575
Соңғы уақытта аппараттар қысқыштарына жалғау үшін
алюминий шиналарды АД31Т1 маркалы қоспадан жасалған
тілімдермен ұштайды, яғни, мыстың шығындалуына жол бермей,
материалдық шығындарды азайтады.
Аппараттардың
жалпақ шығыстарына мыс, алюминий және
болат шиналарды жалғайды; кесілген өзек түрінде жасалған
шығыстарға – мыс. Егер аппараттың номиналды тоғы 600 А аспаса,
үлкейтілген өлшемдегі арнайы мыс немесе жез сомындар көмегімен
алюминий шиналарды жалғайды. 600 А астам тоқтар кезінде
аппараттардың мыс өзекті шығыстары бар жалпақ алюминий
шиналар түйіспесін арнайы ауысымдық
мыс-алюминий тілімдер
арқылы жүзеге асырады. Осы тілімдерді сонымен қатар
алюминийдің мыспен тікелей түйісуі жерлерінде күшейтілген
тотығуды тудыратын ылғалды ортасы немесе белсенді газдары бар
орынжайлардағы барлық қосылыстар үшін пайдаланады.
1
4
2
3
4
16.10 сур. Алюминий шиналарды құрылғылардың терминалдарына жалғау:
а — MA табақшасы арқылы жалпақ мысға дейін; б — MA пластинасы арқылы мыс
шыбыққа; в — — MA пластинасы арқылы болат шыбыққ; 1 — аппаратты
шығару; 2, 3 — тиісінше, болат сомын мен шайба; 4 — өтпелі тілімше; 5 — мыс
өзегі; 6 — болат бұрандамасы
16.9 сур. шиналарды шина ұстаушылармен жазықтыққа (а) және қырға
бекіту (б):
1 —жоғарғы тақтайша; 2 — шина;
3
— төменгі тақтайша;
4
— картон
төсеме; 5 — болат түйреуіш;
6
— жез түйіреуіш
Мыс-алюминий (МА) тілім арнайы дәнекерлеу машиналарында
түйістіре дәнекерленген мыс және алюминий шиналар тілімдерінен
құралады. Оның алюминий бөлігін алюминий шинаға дәнекерлейді,
ал мыс бөлікте жалғастырғыш бұрандама үшін саңылауды
бұрғылап теседі.
Шиналар аппараттардың шығыстарына
жалғанатын орындардың
түйіспелік беттері арнайы шина ажарлайтын немесе шина
фрезерлейтін білдекте оларды шеберханаларда дайындау кезінде
мұқият өңделу керек. Ерекшелік ретінде жартылай тұрпайы егеумен
жазықтықты өңдеуге рұсқат етіледі. Түйіспе жазықтығын
бұрыштамамен тексереді, олардың
қыры және жазықтық арасында
саңылау болмау керек. Жалғаудан кейін түйіспелік беттер
арасындағы саңылауға қалыңдығы 0,05 мм болатын болат қуыс
бұрғы кірмеу керек.
Аппарат қысқыштарымен жалғау үшін қарсы бұғаттайтын
құрылғыларды
пайдалану
керек.
Тәрелкелік
серіппелерді
пайдаланған кезде қарсы бұғаттайтын құрылғыларды қоймайды.
Алюминий шиналарды жалғау мысалдары 16.10 сур. көрсетілген.
Шиналарды сырлау.
Тарату құрылғыларының және қосалқы
5 7 7
стансалардың шиналарын эмальді немесе майлы сырдың барлық
ұзындығы бойынша сырлайды.
Сырлауды ағылуларсыз және
ақпаларсыз бірелкі жүргізеді. Бір жолақты шиналарды жан-
жағынан сырлайды, көпжолақты шиналарды құрғақ орынжайларда
– сыртқы беттерден, жоғары ылғалдығы немесе химиялық белсенді
ортасы бар ылғалды орынжайларда – әр шинаны жан-жағынан
жеке-жеке.
Шиналарды сырлау оларды коррозиядан қорғау,
салқындату
шарттарын жақсарту (сырланған шиналардың жылулық берілісі
жақсырақ), қондырғыға ұқыпты түр беру үшін, сонымен қатар әр
түрлі фазаларды белгілеу (әр түрлі түстерен) үшін қажет.
Шиналарды келесі жолмен сырлайды: тұрақты тоқ кезінде оң
шинаны (+) — қызыл түске, теріс (-) — көк және бейтарап түске —
ақ; айнымалы тоқ кезінде А фазасын — сарыға, В — жасылға,
С
қызылға. Нөлдік шиналар оқшауланған бейтарап сым қолданылған
кезінде көгілдір шиналарды көгілдір түске бояйды .
Жерге тұйықталған — жасыл-сары (екітүсті), резервтік
шинаны резервтелетін фаза түсіне бояйды.
Әр электрлік қондырғыда аттас шиналар бірдей бояуға ие болу
керек. Жабық ТҚ-да айнымалы үш
фазалы тоқ кезінде құрама
шиналарды тік орналасу кезінде келесі жолмен сырлайды: жоғарғы
А — сары түске, ортаңғы В — жасыл және төменгі С — қызыл.
Құрама шиналар көлденең, көлбеу немесе тікбұрыш бойынша
орналасқан кезде қызметкерлерден қашық шинаны
А
сары түске
бояйды, ортаңғы В — жасыл және қызметкерлерге жақын С —
қызыл.
Құрама
шиналардан
жауапты
және
қарапайым
тармақталулар келесідей боялады: сол шина А — сары, ортаңғы В
— жасыл, оң С — қызыл (егер оларға қызмет көрсету дәлізінен
қарасақ).
Аппараттардың
тоқ
өткізгіш
бөліктері;
шиналардың
бұрандамалық қосылыстарының жері
және олардың аппараттар
шығыстарына қосылыстары, сонымен қатар ұзындығы қосылыстар
жерінен кем дегенде 10 мм болатын шина учаскелері;
термоскопиялық
сырмен
қапталған
түйіспелер
жанында
қарастырылатын, температура бақылауға арналған жерлер;
шиналарға жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тасымалды жерге
тұйықтаулар жалғанатын жерлер сырланбайды.
Жерге тұйықтауды
жалғауға арналған жерлер ұзындығы шина еніне тең ұзындыққа ие
болу керек (бірақ кем дегенде 50 мм), және түйіспелік беттің екі
жағынан да ені 10 мм болатын қара жолақтармен белгіленуі тиіс.
Түйіспелердің
қыздырылуын
бақылау.
Жабық
ТҚ-да
түйіспелердің қыздырылуын бұрандамалық түйіспелік қосылыстар
жерінде
шиналарға
жабыстырылатын
және
температура
жоғарылаған кезде өз түсін өзгертетін термоқабықша көмегімен
бақылайды. Сонымен қатар дөңгелектер түрінде кесілген