«Қызмет адамының жеке-бас қасиеттері» Адалдық пен туралық


Жыныстық ӛмірге қатысты харамдар мен халалдар



жүктеу 1,1 Mb.
Pdf просмотр
бет105/127
Дата01.11.2023
өлшемі1,1 Mb.
#44106
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   127
Шынайы адам

4.Жыныстық ӛмірге қатысты харамдар мен халалдар 
Адамның рухтық және рухани болумен қатар тәндік-табиғи қажеттіліктерінің де 
дұрыс және теңдікті түрде ӛтелуі керектігін қабылдайтын Ислам діні адамның 
жыныстық ӛмірін де табиғи нәрсе ретінде қарастырған, алайда бұл мәселеде белгілі 
шектеулер мен ӛлшемдер қойып, әрі жыныстық ӛмірді қорғап, жалғастыруды, әрі 
адамдық намыс пен құндылыққа қайшы әрекеттерді, адасушылық мен астамшылықтың 
алдын алуды кӛздейді. 
Үйленіп, намысты қорғау, жыныстық қалауларын заңды ӛлшемде ӛтеу, дұрыс 
және жүйелі жыныстық ӛмір діннің бұйырған және ұсынған нәрсесі болғандықтан кең 
мағынада «ғибадат» ұғымына кіреді. Құранда «Сендер үшін тыныштыққа жетіп, 
қанағаттанатын жұбайлар жаратып, араларыңда сүйіспеншілік пен мейірім пайда етуі - 
Оның барлығының дәлелдерінен. Дұрысы, мұнда жақсы ойланған қоғамдар үшін 
ғибраттар бар» (Рум, 30\21) деп бұйырылады. Намысын қорғаған, үйленіп, заңды 
жыныстық қатынаспен шектелген мүміндер туралы мақтау сӛздер айтылады
196

Пайғамбарымыздың мұсылмандарды үйленуге шақыруы, осы бірлікті мүмкіндігінше 
сақтауды үгіттеуі, осы мәселеде басшылар мен мемлекетке бірқатар міндеттер жүктеуі, 
бойдақтықты сынға алып, бойдақ болып жүруді әдетке айналдырғандың қатаң сыналуы 
да осы мақсатқа бағытталған. Ӛйткені, басқа діни міндеттер теңдігі сақталған және 
берекелі отбасында одан да жақсы атқарылады.
Ар-намыстың қорғалуы Ислам дінінің жыныстық ӛмірге қатысты жалпы діни 
және ахлақтық қағидасын құрайтыны секілді зинақорлықтың харам етілуі, 
зинақорлыққа немесе намысты таптауға жол ашатын жағдайлар мен әрекеттерге тыйым 
салынуы да осы қағиданы сақтауға бағытталған шаралар болып табылады. Ӛйткені, бір 
құндылықты сақтау оны тікелей және жанама түрде жоятын қауіптерге қарсы шара 
қолдану арқылы мүмкін болады.
Зинақорлықтың барлық тҥрі харам 
Үйленуден тыс жыныстық қатынас дегенді білдіретін зинақорлыққа бұрыннан 
бері адамның ақылы, ахлақ пен құқық жүйелері, басқа сәмәуи діндер қате, ұят және 
жаман әрекет деп қабылдаған, Ислам дінінде де нақты түрде тыйым салынған, істелуі 
үлкен күнә деп саналып, оның алдын алу жолында бірқатар шаралар қабылданған іс 
болып табылады.
Қоғамда жеке адамдардың және отбасылық ӛмірдің сақталуы, дұрыс жыныстық 
ӛмірді қамтамасыз ету үшін тек үйленуден тыс жыныстық қатынас дегенді білдіретін 
зинақорлыққа тыйым салу жеткілікті болмайды. Бұған қосымша, ақылдың, діннің және 
адам табиғатының жаман деп қабылдаған әртүрлі ұятсыздық, жеңіл жүріс және 
әдепсіздікпен күресіп, соларды тарататын ортаны түзеп, жақсарту керек. Бұл үшін де 
Ислам діні тек зинақорлыққа тыйым салумен шектелмей, зинақорлыққа апаратын 
жолдардың, әдепсіздіктің, әйел-еркек байланысындағы ӛлшемсіздіктің және шектен 
тыс еркіндіктің де алдын алуға, бұған қосымша жеке адамға ахлақтық кемелдену мен 
жеке жауапкершілік жүктеуге, жыныстық қатынасқа қатысты жұбайлар арасында 
бірқатар құқықтар мен міндеттер туралы айтып, отбасын сақтауға мән берген.
Құранда зинақорлық пен жезӛкшелік үлкен күнәлардан деп саналып, 
зинақорлықтың дүниелік және ақыреттік жазасы туралы айтылумен қатар
197
еркектер 
мен әйелдердің кӛздерін харамнан сақтаулары, әурет жерлерін жабулары бұйырылған, 
осылайша зинақорлыққа апаратын жолдың бір жағынан жабылатыны білдірілген
198
. Бір 
хадисте расулуллах (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) тіл, ауыз, қол, аяқ, кӛз сияқты 
196
М
ү
минун, 23\5-6 
197
Ә
ли 
Ғ
ымран, 3\135; Ниса, 4\15-16; Исра 13\32 
198
Н
ұ
р, 24\30-31 


98 
ағзалардың зинақорлығы туралы айтып, зинақорлыққа жол беретін
199
әртүрлі заңсыз 
қатынастың, ашыналық пен бірге болудың да ахлаққа жат әрекеттер екенін білдіріп, 
олардан да сақтандырған. Ӛйткені, ар-намыс біртұтас нәрсе, оны тек оған дақ түсіретін 
әртүрлі жамандықтар мен қателіктерден аулақ болу арқылы сақтауға болады.
Еркек пен әйел - бір-бірі үшін жыныстық қоздырушы. Сондықтан да бӛтен 
(араларында үйлену байланысы немесе үйлену кедергісі жоқ) еркек пен әйелдер бір-
бірлеріне ӛлшемді түрде, арақашықтықты сақтап әрекет етулері керек. Бӛтен әйелдің 
бӛтен еркекпен жеке қалуына одан туындайтын қауіпті нәтижелерге байланысты 
тыйым салынған. Араларында үйленуге кедергі болмаған еркек пен әйелдің басқалар 
кӛрмейтін жабық орында жеке қалуларына тыйым салынған. Бір хадисте 
пайғамбарымыз (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) «Кімде-кім Аллаһқа және ақырет 
күніне иман келтірсе бӛтен әйелмен оңаша қалмасын, ӛйткені мұндай жағдайда 
үшіншілері шайтан болады»
200
деген. Мұндай жағдай қарсы жыныс үшін қоздырушы 
әрекет болып табылады, зинақорлық немесе ӛсекке және тараптардың ар-намысының 
тапталуына жол ашуы мүмкін.
Жыныстар арасындағы қатынастарда ахлақтық қағидалардың сақталуы - 
еркектер мен әйелдердің ортақ жауапкершілігі. Жыныстық қоздырушылық ерекшелігі 
назарға алынып, әйелдердің мұқият әрекет етулері талап етілген. Бӛтен еркектермен 
сӛйлескенде әйелдердің жүректе күмән оятпайтын және алдындағы адамды қате 
түсінуге апармайтын түрде байсалды және салмақты болып сӛйлеулері
201
, денесі мен 
әшекейін бӛтендерге кӛрсетпеулері
202
, бұл үшін кӛшеге шыққан кезінде жақсылап 
денелерін жабуы
203
осы мақсатқа бағытталған бұйрықтар болып табылады. 
Пайғамбарымыз әйелдердің ӛз үйлерінен тыс жерде, басқалар сезетін дәрежеде иіссу 
себініп жүрулерін жӛн кӛрмеген
204


жүктеу 1,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   127




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау