Б25 Аударма негіздері: оқу-әдістемелік құрал / А. Б. Барсақбаева



жүктеу 5,25 Kb.
Pdf просмотр
бет14/39
Дата18.12.2017
өлшемі5,25 Kb.
#4625
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   39

 
30 
Шәкәрім  Құдайбердіұлы  жасаған  «Дубровский»  повесі  –  қазақ  ортасына 
лайықталып,  қазақша  жырланған  Пушкин  прозасының  өлеңмен  берілген  түрі. 
Повестің  кейіпкерлері  мен  жер-су  аттарының  түпнұсқадағыдай  берілгенімен, 
повесть  қазақыланып,  оқиға  сюжеті  бейне  бір  қазақ  сахарасында  өтіп 
жатқандай  әсер  қалдырады.  Тереңірек  пайымдасақ,  қос  ақынның  дүниетаным 
ұғымы  мен  гуманистік  идея  тарапындағы  өзара  жақындықтары  «Дубровский» 
сияқты шығармада айқын да айшықты көрінген деуге толық негіз бар. Қорыта 
келе  айтарымыз,  біріншіден,  қазақтың  алғаш  қалыптаса  бастаған  жазба 
поэзиясының  дүниетанымын,  гуманистік  мәнін,  адам  үшін  күрестегі 
ізденістерін,  азаматтық  ауқымы  мен  арнасын  табуда  орыс  және  Шығыс 
классикалық әдебиетінің айтулы әсері болғандығын уақыттың өзі дәлелдейді.  
Екіншіден,  «Дубровский»  туындысының  қазақ  поэзиясын,  оның  ішінде 
дастан-поэмаларын дамытуда жемісті нәтижелер бергенін айтамыз.  
Үшіншіден,  Пушкин  поэзиясының,  прозасының  қазақ  ақындарының  қайта 
жырлауы  арқылы  жаңа  ортаға,  жаңа  сапаға  ие  болуы  ұлы  таланттың 
өміршеңдігін көрсетеді.   
Шәкәрім қажының Пушкиннен өлеңмен жасаған екінші аудармасы – белгілі 
«Боран» әңгімесі. Бұл бәрімізге мәлім. «Дубровскийдегідей» жеке бастың қам-
қарекетін  әлеуметтік  мәселелермен  қызу  астастырып,  өзінің  шешімін  сонау 
шырқау  биікке  көтеріп  әкететін,  шырғалаңы  мол,  күрделі  дүние  емес, 
жастардың бір-біріне деген  іңкәрлік сезімінің суреті.  Шығарманың осы табиғи 
ерекшелігі аудармашының қаламынан өткенде де сол қалпынан айнымаған.  
Шәкәрім  қажы  «Боранды»  қолынан  келгенінше,  өз  замандастарына 
мейлінше жатық та түсінікті етіп жеткізуге күш салған. Сондықтан түпнұсқаға 
телмірмей, азды-көпті еркіндіктерге барған.   
Боранды  түннің  бірсыпыра  шырғалаңының  сыр-сипаты,  соған  орай  басты 
тұлғалардың  өзіндік  интеллектуалдық  қадір-қасиеті,  әсіресе,  осы  соңғы 
аккордта жарқырай ашылады.  
Сөз соңында «Боран» тәрізді бұрын қанша парақтасаң да назарыңа ілінсе-ақ 
болды  өзіне  сиқырлай  тарта  жөнелетін  ғажайып  полотноны  ана  тілінде 
келістіре  сөйлете  білген  Шәкәрім  қажының  творчестволық  ерлігіне  дән  риза 
екенімізді  білдіреміз.  Өзімізше  аудармаға  талдау  жасау  барысында  кейбір  осы 
қалай дегізерлік тұстарды да тілге  тиек еттік.  Поэзиямен аударылған дүниенің 
бойынан  оның  проза  қалпындағы  «өзіндік  стилін,  тіл  кестесін,  үлгі-өрнегін» 
түгелімен  талап  етудің  не  жөні  бар?  Шәкәрім  қажы  қалайда  Пушкин 
соқпағынан тапжылмауды мақсат етпеген.  
 
 
Жазбаймын дәл өзінше Пушкин сөзін, 
 
Қазақтың шағылдырар надан көзін. 
 
Ғылымнан көзілдірік кимеген ел, 
 
Туралап көре алмас күннің көзін  
 
 
Сөйтсе де кете қойман шетке басып, 
 
Айтармын алыстамай шын жанасып. 
 
Әншейін ертек айтып отыр демей 


 
31 
 
Жүрекке  тыңдағайсың  ақылдасып,  –  деп  ескерткенін  жадымыздан 
шығармағанымыз абзал.  
Осы  айтылғандарды  жинақтай  келіп,  ең  соңғы  тоқталған  тобықтай 
түйініміз:  Шәкәрім  қажы  «Боранның»  бастапқы  қалпын  сақтауға  тырысқан. 
Бірақ  «Дубровскийге»  қарағанда  мұнда  еркіндік  басымдау.  Жоғарыда 
салыстыру  барысында  нақты  айтылып  өткеніміздей,  кейіпкерлердің  өзіндік 
ерекшелігін,  әр  түрлі  қақтығыс-тартыстың  әлеуметтік,  психологиялық  негізін 
айқындайтын  детальдардың  талайы  орынсыз  қысқартуға  ұшыраған. 
Шағындалған,  жинақыланған  эпизодтар  да  баршылық.  Бұл  жайттар 
шығарманың  сыршылдық,  көркемдік  сипатына  көлеңке  түсірген.  Әлгіндей 
өзгертулер,  әрине,  тәржімешінің  мүмкіндігіне  шалғай  келгендіктен  емес, 
біріншіден,  оған  поэзияның  табиғаты  майда-шүйдеге  көңіл  аудармай,  тек 
өмірдегі  ең  елеулі  мәселелерді  ғана  теріп  алуды  талап  ететіндігі  «кінәлі», 
екіншіден,  ақын  кейбір  жағдаяттардың  қазақ  оқырмандарына  қажеті  шамалы 
деп  ұйғарып,  жай  қалдыра  салған  ба  дейміз.  Ондай  шешімнің  артық-кемі  бір 
кезде байқалмаса, аударманың қазіргі биік өнерлік деңгейге шырқаған шағында 
әңгіменің атқарған еңбегін өз лайығына сай әділ бағалануы – ақылға сыйымды, 
жарастықты  құбылыс.  Қалай  десек  те,    Шәкәрім  қажының  білікті  де  талантты 
аудармашы  екенінде  еш  күмән  жоқ.  Оның  басты  дәлелі  –  Пушкин 
шығармаларынан  жасаған қазақша нұсқалары. 
 
Сұрақнама: 
1) «Дубровский» повесінің қазақ тіліне аударылуы туралы айтып беріңіздер. 
2) «Боран» әңгімесінің қазақша нұсқасы қандай? 
3) Шәкірімнің аудармашылық шеберлігіне тоқталыңыздар. 
 
2.7 Стиль және аударма 
 
Шәкәрімнің  көркем  аударма  өнеріндегі  атқарған  ісі  жөнінде  бірталай 
еңбектер атқарылды десек те, алдағы уақытта толығырақ қаралатын мәселелер 
әлде  де  өз  кезегін  күтуде.  Дегенмен,  ақынның  аударма  саласындағы 
туындылары  жайында  бірсыпыра  пікірлер  айтылды.  Атап  айтқанда,  белгілі 
ғалым  Ш.Сәтбаеваның  «Шәкәрім  Құдайбердиев»  монографиясында  ақынның 
аудармалары  туралы    жалпы  танымдық  мағлұматтар  берілсе,  Ө.Күмісбаевтың 
«Терең тамырлар», «Казахские и персидско-арабские литературные связи ХІХ-
ХХ вв.» монографияларында, А.Қыраубаеваның  «Шығыстық қисса-дастандар» 
кітабы  мен  жекелеген  мақалаларында,  Б.Әбдіғазиұлының  «Шәкәрім 
шығармашылығының  дәстүрлік  және  көркемдік  негіздері»  монографиясында, 
И.Жеменейдің  «Хафиз  және  қазақ  әдебиеті»  оқу  құралдарында  Шәкәрімнің 
шығыс-батыспен байланысының бірқатар мәселелері қарастырылған.  
Ұлы  Абай:  «Ғылымды  іздеп,  дүниені  көздеп,  екі  жаққа  үңілдім»,  –  деген. 
Абай  мектебінен  тағылым  алған,  Абай  жолын  жалғастырған  Шәкәрім  де  екі 
жаққа  бірдей  назар  салады,  әлемдік  сөз  өнерін  танып  білуге,  оның  бар 
жақсысын  бойға  сіңіруге,  ел  игілігіне  айналдыруға  күш  салады.  Тіпті, 
«шығысым  батыс  болып  кетті»  деген  ақын  аға  ізімен,  өмірінің  екінші 


жүктеу 5,25 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   39




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау