32
жартысында еуропа әдебиетіне, оның ішінде, әсіресе, орыс әдебиетіне ерекше
ден қояды. Тек көркемдік танымда ғана емес, қоғамдық танымда да, өмірдің,
тіршіліктің барлық саласында орыс білімпаздарының жолын ұстанады.
Қасиетті синод Лев Толстойды дінсіз деп жариялаған күндерде айтылған:
«Танбаймын, шәкіртімін Толстойдың!» деген сөз тек әдебиетке ғана қатысты
емес. «Толстой кәпір емес, кәпір өзің», «Ақиқат сырымды айтсам, Толстойдың,
Мың сопыны алмаймын тырнағына» исламшыл діндарларға ғана емес,
кертартпа дін атаулының өкілдеріне арналған сөз; дін түнегін ғана емес, аққа
қарсы, әділетке, ерікті ойға қарсы реакцияшыл көзқарасты, зорлық, зомбылық
атаулыны айыптайтын азаматтық ұран. Осы тұста Шәкәрімнің Толстойды пір
тұтып, оған үш сұрақ қойып хат жазғаны жайында Қайым Мұхаметхановтың
мақаласында айтылған ойларға оқырман қауымның «Шәкәрімнің Толстойға
сұрақ қоюы көңілге қонымсыз, себебі Толстой қазақ ақынынан қаншама уақыт
бұрын өмір сүрген» деген сияқты сауалдар қойып, Қ.Мұхаметхановтың ол
сауалдарға жауап бергенін білеміз.
Шәкәрім Абайдың тағлымын дамыта отыра қазақ поэзиясын бір саты
жоғары көтерген ақын екендігі күдік тудырмаса керек. Шәкәрім де Абай
сияқты өз шығармашылығында адамды сүю позициясынан ешуақытта
ауытқымаған. Ол өмір қиыншылықтарын, тауқыметін тарта отырып, өзінің
негізгі мақсаты – адам болмысын, қоғамды жақсарту, жаңарту ісінен бас
тартпаған. Ақын шығармаларының басты ерекшелігі – адам табиғаты,
адамгершілік сапалары мен қасиеті туралы дүниетанымдық, философиялық ой
түйіндеуінде. Шәкәрімнің қай шығармасында болмасын, жеңіл ойға, өткінші
сезімге, уақытша болатын бір сәттік қана құбылыстарға орын жоқ. Ақын
күрделі адам болмысы туралы терең пікірлерін көркем сөзбен өрнектейді. Жер
бетіндегі өмір сахнасының басты кейіпкері саналатын адамнан бастап
жаратушыға дейінгі аралықтың бәрін қамтуға тырысады. Бірақ, түптеп
келгенде, ақын адам мәселесін, оның әлеуметтік, психологиялық жай-күйін
бірінші кезекке қояды. Себебі, философ ғалым Ғ.Есім айтқандай: «Тіршілік
дегеніміз Шәкәрім айтуынша жан мен тәннің бірлігі. Жансыз тән жоқ. Жанның
өзіне сай тәні болмақ… Демек, болмыстың мәні адам. Жаратылыстың иесі
жаратушы болса, жердегі тіршілік иесі – адам».
Міне, Шәкәрімнің қоғамға, адамға деген философиялық көзқарасы осындай
болған да, ол жоғарыда айтып өткен өз сауалдарына Толстой шығармаларынан
жауап табуға тырысқан.
Толстой сияқты «нұр жарықты» перзенттер бар халыққа ортақ, бүкіл
адамзат ұстазы деген пікір түйеді Шәкәрім. Лев Толстойдың Шәкәрім
болмысындағы өзгеше жарық сәулесі ақынның адамдық тұлғасы мен
ағартушылық қызметінен, ойшылдық кейпі мен қаламгерлік қарымынан – бүкіл
өмір жолы, өнердегі мұратынан айқын танылады.
Міне, осы жерде айта кететін бір жай, қазақ жұртшылығы ішінде
Толстойды өз шығармасына арқау ете отырып, оны өзіне ұстаз тұтқан
алғашқылардың бірі қазақ ақыны Шәкәрім екенін айта кеткенді жөн көрдік.
Себебі,
кейбір
деректерге
қарасақ,
Орта
Азияда,
орыс
классигі
Л.Н.Толстойдың шығармалары өзбек тіліне 1920 жылдары аударылып,
33
Ташкентте «Ер Юзи» журналында жарық көреді. Бұл жазушының «Кавказский
пленник», «Французы», ал Самарқандық «Аланга журналында» «Воскресение»
романынан үзінді жарияланды. 1936 жылы өзбек тілінде Толстойдың
жануарлар туралы әңгімелері жарық көрді. Осы сияқты 1935 жылдардан бастап
тәжік әдебиетінде де орыс жазушысының шығармаларының аудармалары
жарық көре бастады. Ал, қырғыз әдебиетінде 1920 жылдардың аяғы мен 1930
жылдардың басында жазушының балаларға арналған ертегілері мен мысалдары
қырғыз бастауыш мектептеріне арналған әдебиет хрестоматиялары мен
оқулықтарда ғана жарияланды. Тек, 1936 жылы «Кыргыз совет адабиятында»
«Хаджи-Мурат» әңгімесінен үзінді басылды. Бұл деректерге сүйене отырып, біз
Шәкәрімнің Толстойдың Орта Азия мен Қазақстан жұртшылығы арасынан
шыққан алғашқы оқырманы және оны өз қандастарына танытушы, оған өз
туындысын арнаушы болғанына анық көзі жетеді. Шәкәрім қажы жалғыз орыс
әдебиетінің классигі А.С.Пушкиннің шығармаларын ғана ана тілімізде сөйлетіп
қана қоймай, сонымен бірге орыстың тағы бір классигі Л.Н.Толстойдың үш
шығармасы мен Қытай елінің өмірінен алынған үш шығарманы 1924 жылы
аударып «Алты әңгіме» топтамасына енгізеді.
Шәкәрім түпнұсқаны аударуда, өз жанынан ештеңе қоспай, қысқартып
тастамай сол қалпында аударуды мақсат тұтқан.
Сонымен, екі туындыны салыстыру барысында түйген, түйсінгеніміз,
біріншіден, аударма еркін аудармаға қарағанда дәл аудармаға жуықтау;
екіншіден, аудармашының азды-көпті еркіндікке баруы, оның кемшілігі емес,
қайта өз туындысын оқушыларының ыңғайына бейімдеуі; үшіншіден,
Шәкәрімнің қарасөзбен жазылған шығарманы сол формада беруі.
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Алты топтамаға» енген Л.Н.Толстойдан
жасаған екінші аудармасы – «Үш сауал» ертегісі. Бұл ертегіні Шәкәрім қажы
алдыңғы «Асархидон Лаэли» ертегісіне қарағанда анағұрлым еркін және қара
сөзбен аударған.
Сұрақнама:
1) «Алты топтамаға» енген аудармаларының өзіндік ерекшеліктері қандай?
2) Шәкәрім мен Толстой шығармашылықтарының үндестігін көрсетіңіздер.
3) Аударма барысындағы қазақ аудармашысының қол жеткізген табыстарын
сипаттаңыздар.
2.8 Сюжет және аударма. Ырғақ және аударма
Қай халық болмасын басқа халықтардың әдебиетімен, мәдениетімен
қарым-қатынаста болып, бір-біріне ықпал-әсерін тигізу арқылы байып, алға
басып отыратыны белгілі. Дәлел ретінде айтсақ, арабтар ислам дінін таратып
қана қоймай, өздерінің қоластындағы және көршілес елдерден: үнді, парсы,
грек т.б. халықтардың мәдениетін жатсынбай, қажетінше бойына сіңіре білгені
көпшілікке мәлім. Мәселен, араб әдебиетінің жәдігері ретінде күллі әлемге
танымал «Мың бір түн» топтамасында үнді, парсы, түркі ертегілерін молынан
кездестіруіміз де сондықтан болса керек. Солардың бірі – үнді топырағында
Достарыңызбен бөлісу: |