады.
Енді сіздермен танысайық, ол үшін біз бір-бірімізді таныстырайық.
«Бұл менің атым» атты жаттығу (20 минут)
Әрбір адам кезек бойынша өзінің атын айтады. Содан кейін ол өзінің аты туралы бір мәлімет
айтады. Мысалы, ол мынадай сұрақтарға жауап бере алады:
Бұл атты маған кім қойды?
Менің атымның мағынасы қандай?
Жанұямда бұл ат тағы да кімнің аты болды?
Рефлексия (5 минут)
Өзіңіздің атыңыз туралы баяндау сізге оңай болды ма?
44
Егер оңай болмаса, онда неліктен?
Біздің өмірімізде өте қызық жағдайлар болады, оған қоса өміріміз үнемі қозғалыста.
Өміріміздегі барлық нәрсе, мысалы, демалыс, жұмыс, туысқандар, достар, яғни
айналамыздағы барлық нәрсе қозғалыста, яғни бір орнында тұрмайды. Бірақ мына нәрсені
есте сақтаңыз, айналаңыздағы нәрселер қозғалыста болғанымен, сіз айналыңызда болып
жатқан барлық жағдайларды басқара аласыз.
Ең бастысы – осы әлемде айналаңызда сізді қоршаған адамдармен жақсы қарым-қатынаста
болу. Ол сіздің досыңыз әлде қасыңыз болады ма, бұл маңызды емес. Ең маңыздысы –
барлық адамның тілін таба білу, оларға жақсы көзқараспен қарау және сыйлай білу.
Белгілі психолог Дейл Карнеги адамдарға пікірталас жүргізбеуге кеңес береді. Ол пікірталас
жүргізетін адамдардың 90% талас барысында өздерінің пікірлерінің дұрыс екендігіне
бұрыннан бетер толықтай сенімді болады деп есептейді. Пікірталас жүргізу барысында жеңу
мүлдем мүмкін емес. Себебі, егер сіз пікірталаста жеңсеңіз, онда сіз досыңыздан немесе
серіктесіңізден айрыласыз. Бұл қалыпты жағдай, өйткені сіз пікірталас кезінде жеңілсеңіз,
өзіңізді біртүрлі сезіне бастайсыз. Пікірталастың орнына, сіз өзіңіздің серіктесіңізді өз
позицияңыздың дұрыстығына көндіре аласыз.
Ал қазір біз сендіру қабілетін жаттықтырамыз.
«Жеті батыр» атты жаттығу (20 минут)
Бір қатысушы ханшайымның рөлін ойнайтын болады. Кім болғысы келеді? Ал қалғандарың
3-
4 адам болып топтарға бөлініңдер.
Сендіру қабілетін жаттықтыру үшін А.С.Пушкиннің өлі ханшайым мен жеті батыр туралы
ертегісін еске түсіріп, ойнайық. Әсіресе, жеті батыр ханшайымды батырлардың біреуіне
тұрмысқа шығып, солармен бірге мәңгі тұруды сұрайтын эпизодын ойнайық. Біздің
ертегімізде де дәл солай болады. Бірақ сендіру қабілеті мықты батырларымыз ертегі
кейіпкерлеріне қарағанда ханшайымды Елисей ханзадаға тұрмысқа шықпауды және олармен
бірге қалуды ерекше көндіретін болады. Әрбір топ ханшайымды сендірудің тиімді жолдарын
ұсынуы керек. Сіздерге дайындыққа 5 минут беріледі, содан кейін әрбір топтан бір адам
шығып, ханшайымды көндіре бастайды.
Рефлексия (10 минут)
Ханшайым барлық батырларды тыңдап болғаннан кейін, өзінің батырлардың үйінде қалғысы
келетінін/келмейтінін,
әрбір
топ
мүшелерінің
айтқандарының
кемшіліктерін/артықшылықтарын айтады.
Осы жаттығуды орындау барысында сіз қандай әсер алдыңыз?
Келесі жаттығу «Танымал тұлғамен бірге таңғы ас ішу» (30 минут)
Қажетті құрал: қағаз, қарындаш
Көзіңізге мынадай жағдайды елестетіңіз:осында отырған әрбір адам кез-келген адаммен таңғы
ас ішуге мүмкіндігі бар. Ол адам белгілі бір танымал тұлға, тарихи тұлға немесе сіздің
өміріңізде ерекше бір әсер қалдырған қарапайым адам болуы мүмкін. Әрбір адам кіммен және
неліктен сол адаммен кездескісі келетінін шешу керек.