Технологиясы



жүктеу 9,83 Mb.
Pdf просмотр
бет248/256
Дата12.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#44277
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   256
Nesterenko-E-lektrlik-montazhdau-zh-my-stary-tehnologiyasy-.-O-u-raly-

Шиналарды орнату және бекіту.
Нобайларға сәйкес таңбалағаннан 
кейін дайындалған шиналарды орнату орнына жеткізіледі. Шиналар 
симметриялық және бірсарынды орналасу керек, бұл қондырғыға 
ұқыпты түр берумен қатар, қызметкерлерге оның қолданылуын 
жеңілдетеді. Шиналарды қондырғының жерге тұйықталған бөліктеріне 
немесе басқа полярлықтағы шиналарға құрастырылатын ТҚ 
номиналды кернеуге арналған нормалармен рұқсат етілетін шамадан 
кем қашықтыққа жақындатуға болмайды. 
Шиналарды төсеу кезінде пайдаланады: жазықтыққа және қырға 
арналған 
қысқыштар 
және 
шина 
ұстаушылар, 
шиналық 
компенсаторлар, шинааралық кергілер, өтпелі тілімдер. 
Тікелей бекіту кезінде шиналарды нақты белгілеу және оларда 
сопақ саңылауларды бұрғылап тесу және ойып түсіру талап етіледі. 
Шина ұстаушылармен бекіту кезінде шиналарда саңылауларды 
бұрғылап тесу немесе ойып түсіру қажет емес, бұл құрастыруды 
айтарлықтай жеңілдетеді. 
Шина ұстаушылар және қысқыштар 600 А астам айнымалы тоқ 
кезінде шиналар айналасында тұйықталған магнит контур жасамау 
керек. Осы мақсатта қаптамалардың бірін немесе шинаның бір 
жағында орналасқан барлық қатайту бұрандамаларын магнитті емес 
материалдан жасайды немесе тұйықталған контур құрмайтын магнитті 
шина ұстаушыны орнатады. 
Дайындалған шиналарды келесі тәртіпте құрастырады: тіректі 
оқшаулағыштарда шина ұстаушыларды орнатады; шиналарды 
орналастырады және шина ұстаушыларындағы олардың жайғасымын 
сәйкестендіреді; 
құрама шиналар учаскелерін компенсаторлармен біріктіреді; 
тармақталымдарды орнатады, дәлдейді және жалғайды; қажет кезде 
түзетілген шиналарды сырлайды. Бойлық ось бойынша құрама 
шиналарды дәлдеу тартылған болат сым бойынша жүргізіледі. 
Сонымен қатар, төрткілдеш және деңгей өлшегіш көмегімен 
шиналардың әр учаскесінің көлденеңділігін тексереді. 
Шиналарды оқшаулағыштарда бұрандамалармен, қапсырмалармен 
немесе шина ұстаушыларда етпетінен немесе қырға бекітеді (16.8 сур.). 
Барлық бекіту әдістері кезінде жүктеме тоқтарымен және қысқа 
тұйықталу тоқтарымен қыздыру кезінде шиналық жолақтардың 
олардың осі бойымен еркін орын ауыстыруының мүмкіндігі 
қамтамасыз етілу керек. Әйтпесе қызу нәтижесінде туындаған ішкі 
кернеулерге 
байланысты 
шиналар 
«босап 
кетеді» 
(олар 
деформацияланады), ал қысқа тұйықталудың қуатты тоқтары аққан 
кезде тіпті шиналауда қысқа тұйықталуы мүмкін. 
Шина ұстаушылар құрылымдарында 1,5...2 мм саңылау 
қарастырылған (16.9 сур.), оның арқасында шиналар оларда керең 
тұйықтала алмайды. Осы мақсатта оқшаулағыштар қалпақтарында 


>25 
>50
 
574 
16.8 сур. Шиналарды монтаждау әдістері

а — бір жақты тегіс бұранда; б — бір жолақты тегіс болттар мен 
белдіктер; в — оқшаулағыш кронштейннің басы; г — шиналар 
ұстағышында көп қабатты жалпақ пәтер; д — көп қабатты жалпақ 
қабырғадағы шиналар ұстағыштары: 1 — шиналар; 2 — серіппелі 
шайба; 3 — бұрандама; 4 — қалыпты болат шайба; 5 — болат жолағы; 
6, 9 — тиісінше, болат штапель мен лайнер; 7 — болат немесе 
магниттік материалдан жасалған жоғарғы жолақ; 8 — шашты; 10 — 
төменгі жолақ; 11 — электрокартон тақтасын толтыру
өткізілетін біржолақты шиналарда сопақ бекініс саңылауларын 
орындайды, бұрандамалар бастиегі астында серіппелі тығырықтарды 
төсейді. 
Шиналардың үлкен ұзындығы кезінде сызықты кеңейтілімдерге 
байланысты деформациялардың алдын алу үшін жинаққа жиналған 
жұқа (0,1.0,25 мм) мыс немесе алюминий (шиналар материалына 
сәйкес) таспалардан құралатын компенсаторлар орнатады, таспалардың 
жиынтықты қимасы шина қимасына тең. Таспаларды ортақ монолитке 
дәнекерленген ұштар бойынша, әдетте, шиналар тілімінің жерінде 
түйістіре дәнекерлейді. 

жүктеу 9,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   256




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау