Б25 Аударма негіздері: оқу-әдістемелік құрал / А. Б. Барсақбаева



жүктеу 5,25 Kb.
Pdf просмотр
бет8/39
Дата18.12.2017
өлшемі5,25 Kb.
#4625
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   39

 
18 
қоғамдық  қызмет,  қоғамдық  мақсат  болу  керек.  Екінші,  «орысшасын 
өзгертпей  тәржіма  қылу»  аударманы  «тірі  жанға  түсініксіз»  етеді.    Үшінші, 
еркін кетіп «мағынасы алыс хата тәржіма етуге» болмайды. Төртінші және ең 
бастысы, «аударма» орыс, қазақтан бірдей соққы жемеу керек, яғни, екі тілдің 
де тазалығын, мән-мағына, бояуын сақтай білу керек.  
ХХ  ғасырдың  20  жылдары  жазылған  аударма  мәселесі  жайлы  еңбектер 
ретінде  Ж.Аймауытовтың,  Е.Алдаңғаровтың,  Б.Кенжебаевтың  мақалаларын 
атаймыз.  Бұл  мақалалардың  біріншісінде  (Ж.Аймауытов)  аударманың 
толыққандылығы  туралы  сөз  болса,  екіншісінде  (Е.Алдаңғаров)  Пушкин 
поэмаларының қазақ тіліндегі аудармалары туралы, үшіншісінде (Б.Кенжебаев) 
Абайдың аудармашылық шеберлігі туралы сөз қозғалады.  
Аударма  зерттеушісі  Ө.Айтбаевтың  пікірі  бойынша  «отызыншы 
жылдардың  орта  шеніне  дейін  көркем  аударма  туралы  айтылған  пікірлер 
белгілі бір шеңбер шегінен шыға алмады,  көбі,  жай тілек тұрғысынан аспады».  
1930  жылдардағы  аударматанудағы  ең  сүбелі  үлес  М.Әуезовке  тиесілі.  Ол 
өзінің  «Пушкинді  қазақша  аудару  тәжірибелері  туралы»,  «Ревизордың 
аудармасы туралы», «Пушкин аудармасы қазақ әдебиетіне не берді?», «Евгений 
Онегиннің  қазақшасы туралы», «Қазақ сахнасындағы аударма пьесалар» деген 
сияқты 
мақалаларында 
түпнұсқадағы 
сөз, 
ой 
байлығын, 
стильдік 
ерекшеліктерді  неғұрлым  толық  жеткізу  мәселелерін  салмақты  әдеби, 
теориялық  тұрғыдан  сөз  етті.  М.Әуезов  ұсынған  дәлелді  принциптер  аударма 
заңдылықтарын  бұдан  былай  үңіле  тексеруге  қозғау  салды.  М.Әуезов  бұдан 
кейін  де  әр  жылдары  аударма  мәселелеріне  үн  қосып  отырды.  Осы  жылдары 
әдебиетші  М.Қаратаев  А.С.Пушкин  шығармаларының  қазақ  тіліне  аударылуы 
турасында пікірлер айтты.  
1930  жылдары  белгілі  тілші-ғалымдар  Қ.Жұбанов,  С.Аманжоловтың  да 
аудармаға  назар  аударғаны  мәлім  болып  отыр.  Қ.Жұбановтың  кезінде 
жарияланбаған  аударма  туралы  этюдтері,  басқа  жол-жөнекей  пікірлері, 
С.Аманжоловтың марксизм-ленинизм классиктері шығармаларының аудармасы 
туралы  мақаласы,  аударманың  лингвистикалық  қырын,  сипатын  көздеген 
бастама еңбектердің санатына жатады.  
Зерттеуші Ө.Айтбаевтың көрсетуінше, 1940 жылдардың еншісіне бір ғана 
мақала  тиесілі  (ауд),  алайда  С.Жиенбаевтың  аударманың  тіліне  арналған 
мақаласы  лингвистикаға  бет  бұрған  алғашқы  еңбектердің  бірі  екенін  айтпай 
кетуге болмайды.  
Байқап  отырғанымыздай,  1930  –  1940  жылдары  аударманың  зерттелуі 
айтарлықтай дамымаған екен. Біздіңше, бұған себеп 1930 жылдардағы зұлмат 
пен  екінші  дүниежүзілік  соғыс.  1929  жылдан  бастап  халқымыздың  оқыған 
зерделі  адамдарын  қудалау,  ашаршылық,  соғыс  жалғыз  аударматануды  ғана 
емес,  жалпы  қазақ  ғылымын  кісендеп  тастады.  1930  жылдары  шыққан 
еңбектердің жалпы бағытының өзі «ұлтшылдық» атты жала оғының бетін ары 
бұрудың  бір  амалы  іспеттес  болып  көрінгендей.  Алайда,  бұл  сол  кездердегі 
еңбектердің теориялық құнын түсіре алмайды.  
Аудармаға ғылыми мән беріліп, теориялық құнды пікірлер айтудың белең 
алған  тұсы  –  1950  жылдар.  Соғыстан  халықтың  мойынының  босауы, 


 
19 
зұлматтан  кейінгі  «жылымық»,  зұлмат  жоқ  қылған  зиялы  оқымыстылардың 
орнына  ғылымға  өртеңге  шыққан  гүлдей  жаңа  ұрпақтың  келуі,  аса 
«сақтықтан»  арылу  аударма  ғылымының  дамуындағы  айырықша  қоғамдық 
факторлар болды.  
Бұл кезеңдегі жарияланған М.Әуезовтің, М.Қаратаевтың, С.Талжановтың, 
Ә.Сатыбалдиевтің, 
С.Нұрышевтің, 
К.Шәріповтің, 
М.Жанғалиннің, 
З.Ахметовтің, 
Е.Ландауды, 
К.Кереева-Канафиеваның 
т.б. 
ғылыми 
жарияланымдары  Қазақстанда  аударманың  ғылым  ретінде  қалыптасуына 
айырықша  әсер  етті,  аударма  мәселелерін  жолға  қойды.  Бұған  қоса    елуінші 
жылдардың  ішінде  өткен  аударма  мәселелеріне  арналған  Бүкілодақтық, 
республикааралық,  республикалық  жиындар  аудармаға  қажетті  ұсыныстар, 
байсалды принциптер ұсынды.  
Бұл кезеңге дейін негізінен көркем аудармаға ден қойылса, 1950 жылдары 
аударманың  стильдік,  жанрлық,  әдеби,  тілдік  мәселелеріне  де  назар 
аударылды.  Бұрын  орыс  тілінен  қазақ  тіліне  аудару  туралы  сөз  болып  келсе, 
1950  жылдары қазақ тілінен орыс тіліне аудару мәселесіне арналған алғашқы 
диссертация қорғалды. 
1950  жылдары  жекелеген  мақалалардан  басқа  арнайы  ірі  еңбектер  жиі 
жарық көре бастады, диссертациялық еңбектер көбейді. Мысалы, С.Талжанов 
«О 
некоторых 
основных 
проблемах 
художественного 
перевода», 
А.С.Сатыбалдиев «Развитие культуры художественного перевода в казахской 
литературе»,  С.Құспанов  «Переводы  поэзии  Абая  на  русский  язык», 
Х.Садыков  «Об  основных  принципах  перевода  казахской  прозы  на  русский 
язык».  
Бұл кезеңдегі аударма теориясына айырықша үлес қосқандар – С.Талжанов 
пен  Ә.Сатыбалдиев.  Алғашқы  ғалым  аудармаға  әдеби  тұрғыдан  келіп,  жеке 
жазушы  (Н.В.Гоголь)  стилін  бағамдаса,  Ә.Сатыбалдиев  Л.Н.Толстой 
шығармаларының қазақша аудармасын арқау ете отырып, әдеби тұрғыдан келсе 
де,  тілдік  талдаулар  жасауға  айырықша  ұмтылыс  жасайды.    Аударманың 
дәлдігіне шарттар қоя отырып, реалистік аударма ұғымын ұсынады. 
1950  –  1960  жылдарда  бой  алған  аударматану  ілімі  айырықша  дами  түсті. 
Ол  жылдардан  бері  А.Байтұрсынов  атындағы  Тіл  білімі  институтындағы 
аударма  бөлімі,  М.Әуезов  атындағы  Әдебиет  және  өнер  институты  аударманы 
зерттеуді  жоспарлы  түрде  жүргізіп  келе  жатыр.  Библиографиялық 
материалдарға  қарап  отырсақ,  содан  бері  осы  мәселеге  арналып,  бірнеше 
диссертациялық  еңбектер,  ғылыми  жинақтар,  монографиялар  жарық  көріпті. 
1960  жылдардан  бергі  аудармаға  байланысты  жарық  көрген  еңбектерге  тән 
ерекшеліктердің  кейбірі  мынадай:  аударманың  жеке  нақты  проблемаларын 
зерттеу  (Ө.Айтбаев,  А.С.  Ермағамбетова  т.б.).  Зерттеудің  обьектісі  етіп,  орыс 
тілі мен қазақ тілі ғана емес, басқа шетел тілдерін де алу (Б.Репин, Ю.Сушков, 
М.Ж.Құрманов,  К.И.Дүйсетаева  т.б.);  аударма  мәселелеріне  арналған  ғылыми 
жинақтар  шығару;  аударманы  зерттеудің  аспектілері  ажыратылады.  Кей 
ғалымдар  (М.Әуезов,  С.Талжанов,  Ә.Тұрарбеков  және  т.б.)  аударманы 
әдебиеттанудың обьектісі етіп алса, екінші бірі бұны лингвистикалық тұрғыдан 


жүктеу 5,25 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   39




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау