Технологиясы


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



жүктеу 9,83 Mb.
Pdf просмотр
бет162/256
Дата12.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#44277
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   256
Nesterenko-E-lektrlik-montazhdau-zh-my-stary-tehnologiyasy-.-O-u-raly-

 
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
I.
1. Ажыратқыштар не үшін қолданылады?
2.
Ажыратқыштар қандай материалдардан дайындалады?
3.
Сымдарды дайындауда қолданылатын мысқа сипаттама беріңіз.
4.
Сымдарды дайындауда қолданылатын алюминийге сипаттама 
беріңіз.
II.
1. Бірсымды және көпсымды сымдар дегеніміз не, олардың 
ерекшеліктері және қолдану өзгешеліктері қандай?
III.
Құрамдастырылған сымдар деген не, олардың ерекшеліктері және 
қолдану өзгешеліктері қандай?
2.
Болат сымдарының тағайындалуы мен негізгі сипаттамаларын айтып 
беріңіз.
IV.
1. Ажыратқыштың қандай түрлерін білесіз?
2. Ажыратқышты бекіту үшін қандай бөлшектер қолданылады?
11.4.
 
Әуе ЭТЖ монтажы
Әуе электр тасымалдау желісін монтаждаудың технологиялық 
үдерісіне кіреді:
дайындық жұмыстары, оның барысында трассаның өту аймағымен 
танысады, трассаны ажыратады, тілмелерді кеседі, тіреулер астына 
гұңқырларды 
қазады, 
әртүрлі 
өндірістік, шаруашылық 
және 
коммуналдық ғимараттарды дайындайды;
негізгі құрылыс-монтаждау жұмыстары, олардың барысында 
тіреулерді орындары бойынша жеткізеді, жинайды және орнатады, 
ажыратқыштарды, 
сымдар 
мен 
арқандарды 
жеткізеді 
және 
монтаждайды.
Әуе желісінің трассаларын ажырату және тіреу астына 
шұңқырларды қазу.
Трассаны ажырату деп жерде әуе желісінің 
жобалық бағдарларын және тіреулерді орнату орындарын анықтау 
бойынша жұмыстардың кешенін атайды.
Трасса желіні құрастырғаннан кейін көлік және жаяу жүргіншілер 
қозғалыстарының қалыпты шарттары, сонымен қатар желінің барлық 
элементтеріне қызмет көрсету және олардың жөндеу қолайлығы 
қамтамасыз ете алатындай етіп салынуы тиіс.
Тіреу және желілер сымдарынан жерасты құбырларына, канализация 


372 
құбырлары мен сымдарына дейінгі рұқсат етілгенең аз қашықтық - м, 
өрт гидранттарына, су бөлу бағаналарына, жер асты канализациясының 
құдықтарына (есік) дейін -2 м, бензин құйғыш колонкаларына дейін – 5 
м болып табылады.
Теодолиттің көмегімен желінің алғашқы турасызықты учаскісінен 
бағытты анықтай отырып, одан кейін осы бағыт бойынша екі белгі 
орната отырып трассаны ажырата бастайды: біріншісін учаскінің 
басына, екіншісін одан 200...300 м қашықтықта (көру шарттарына 
тәуелді). Алынған бағытта жобада көрсетілген тіреулерді орналастыру 
орындарында белгілерді уақытша орнатады, оларды салынатын ӘЖ 
жармасында дұрыс орналастырылуын тексеру үшін желі учаскісінің 
соңдарынан бастап нысаналайды, одан кейін бекеттік белгілермен 
алмастыра отырып, оларды алып тастайды. Әрбір бекеттік белгісінде 
оның нөмірі, сонымен қатар осы орында орнатуға жатқызылған тіреудің
жобалық нөмірі көрсетіледі. Бекеттік белгілерді келешекте орнатылатын 
шұңқырлар ортасында орналастырады.
Желілердің бағытын өзгерту пунтісінде А-тәрізді бұрыштық 
тіреуінде трасса бұрылысы бұрышын алдын-ала ажырату үдерісін іске 
асыру керек. Ол үшін, бұрыштың биіктігімен тіреу биіктігін санай 
отырып (11.8, а суреті), оның екі жағы бойымен АВ және АС 
кескіндерін салады. Одан кейін В және С нүктелерін жалғайды, ал ВС 
кескінінің ортасын А нүктесімен біріктіреді. АД түзуі бұрыштың 
биссектрисасы болып табылады. Шұңқырлар осы биссектрисаның 
бойында орналасыу тиіс және А нүктесінен орнатылатын тіреудің аяқ 
ерітіндісімен анықталатын бірдей қашықтықта алшақтануы тиіс. 
Шұңқырларды А-тәрізді тіреулер бойы ажырату үдерісін арнайы 
шаблондарды қолдана отырып іске асыру орнықты, оларды қолдану осы 
шараны дәл әрі жедел орындауға мүмкіндік береді. Желінің бұрылыс 
бұрыштарын бұрыштың бекеттік белгілерімен белгілейді, оларда 
олардың нөмірі, желі бұрылысының бұрышы және тіреудің жобалық 
нөмірі көрсетіледі.
Іске асырылған трассаны ажыратуды жобамен салыстырады: 
жобадан айрықша анықталған ауытқуларды жояды немесе жобалау 
кәсіпорынмен келістіреді, одан кейін тіреу астына шұңқырларды қазуға 
кіріседі.
1000 В дейінгі кернеуге есептелген ӘЖ тіреулері, әдеттегідей, 
іргетас құрылғыларын талап етпейді, оларды топыраққа тәкелей 
орнатады, сол себепті трасса остері мен тіреу орталарын белгілеп 
алғаннан соң, тіреу астына шұңқырларды қазады. Қазар алдында тіреуді 
орнату орнын білдіретін белгі дұрыс орнатылғандығына көз жеткізеді. 
Ол үшін екі көршілес бекеттерінде ағаш белгілерін орнатады және осы 
белгілер мен бекетте орналастырылған белгілер бір желіде екендігін көз 
мөлшерімен анықтайды.
Шұңқырларды қазу үшін топыраққа орнатылатын тіреулердің 
астына автомобиль және жыланбауыр жүрісіндегі арнайы жер қазу 
машиналарын қолданады.


373 
11.8 суреті. Шұңқырды бұрыштық анкерлік тіреу бойымен ажырату (а) және 
қол әдісімен ашылған шұңқырдың нысаны 
Бұрғылау машиналарын қолдану ауыр әрі азөнімді қол еңбегін қажет 
етпейді және тіреудің топырақта сенімді бекітілуін қамтамасыз ете 
алады. Бұрғыланған шүңқырлар саңылауларды білдіреді, оларды 
пішіндері тіреудің диаметрлеріне сәйкес болады, ал қабырғалары 
бұрғылау қондырғысының құралымен тығыздалған. Тік бұрышты 
нысанды шұңқырларды қазу үшін ІЖ тіреулері астына пнесмодөңгелекті 
жүрістегі Э-153 және Э-302 Б экскаваторларын қолданады.
Бірдіңгекті тіреулер астына цилиндр нысанындағы шұңқырларды 
автошұңқырларды қазу және өз бетінше жүретін бұрғылау-кран 
машиналарымен бірнеше рет қолдана отырып қазады, яғни, бұрғыны 
0,4...0,5 м тереңдеткеннен кейін, онда бар топырақпен бірге оны 
көтереді және бұрғыны айналдыру жиілігін арттыра отырып, топырақты 
ығыстырып тастайды. Одан кейін бұрғыны қайта шұңқырға түсіреді 
және оны тағы 0,4...0,5 м тереңдете түседі. Осы шаралар шұңқырдың 
тереңдігі және ені қажетті шамаға жеткенше жалғастырады.
Тіреу 
астындағы 
шұңқырларының 
тереңдігі 
топырақтың 
сипаттамасынан, тіреудің биіктігі мен тағайындалуынан, аймақтың 
климаттық талаптарынан, тіреуде орналастырылатын сымдардың саны 
маен олардың жалпы қималарынан, трассадағы ерекше шарттарынан 
және т.б.тәуелді жобамен анықтайды. Жер үстінде шұңқырлардың 
сыртқы шекаралары табиғи құламаларының бұрышымен анықталады. 
Шұңқыр іргетасының ауданы тіреу тақалған жерінің желі діңгегінде оны 
дәл орнату үшін трасса осінен көлдеңен 10...15 см жылжытуын 
қарастыруы тиіс.
Шұңқырдың қол тимеген қабырғасы ӘЖ сымдарының тартылысы 
тарапынан болатындай етіп, бұрыштық және ұштық тіреулер астына 
салынатын шұңқырларды қазу керек.
Көптеген және тармақталған жерасты коммуникациялары (сым 
желілері, құбыр жолдары, туннелдер, коллекторлар және т.б.) бар 
орындарда шұңқырларды қолмен қазады. Сонымен қаиар, бір немесе 
екі-үш тіреуді орнату үшін шұңқырларды қолмен қазады, яғни, 
механизмдердің саябағы алыс орналасқан кезде және жұмыстардың аз 


374 
көлемі үшін бұрғылау қондырғыларын айдау орнықты болмаған 
жағдайда.
Бірдіңгекті тіреулер үшін топырақты қолмен өңдеу кезінде (11.8, б 
суреті) ені 0,6...0,7 м (трассаға көлдеңен) және ұзындығы 1,8...1,9 м 
(трассаның бойымен) болатын шұңқырды қазады. Желі бойымен 
шұңқырды әрқайсысының биіктігі 500...700 мм болып келетін 
сатылармен қазады. Топырақты шұңқырдың жиегінен кем дегенде 0,5 м 
лақтырып отырады.
Тіреулерді орнату орындарында алдын-ала сақтық шараларын 
қолдана отырып шұңқырларды қазу керек, әсіресе, жерде оналасқан 
коммуникациялар немесе құрылыстарды зақымдау қаупінен 0,4 м 
тереңдігіне жеткен кезде. Шұңқырды өңдеу кезінде жерасты сым немесе 
берілген бір құбыр жолдары байқалған кезде не газдың иісі пайда болған 
жағдайда жұмыстарды дереу арада тоқтатып, ол туралы жұмыстардың 
әкімшілерін хабардар ету керек.

жүктеу 9,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   256




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау