Экономикалық шолу экономическое обозрение құрылтайшы – Қазақстан Ұлттық Банкі «Экономикалық шолу»



жүктеу 1,51 Mb.
Pdf просмотр
бет25/49
Дата21.12.2017
өлшемі1,51 Mb.
#5100
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   49

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ШОЛУ       1 /2013

34

ЗАҢНАМАҒА ТҮСІНІКТЕМЕ. МЕТОДОЛОГИЯ



бақылау  жасау  жеткiлiксiз  ұйымдастырылғаны 

дәлел  болады.  Сондықтан  заңнама  талаптары-

на  сәйкес,  сондай-ақ  өз  мүддесіне  қарай  қаржы 

мониторингі  субъектiлерiне  ақшаны  жылыстатумен 

және терроризмді қаржыландырумен күрес жүргізудің 

жалпыға  танымал  тиiмдi  әдiстерiне  сүйенуі  керек. 

Қызметкерлердiң  бiлiктiлiгiн  арттыруға,  iшкi  бақылау 

жүйесiн,  сондай-ақ  тәуекел-менеджментті  нығайтуға, 

ақпараттық,  электрондық  жүйелердiң  тиiмдiлiгiн 

арттыруға  ерекше  баса  назар  аудару,  ұйымның 

салалық бағытталуына немесе нарық сегментiне бай-

ланысты басқа да кешендi шараларды әзірлеп ендіру 

қажет.

Заңсыз  жолмен  алынған  кірiстерді  заңдастыруға 



(жылыстатуға)  және  терроризмді  қаржыландыруға 

қарсы  күресте  жұмыстың  тиiмдiлiгiн  үнемі  арттырып 

отыру  қажет,  өйткені  ол  ықтимал  тәуекелдерді  ба-

рынша азайтуға және жоюға, сонымен бірге, тұтастай 

алғанда,  елдің  және  ұйымның  беделін  көтеруге 

мүмкіндік туғызады.




35

ЭКОНОМИЧЕСКОЕ ОБОЗРЕНИЕ       1 /2013

ӘР ТҮРЛІ

БАНК ТАРИХЫН ЖАҢҒЫРТА 

ОТЫРЫП

Салкулова Г.К. – Қазақстан Республикасының 

Ұлттық Банкі Батыс Қазақстан филиалының 

маман-аудармашысы

Өкінішке  орай,  қазіргі  өмір  қарқыны  біздің  әсемдік 

әлеміне үңілуімізге, өткенге көз жіберіп, халқымыздың 

асыл  қасиеттері  туралы  ой  бөлісуімізге  көп  мүмкіндік 

бере  бермейді.  Алайда  әрқайсымыздың  санамызда 

осы айтылған құндылықтарға деген қажеттілік бекіген, 

оларды  қанағаттандыра  отырып,  біз  рухани  жағынан 

байи түсеміз, қайырымдылық пен шапағатқа кенелеміз. 

Дәл  осындай  өзімізді  ұлт,  халық  ретінде  сезінуімізге, 

әлемдік  және  еуропалық  өркениетте  өз  орнымызды 

түйсінуімізге  деген  қажеттілік  музей  сияқты  мәдени-

ағарту және тарихи-танымдық мекемелердің пайда бо-

луына алып келді. Музейдің қай ведомствоға меншікті 

екендігіне  қарамастан  оның  жұмысындағы  маңызды 

бағыттар: патриотизмге, адамгершілікке тәрбиелеу, та-

рих пен мәдениетті ұғындыру өзгермей қала береді. 

Музей  –  бұл  тарихқа  тереңдеу,  бұл  –  уақытты 

сезіну.  Музей  табалдырығын  аттасымен-ақ  ерекше 

бір ахуал бойыңды билеп алады. Ол сені күнделікті 

қарбаластан  алыстатып,  басқа  бір  әлемге,  басқа 

уақыт кеңістігіне елітіп әкетеді. 

Ұлттық  банктің  Батыс  Қазақстан  филиалының 

музей  қоры  абыройлы  істердің  ұйтқысы  болу-

да.  Оның  экспозициялары  Жайық  өңіріндегі  және 

еліміздегі  банк  жүйесінің  құрылу  тарихымен,  оның 

бастауында  тұрған  және  банк  ісіне  қомақты  үлес 

қосқан  тұлғалармен,  бұл  салада  қалыптасқан 

дәстүрлермен  таныстырады.  Олармен  таныстыр-

мас  бұрын  алдымызда  тұрған  маңызды  оқиға  - 

Қазақстан  Республикасының  ұлттық  валютасы  – 

теңгенің  енгізілгеніне  20  жыл  толуы  туралы  еске 

сала кеткен жөн. Өйткені осындай атаулы мерекелік 

іс-шараларды  өткізу  кезінде  мәдени  мекемелердің, 

соның ішінде музей қорының қажеттілігі мен маңызы 

да  арта  түседі.  Қазіргі  уақытта  филиалымызда 

аталған мерейтойға әзірлік жұмыстары басталып та 

кетті. Жұмыс ауқымы анықталып, ұлттық валюта ме-

рейтойын тойлау жөніндегі іс-шаралар жоспары жа-

салды,  филиал  мамандарының  бұқаралық  ақпарат 

құралдарында сөйленетін сөздері мен жариялайтын 

мақалаларының  тақырыптары  белгіленді.  Қорыта 

айтқанда  жоспарланған  іс-шараларды  өткізу  музей 

қорын  пайдалана  отырып,  оның  қызметімен  тығыз 

байланыста жүргізілетін болады. 

Ұлттық  банктің  Батыс  Қазақстан  филиалының 

музейі 1998 жылы қарашада теңгенің енгізілгеніне 5 

жыл толу құрметіне ашылды. Музей филиал дирек-

торы Б.Ізбасаровтың және филиал ұжымының баста-

масымен  банк  саласында  қалыптасқан  дәстүрлерді 

сақтау,  аға  ұрпақтың  еңбегін  есте  қалдыру  және 

ұрпақтар  сабақтастығын  жалғастыру  мақсатында 

құрылды. 

Әр  музейдің  жұмысында  оның  қорындағы  мате-

риалдар  шешуші  фактор  болып  табылады.  Біздің 

музейімізде  2000-ға  жуық  жәдігер,  оның  ішінде  та-

рихи  құжаттар,  фотосуреттер,  кітаптар  мен  аль-

бомдар  т,б,  материалдар  бар.  Филиал  жанынан 

құрылған Музей кеңесінің мүшелері музей қорының 

жаңа  жәдігерлермен  толығуына  зор  көңіл  бөледі. 

Осы  жұмыс  барысында  музей  қоры  банк  жүйесінің 

ардагерлері,  соның  ішінде  ұзақ  уақыт  бойы  КСРО 

Мемлекеттік  банкінде  жұмыс  істеген  және  өлкедегі 

банк  ісін  құруға  және  дамытуға  зор  үлес  қосқан 

тұлғалар туралы жаңа деректермен толықты. Музей 

экспозицияларындағы  уақытпен  сарғайған  фото-

суреттерге,  газет  қиындыларына,  ескі  құжаттарға 

қарай отырып, онда бейнеленген адамдар, олардың 

одан  арғы  тағдыры  туралы  білгің  келеді.  Олардың 

тағдыры  ел  тағдырымен  біте  қайнасқан  деуге  бо-

лады.  Мемлекеттік  банктің  облыстық  конторының 

(қазіргі ҰБ Батыс Қазақстан филиалының) 1922 жыл-

дан бергі басшыларының фотосуреттері мен жұмыс 

жасаған  жылдары  орналасқан  стенд  көрнекті  жер-

ге  ілінген.  Олар: 

Доморацкий    Ф.К.,  Копылов  И.С., 

Зимон К.А., Османов Т., Боганов С.П., Сычев Ф.В., 

Муканов, Карасаев Н.К., Саршаев А.С., Зверев Г.Т., 

Плужникова  В.В.,  Применко  Е.Н.,  Валишева  М.Г., 

Марченков Г.В., Ізбасаров Б.І.

Облыстық  контораның  алғашқы  басшылары 

білімдері төмен болғанмен банк жүйесіне партияның 

жолдауымен  келген,  өз  ісіне  шын  берілген,  жігерлі 

де  батыл,  тәуекелден  қорықпайтын  адамдар  бол-

ды.  Олар  Мемлекеттік  банкті  ел  экономикасының 

қалыпты  жұмыс  істеуіне  тікелей  ықпал  ететін  аса 

маңызды мекемелердің бірі ретінде орнықтырды. 

Жалпы  Қазақстанда  банк  жүйесінің  құрылуына 

ХІХ ғасырда негіз салынды, дәл осы фактор елімізде 

ақша-кредит  жүйесінің  дамуы  бұрынғы  КСРО 

республикаларының  ішінде  көш  бойы  алда  жүруіне 

оң  әсерін  тигізгені  сөзсіз.  Оған  мына  фактілер 

дәлел.  Ресей  империясының  Мемлекеттік  банкі 

1860 жылы құрылды, ал 1876 жылдың қыркүйек ай-

ында  сол  кездегі  Қазақстан  аумағында  (бұрынғы 

Орынбор губерниясы) оның тұңғыш бөлімшесі – Ре-

сей  Мемлекеттік  банкінің  Орал  бөлімшесі  ашылды. 

Ол  кейіннен  Орал  қаласына  көшірілді.  Сондықтан 

да  осы  дата  оның  заңды  мұрагері  –  Ұлттық  банктің 

Батыс  Қазақстан  филиалының  да  құрылған  күні  бо-

лып  есептеледі.  Батыс  Қазақстан  облысында  банк 

жүйесінің  даму  сатылары  да  филиал  музейінде 

көрініс тапқан.

Сонымен  қатар  музейде  көне  монеталардан 

бастап  теңгеге  дейінгі  ақша  тарихы  бейнеленген. 

Шамамен ХІІ – ХІV ғасырлармен таңбаланған көне 

монеталар  археологиялық  қазбалар  кезінде  Орал 

маңындағы Ысқырық тау (Свистун-гора) баурайынан 

табылған. Әлдеқашан ғайып болған қалаларда, көне 

мемлекеттерде  соғылған  бұл  монеталар  ақшаның 

ежелгі тарихын толықтыра түседі. Ғасырлардан жет-

кен осындай аса құнды заттар музейіміздің бағалы 

экспонаттары  болып  табылады.  Сондай-ақ  ХVІІІ 

ғасырда Патшалық Ресейде шығарылған темір мо-

неталар, 1769 жылы императорша ІІ Екатеринаның 

құрметіне шығарылған атақты «катенькалар», Ресей 

Империясының түрлі номинациядағы алғашқы қағаз 

ассигнациялары,  Кеңес  Одағы  кезеңіндегі  монета-

лар  және  тәуелсіз  Қазақстанның  теңгелері  музей 

экспозициясының  тақырыптық  бағытын  айқындай 

түседі. 



жүктеу 1,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау