71
Айналайын, аруақ-ау!
Толғанайын, аруақ-ау!
Жан қысылған кезінде,
Қолға алайын, аруақ-ау!
Жұрт сенген сайын, «мен бүгін пәленмен алысып
шықтым, бүгін ұйықтамадым»,- деп өтірікті зымыратты.
Жұрт:
- Бейшараның бақыты бар екен, Ахметке барса
несін беріп қарататын еді?
Үшінші күні Нұрым Қамарды көтеріп алып, зияратқа
кетті. Екі аттыны көреді. Ол Омар мен Ахмет екен. Ахмет
Қамарды көрмекші еді, екеуін сөйлестірмей, көтеріп алып
кетті.
Үйге келгенде Ахмет өз көзіне сенбей:
- Ой, пірім! Алла-ай! Мынау Қамар ма? Қамаржан
ба? Қалқажан ба, шын сол ма?- деп киімін шешпестен
Қамарды жастығымен құшақтап, өкіріп жылай бастады.
Нұрым:
- Не болды? Енді жазылып келе жатқанда, тағы ауруы
ерегесіп кетеді.
Қамар есін жиып, Ахметті көрді, өз көзіне сенбей
тұрайын деп еді, күші жоқ екен. Қолын жүрегіне апарып,
жылай бастады.
Омар:
- Қой, қарағым, қиналып қаласың ғой, - деп көзін
сүртіп еді.
Қамар:
- Аға, тұра тұршы! Жан досым, Ахметпісің,
жанымбысың! Қайда жүрдің? Қайдан келдің? Қарағым
дейтін Қамарыңды көруге келдің бе? Міне, көр, көр!
72
- Қорлықты зорлықпенен көрген Қамар,
Амалсыз бәріне де көнген Қамар.
Айдай әлем аузының суын құртып,
Арманда арсыздардан өлген Қамар.
Құдайға бүгін алса арманым жоқ,
Түксиген түк сақалға барғаным жоқ.
Қорлықта қосыла алмай кетсем-дағы
Әйтеуір, жүзің көрмей қалғаным жоқ.
Қамар:
- Уай, дүние! Арманда кеткен қыршын жаным-
ай! Қазаққа мұнан былай жарық көрсет! Қанағат бер,
Құдайым-ай!
Ахмет:
- Кетіп ем күйік қылмай сенен қашып,
Шыдамай, тағы келдім жаным ашып.
Артында алты қырдың жүрсем-дағы,
Өртедің іш-баурымды, қайран ғашық.
Сені кім отқа салған шырылдатып,
Қойыпты тамағыңды қырылдатып.
Құтырған көк төбеттей арс-ұрс етіп,
Бақсыны кім әкелген ырылдатып.
Келіп ем көзі барда көрейін деп,
Көрген соң, күйігіңнен өлейін деп.
Шыдамай бұл қорлыққа мен отырмын,
Өзімді сенен бұрын көмейін деп.
73
Нұрым:
- Тұр, шықшы! Сүйреп шығарыңдаршы! Дуаны
қылып-қылып, сиқырлап, сенен өшімді аламын.
Ишан:
- Дерттің иесі ерегесіп кетті. Айттым ғой, ешкімді
кіргізбе деп
Ахмет:
- Бес минут мұрсат беріңдерші! Өзім де шыққалы
отырмын. Тым болмаса арыздасып, көңілімізді басалық.
Нұрым:
- Арыздасатын мұның несі еді? Ұр итті! Байла!
Қамар:
- Жан достым, қайда кеттің? Менен қаштың ба?
Көзіңнен жөнелт!
Жұрт:
- Шырағым, бағанадан бергің де жетті. Шыға ғой,
Нұрекеңнің ашуы басылсын!
Бақсы:
- Шыға ғой деп жалынатын не бар? Мұны да бірдеңе
ерегестіріп тұр. Дәдесін қолына берейін!– деп қам-
шысын алып, әбден ұрды.
Ахмет пышақты ала салып, бақсыға салды. Нұрымға
да тиді, бірақ арашалап келушілерді пайдаланып
қашып кетті.
Ахмет:
- Қарағым, Қамар, міне сенің үшін жаным, қасықтай
қаным, қош! – дегенде артынан екі сойыл тиіп арманда
жүріп кетеді.
74
Әдістеме әлемінде: қазақ тілі
Зәуреш ҚАЙЫРОВА,
Ақмола облысының
Шортанды қаласындағы
№3 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.
БҰЛ ҚАЙ КЕЗДЕ БОЛАДЫ?
Сабақтың мақсаты: оқушылардың білім,білік
дағдысын қалыптастыру, ой-өрісін, тілін дамыту, сөздік
қорын байыту.
Міндеттері: білімділік – сын есім және сын есімнің
жұрнақтарын практикалық жолмен пысықтау, өз
беттерінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, тілін
дамыту; дамытушылық – тақырып арқылы оқушы-
лардың танымдық қабілетін, сыни тұрғысынан
ойлау қабілеттерін дамыту, ізденіспен жұмыс істеуге
жұмылдырып, шығармашылық белсенділіктерін
арттыру; тәрбиелік – білімге, тілге, пәнге деген
қызығушылығын арттыру, ұжымшылдық, ізденім-
паздық, жауапкершілік қасиеттерін тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ. Әдістері: ой қозғау, Венн
диаграммасы, топтық жұмыс, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Көрнекілігі:
суреттер,
түрлі-түсті
қағаздар,
флипчарттар, слайдтар. Пәнаралық байланыс: орыс
тілі, сурет сабағы, әдебиет.
75
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезені:
а) Сәлемдесу.
ә\ Психологиялық дайындық (бір-біріне жылы сөз
айту)
ә) Кезекшінің мәлімдеуі:
- Сыныпта кім кезекші?
- Кім сыныпта жоқ?
- Қазір қай сабақ?
- Қазақ тілі нешінші сабақ?
- Қазір қай ай?
- Желтоқсан қыстың нешінші айы?
- Бүгін желтоқсанның нешесі?
- Аптаның қай күні?
- Үйге қандай тапсырмалар берілді?
б) Сыныпты топқа бөлу.
2. Үй тапсырмасын тексеру:
- Сын есім дегеніміз не? (ережені айтып беру).
- Тақтада жұмыс (сын есімнің жұрнақтарын
меңгергенін тексеру).
Әр топтан бір оқушы шығып, тиісті жұрнақты
қойып береді және бір – бірін тексереді.
1-топ 2- топ 3- топ
Қыс...(қы, кі) Жаз...(ғы, гі) Күз...(ғы,гі)
Қала...(лық, лік) Әке...(лік, лық) Шетел...(дік, дық)
Тау...(лы, лі) Өнер...(лі, лы) Көл...(ді, ды)
Ақыл...(сыз, сіз) Ұлт...(ты, ті) Білім... (сіз, сыз)
Орман..(ды, ді) Жолдас...(тық, тік)
Туысқан...(дық, дік)
- осы сөздермен сөз тіркестерін құрастыру;
- сөйлем құрастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |