176
Сырттан тӛнген саяси және соғыс қаупі Қазақстан экономикасы мен мәдениетінің
ӛркендеуін тежеді. Бастарына осындай ауыр күн туған қазақтар бұл зауалдан құтылудың
бірден-бір жолы Ресейдің қол астына кіру екендігін түсінді. Сондықтан, олар Ресейден
жәрдем сұрап, қол ұшын беруді ӛтінді. 1731 жылы Кіші жүздің Ресейге қосылуы
басталды. Қазақтсаннның орыстардың қол астына кіруі қазақ халқының түбірлі
мүдделеріне дӛп келді.
Ш.Уәлиханов жоңғар шапқыншылығын былай деп жазды: «Зұлым жоңғарлар
жапатармағай ӛкшелеп қуған қырғыздар жол бойы бала-шағасын, кемпір-шалдарын,
дүние-мүлкін, кӛтерем малдарын тастап, үйірінен безіп, үріккен киіктей, оңтүстікке қарай
зытуда. Зәре – құты қалмаған орта жүздіктер – Смарқан маңында, кіші жүздіктер – Хиуа
мен Бұхар тӛңірегінде бас сауғалауда. Орта Азияның жосылған құмайт шӛлдерінен малға
жайылым таба алмай әрі жаңа кӛршілерімен ортақ тілге келе алмай, жанжалдасқан олар
аса қуатты Ресейден жәрдем мен қорғаныш іздейді».
Қазақстанның Ресейге ӛз еркімен қосылу процесі 140 жылға дерлік уақытқа созылып,
тек ХІХ ғасырдың 60 жылдарына жақындағанда ғана аяқталды.
Бірақ та Қазақстанның Ресейге қосылуының басты прогрессивті нәтижесі жергілікті
халық пен орыстар арасында достық-бірліктің нығайып, жергілікті жұмысшылар мен
алдыңғы қатарлы зиялылар арасында социал-демократиялық қозғалыстың туындауы еді.
Бұның бәрі алдыңғы қатардағы орыс зиялыларының арқасында болды, қатаң қуғын-
сүргін менпатша әкімшілігінің орыстар мен жергілікті тұрғындар арасында ұлттық және
діни араздықтар тудырғанына қарамастан, олар ӛздерінің ағартушылық миссиясын
шыдамды атқара білді.
Қазақстан Ресейге қосылысыммен-ақ мұнда орыс тұрғындары ағылып келе бастады.
Келгендер ішінде кӛптеген дұшпандық пиғылдағы адамдар ӛндіріс иелері, кӛпестер, дін
қызметкерлері, шенеуніктер, офицерлер және генералдар болды; олар тез баюға ұмтылып,
патша билігін сақтаушы, белсенді қорғап, жергілікті тұрғындардың тарихына қарады.
Бірақ, келгендерді ішінде ондай пиғылдан аулақ адамдар да болды. Жұмысшылар,
шаруалар, жер аударылған, социал-демократтар, олар бұнда саяси жұмыстар жүргізді.
Бұнда революциялық-демократиялық пиғылды алдыңғы қатарлы демократиялық-
зиялылар ӛкілдері де келеді. Алдыңғы қатарлы ғалымдар, мұғалімдер, дәрігерлер,
агрономдар, инженерлер отарлық тәртіп жағдайында қолдарынан келгенше Қазақстанның
ӛткені мен сол кездегісін зерттеп жергілікті ӛлке тұрғындарын сауаттыққа баулып, ағарту
жұмыстарын ӛркендетуге тырысты.
Отаршылдық үкіметі орыс зиялыларының бұл бастамасын жаулықпен қарсы алды.
Бірақ та отаршылдық әкімшілік Қазақстан территориясын қанау жүйесін жақсарту
мақсаты кейде ұйымдар мен ғылыми ізденістерге, ӛлкеде кітапхана мен мұражай ашуға
жәрдем беруге мәжбүр етті. Жаңа ӛмір жағдайы, жаңа идея мен жаңа кӛзқарастар әкелді.
Жергілікті ұлттық алдыңғы қатарлы ӛкілдері, патша әкімшілігінің отарлық саясатын жек
кӛре отырса да, орыс ғалымы мен әдебиетіне үлкен қызығушылық білдіреді.
Қазақстан ағартушыларының әртүрлі ұлтты адамдардың достығы мен бірлестігі
туралы керемет ойлары, сол кездің тарихи жағдайларына байланысты, белгілі
шектеулерге қарамастан терең прогрессивті сипатта болды. Қазақстанның Ресейге
қосылуы лке халықтарының орыс халқының алдыңғы қатарлы мәдениетін үйренугі сеп
болды.
Орта Азия Ресейге қосылмастан бұрын, кітаптар қолмен жазылмайтын, қолжазба
кітаптардың шектеулі саны тек медреселер мен мешіттерде ғана болды. Бірінші баспа
1868 жылы Ташкент қаласында ашылды. Сол жылы М. А. Северцовтің кітабы орыс
тілінде басылды. 1870 жылы жаңа ірі баспахана ашылды. Онда ӛлкенің тұңғыш мерзімдік
басылымы болған, бірінші ресми газет «Түркістан ведомтсволары» басылды. Содан бері,
ең алдымен жергілікті лауазым иелеріне ӛлке патша әкімшілігінің жарлығы мен
бұйрықтарын жеткізу үшін бұл газеттің қосымшасы қазақ тілінде басыла бастады. Бұл
қосымша 2003 жылдың басында «Түркістан ӛлкелік газеті» ретінде жеке газетке айналды.
177
Газет беттерінде Ресей, Қытай, Индияның географиясы мен тарихы туралы шағын
мәліметтер Түркістан ӛлкесі ӛндірісі мен ауыл шаруашылығы туралы хабарлар, ғылыми -
табиғи мәліметтер, географиялық-астрономиялық анықтамалар, тұтас мақалалар жарық
кӛрді. Ресми материалдардан басқа классикалық орыс әдебиеті шығармаларынан үзінділер
басылды.
Патша үкіметі жергілікті тұрғындардың білім жүйесіне араласпай, ғасырлар бойы
келе жатқан мектеп медреселерге ешқандай ӛзгерістер ендірген жоқ. Мектептер
бұрынғысынша оқушылар, ал медресе әртүрлі пікір-салықтар арқасында күн кӛре берді.
Мұсылмандық оқу жүйесі, патшалық қаншалықты тежеу салса да, тұрғындар
арасында ағартушылық ісін тарата берді. Әрі патша шенеуніктерінің орыс тілін білетін
сауатты адамдарға деген (аудармашылар, хатшылар) қажетін қанағаттандырды. Сол
уақыт кезінде жергілікті ӛндіріс иелері мен сауда адамдарына сауаттылықты ашу мен
орыс тілін үйрену қажет болды. Сондықтан, ХІХ ғасырдың 80 жылдары тӛрт жылдық оқу
курсы бойынша алғашқы орыс түземдік мектептері ашылды. Бұл мектептерде орыс тілі
мен арифметика оқытылды. Оқытушыларға тарих, география, табиғаттанудан қарапайым
мәліметтер хабарланды, әрі ислам негізі «Түземдік сауат ашу» оқытылды. Орыс-түземдік
мектептерде орыс оқушылары үшін қазақ тілі сабағын ӛткізу кірістірілді. Бұл мектептер
оқушылар арқылы жергілікті тұрғындар арасына орыс тілі мен мәдениетін тарауға ықпал
жасады.
Орта Азияға білім тарату үшін, ХІХ ғасырдың соңында құрылған әртүрлі
училищелер, Ташкенттегі химиялық лаборатория, астрономиялық мекеме, обсерватория,
мұражай және кітапханалардың маңызы ерекше болды.
2003 жылы Ташкент қаласында ашылған Түркістан кӛпшілік кітапханасы (Қазір А.
Навои атындағы мемлекеттік кӛпшілік кітапхана), ғылыми жұмыс жүргізуге қажетті
жағдай жасайтын, библиографиялық жұмыстың алғашқы негізін қалады. Орыстың
бастаушы библиографтарының еңбегінің нәтижесінде кітапхана бағалы еңбектер мен
материалдармен толыға бастады. Қазақстанды орыс ғалымдарының зерттеуі үлкен
маңызға ие болды. Олар географиялық, геологиялық, метрологиялық зерттеулер жүргізіп,
Қазақстанның жануарлар мен ӛсімдіктер дүниесін, халықтардың тарихы мен тұрмысын
зерттеді. Орта Азия мен Қазақстанды географиялық зерттеуінің берік негізін қалаған
белгілі орыс ғалымы П. П. Семенов-Тянь-Шанскийдің еңбегі ұшан-теңіз.
Атақты орыс ғалымы және геологы И. В. Мушкетов Орта Азияның геологиялық
құрылымының алғашқы ғылыми тұжырымдамасын ұсынып «Физикалық география»
курсын жасады. 1994 жылы әрі геолог әрі географ И.В.Мушкетов тянь-Шань тауларының
рекогносцировкасын жасады. Талас ӛзенінң аңғарын бойлап, талас Алатауын асып, Нарын
ӛзендер жүйесіне келеді. Осында Сонкӛлді де зерттеп кетеді. Шу ӛзенінң жоғарғы ағысы
арқылы Боам аңғарына келіп, одан Ыстықкӛлге ӛтеді. Күнгей және Теріскей Алатау
жоталарын бірнеше рет кесіп ӛтіп, геологиялық құрылысныа анализ береді. Іле Ӛзені
арқылы Қытайдың Құлжа ӛлкесіне келеді. Жоғңғар Алатауы арқылы Боротала ӛені
аңғарымен Эби-Нур кӛліне келеді. Осы зерттеуінің нәтижесінде И.В.Мушкетов «1875
жылдағы Туркістандағы геологиялық жорықтың есебі» деген еңбегінде алғаш рет Тянь-
Шань тауының орографиялық сызбасын береді.
2007 жылы Мушкетов Оштан оңтүстікке қарай жүріп, Алай және Заалай
жоталарынан ӛтіп Қаракӛлге жетеді. Ошқа қайта оралып шатқал аңғары арқылы Ферғана
аңғарына ӛтіп Тәшкен қаласына барады. «1877 жылдың алай мен Памирге геологиялық
саяхаттың есебі» деген еңбек жазады. 2008-2009 жылдар арасында ғалым амудария,
Сырдария ӛендерімен жүзіп ӛтіп, Зеравшан мен Түркістан жоталарына кӛтеріледі. Алты
жылдық геологиялық барлау нәтижесінде Мушкетов тянь-Шань, Памир, Алай тау
системаларын және Қызылқұмның батысын зерттейді. Осындай мағыналы жұмыс
ғалымның «Түркістан» деп аталатын 2 томдық кітап жазуына себеп болады. Мушкетов
тау жүйелерінің жаратылысында неотектоникалық кӛтерілістердің жетекші роль
атқаратынын дәлелдеді, тауларды ешбір жанар таулардың ізі жоқ екенін дәлелдеді.
Достарыңызбен бөлісу: |