I теоретические основы логопедии


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар



жүктеу 5,47 Mb.
Pdf просмотр
бет92/230
Дата01.11.2023
өлшемі5,47 Mb.
#44090
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   230
Логопедия

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар 
1. Ринолалия кезінде операцияға дейінгі логопедиялық жұмыстың
 
негізгі міндеттерін атаңыздар. 
2. Операцияға дейінгі кезеңнің логопедиялық принциптерін атаңыздар.
Бұл сұраққа жауап беру үшін А. Г. Ипполитованың «Открытая ринолалия» 
(М., 1983) деген жұмысымен танысыңыздар. 
3. Операциядан кейінгі логопедиялық жұмыстың негізгі міндеттері
қандай? Операцияға дейінгі жұмыстың міндеттерінен қандай 
айырмашылығы бар? 
4. Педагогикалық – түзету жұмысының дайындық периодының
кезеңдері. Әр кезеңнің мақсаттарын ашып айтыңыздар. 
5. Операциядан кейінгі кезеңнін логопедиялық принциптерін
атаңыздар. Бұл жерде кешенді принцип қалай жүзеге асырылады? 
6. Операциядан кейінгі логопедиялық жұмыс қандай бағыттардан
тұрады? 
7. Операциядан кейінгі логопедиялық жұмыстың негізгі кезеңдерін
атаңыздар. Әр кезеңде логопедтің алдында тұрған міндеттері қандай? 
8. Неге ринолалияны алдын алу шараларына көп көңіл бөлу маңызды? 
9. Массаж түрлері. Өткізу әдістемесі. 
10. Дыбыстарды түзету кезектілігінің кестесін құрастырыңыздар. 
Ұсынылған әдебиеттер 
1. Логопедия. Л. С. Волкованың ред. М., 2004. 
2. Ипполитова А. Г. Открытая ринолалия. – М., 1983. 


193 
3. Ермакова И. И. Коррекция речи при ринолалии у детей и подростков. – М., 
Гном- пресс, 1999. 
4. Өмірбекова Қ. Қ., Серкебаев Қ. Логопедия. - Алматы, 1996. 
5. Өмірбекова Қ. Қ., Ибатова Г. Б., Төлебиева Г. Н. Ринолалия, Алматы,2009 
6. Логопедия. Методическое наследие. Кіт 1, 2 бөлім: Ринолалия. Дизартрия. 
М., Владос, 2006. 
 
10 БӨЛІМ. СӨЙЛЕУДІҢ ЖЫЛДАМДЫҒЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ 
 
Сөйлеудің жылдамдығының бұзылуына брадилалия мен тахилалия
жатады. Сөйлеудің мұндай бұзылыстары әртүрлі деңгейде байқалады: 
жеңіл, орташа, ауыр. Ауыр түрінде қатынас процесі бұзылады. Себептері: 
психогендік, соматикалық, зиянды әдеттер.
Брадилалия
– сөйлеу жылдамдығының патологиялық баяулауы. Термин 
bradus- баяу, lalia - сөйлеу деген грек сөздерінен шыққан. Брадилалия
өзіндік жеке бұзылыс ретінде сонымен қатар психикалық аурулардың
кейбір түрінде байқалуы мүмкін. Брадилалияның белгілері (симптомдары) 
әртүрлі: ішкі және сыртқы (экспрессивтік) сөйлеудің баяулауы, оқу мен
жазудың процестерінің баяулауы, дауысы бір қалыпты, сөздердің
арасындағы үзілістердің (паузаның) баяулауы немесе ұзаруы, 
дыбыстарды созып айтуы. Балалар фразаны бөліп, буындағы дыбыстарды
созып айтады. Мұнда сөйлеу айналасымен қатынасты қиындатады. 
Аталған белгілер сөйлеудің әр түрінде байқалады: диалогтік сурет
бойынша әңгіме құрауда, мәтінді оқығанда, мазмұнын айтуда. Оқу
кезіндегі мәтінді көріп қабылдауы сөйлеудің жылдамдығына әсерін
тигізбейді. Балалар сөздерді дұрыс айтады, бірақ баяу, сөзді, фразаны да
баяу жазады. 
Брадилалияның сөзсіз белгілеріне тән: жалпы саусақтардың ұсақ
моторикасының, беттің бұлшық еттерінің бұзылуы байқалады, қимылдары
баяу, солғын, көлемі толық емес. Психикалық процестерінің
ерекшеліктері байқалады: қабылдаудың, зейіннің ойлаудың баяулығы. 
Нұсқауды бірнеше рет қайталағаннан кейін орындайды. Персеверацияға
бейімділігі бағдарлаудың жеткіліксіздігі байқалады. 
Тахилалия
- сөйлеудің патологиялық тез (шапшаң ) сөйлеу. Термин
tachis - тез, шапшаң, lalia - сөйлеу деген грек сөздерінен шыққан. 
Тахилалияның себептерімен механизмі туралы әр түрлі көзқарастар
айтылады. D. Weiss (1950) шапшаң сөйлеуде орталық сөйлеу
механизмінің бұзылуымен байланыстырады. М.Зееман (1950) шапшаң 
сөйлеу экстрапирамидалық жүйенің функциясының бұзылуынан деген
ой айтты. М. Е. Хватцев (1959) тахилалияның негізгі себебі сөйлеу
аппаратының қимылының туа біткен жеткіліксіздігінен деп санайды.
Г. Гутцман тахилалия қабылдаудың бұзылу салдары деп есептейді. 
Тахилалияға тән белгілер: фонетика мен синтаксистің ауытқуынсыз
шапшаң сөйлеу ( секундіне он – он екі дыбыстың орнына жиырма – отыз


194 
дыбыс айтылады). Шапшаң сөйлеген кезде сөйлеу зейіні бұзылуы
тоқтап қалу, қайталау, буындардың орнын ауыстыру, сөйлем бұзып айту, 
дыбыстарды анық айтпау т.б. кездесуі мүмкін. Егер сөйлеуге баланың
көңілін аударса, жылдамдығы сақталғанымен сөз арасында тоқтап қалуы
байқалуы мүмкін. Сыртқы сөйлеудің бұзылуымен қатар оқу мен жазудың
бұзылуы байқалады. Жазуда, оқуда кездесетін қателер: алмастыру, 
әріптердің, дыбыстарды, буындарды алмастыру, орын ауыстыру. 
Тахилалиямен зақымдалған адамдардың жалпы қимылының жылдамдығы
бұзылады. Қимылдары тез (тез жүреді, тез тұрып, тез тоқтайды) моторлық
беймазасыздық ұйықтап жатқан кезде де байқалады. Ондай балалар
ашуланшақ, мазасыз келеді. Ашуланған кезде мынадай реакциялар
байқалады: бетінің, құлағының қызаруы, қолының терлеуі, сууы. Есейген
сайын өзінің ақаулығына әртүрлі көзқарас пайда болады: 
1.
Біреулер сөйлеу шапшаңдығын тұлғаның психомоторлық
қалпына сай табиғи түрі деп бағалайды; 
2.
Екіншілері шапшаң сөйлегенін сезініп, уайымдайды, 
көбінесе оларды тұтықпаның кешеуілдеген түрі деп есептейді. 
3.
Үшіншілері өте қатты уайымдайды, соның салдарынан
сөйлеу жылдамдығы күшейе түседі. 

жүктеу 5,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   230




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау