I теоретические основы логопедии



жүктеу 5,47 Mb.
Pdf просмотр
бет21/230
Дата01.11.2023
өлшемі5,47 Mb.
#44090
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   230
Логопедия

үй, ат, 
май, шана, оқушы, мысық, балық 
т.б. 
Бала сөз құрамындағы өзі дұрыс айта алмайтын дыбысын қалай 
бөлетіндігіне ерекше назар аударуды қажет етеді. Егер ол басқа дыбыспен 
алмастыратын болса, онда оған сәйкес дыбысы бар сөзді өзі ойлап табуын 
өтіну керек. Бұл дыбысты басқа дыбыспен алмастыруы бөліп алу 
қиындығымен байланысты ма, жоқ әлде тек дыбыстың өзін дұрыс айта 
алмауынан ба екенін анықтауга болады. 
Аныктауға арналған жақсы тәсілдің бірі – керекті дыбыстан басталатын 
сөздермен аталатын заттар бейнеленген суреттерді іріктеп алу. Сонымен 
бірге жиі шатастыратын дыбыстардан басталатын заттар бейнеленген 
суреттерді іріктеуді ұсынуға болады. 
Бейнеленген заттардың аттарының бастапқы дыбыстары: 1) талданатын 
дыбыстан; 2) ең жиі араласатын дыбыстардан; 3) іріктеуге жатпайтын баска 
дыбыстардан тұратын суреттердің жиынтығы болу қажет. Мысалы, егер 
бейнеленген заттың аттары С дыбысынан басталатын суреттерді сұрыптау 
ұсынылатын болса, онда олардың арасында бейнеленген заттардың аттары с, 
з, ц, ш, ж, ц, щ дыбыстарынан басталатын суреттерде, сонымен бірге аттары 
м, ж, к, к, і және тағы басқа дыбыстардан басталатын суреттердің бірнешеуі 
болу керек. Бейнеленген заттардың аттары 
С
дыбысынан басталатын 


44 
суреттерді бір топқа, 
3
дыбысынан басталатындарды екіншісіне, 
Ш
дыбысынан басталатындарды үшіншсіне және тағы баскаларын келесісіне, 
сөйтіп барлық суреттерді топтарға бөлуді ұсынып, тәсілдің түрін өзгертуге 
болады. Бұл тәсілге алынатын суреттердің жобалы тізімі мынандай болу 
керек: шана, қоңыз, тон, шұлық, сандық, шапан, шопан, қозы, шеге, сиыр, 
қасық, жалау, қаз, қайшы т.б. 
Дыбыстық талдауды барлық жағынан толық меңгерген балалар үшін 
оқу барысында онша жиі қолданбайтын, көп буынды, дауыссыз дыбыстары 
бір жерге топталған, дыбыстарын дұрыс айта алмайтын сөздерді арнайы 
сұрыптап алады. Мысалы: сандық, ескерткіш, милиционер, қауырсын т.б. 
Бала өзіне міндеттелген тапсырманы қаншалықты оңай орындауы мүмкін, 
ешқандай қиындықтар кездескен жоқ па, егер кездессе олар қалай байкалды; 
бала дыбыстарды айырып және бөліп алама немесе баска дыбыстармен 
алмастыра ма, немесе тапсырманы мүлдем орындай алмай ма; талданған 
сөзден дыбыстардың жүйелігі айқындала ма, тексеру барысында анықталған 
мәліметтерді логопед жазып алады. Баланың дыбыстарды айыру-дағы 
жіберетін қателері неғұрлым көп болса, демек сөздің дыбыстық құрамы 
туралы түсінігі таяз болса, соғұрлым ол дыбыстарды нашар талдайды, оқу 
мен жазуды меңгеруге дағдыланғанға дейін соншалықты қиналады.
 
Сөздік қорын тексеру
Баланың ауызекі сөзін бақылай отырып сөздік қорының қаншалықты 
деңгейде екенін анықтап білуге болады. Бірақ кейбір жағдайларда баланың 
сөйлеу тіліндегі белсенділігін және сөздің мағынасын түсінудегі енжарлығын 
арнайы тексеруді керек етеді. 
Баланың жас мөлшеріне және сөйлеу тілінің мүмкіндігіне қарай сөздік 
қорын зерттеу үшін заттардың аттарын атау, жалпы аттарын табу, қарсы 
мәндес және ұқсас мәндес сөздерді атау, түбірлес сөздерді іріктеу, сөйлемдегі 
сөздерді ауыстыру сияқты бірсыпыра арнайы тәсілдер қолданылады. 
Ең қарапайым және аса көп тараған тәсілдердің бірі заттардың 
атын атау, балаға аттарын атай алатын заттарды немесе оның әрекетін және 
белгісін бейнелейтін суреттерді көрсетеді. Баланың сөйлеу тілінің 
белсенділігін тексеру үшін логопед оған затты немесе суретті көрсетіп, 
Мынау не? Мынау кім? Не істеп жатыр? Қандай? Кімдікі? деген сұрақтарды 
қояды. Бала затты немесе суретті атау керек. Бұндай тәсілді тіпті мектеп 
жасына дейінгі балалардың сөздік қорының деңгейін тексеру үшін де 
қолданады. Әдетте сөйлеу тілі дұрыс дамып, мектеп жасына дейін-ақ 
айтарлықтай мол сөздік қор жинаған бала заттың атын, әрекетін, сапасын 
атауда ешқандай қиналмайды. 
Заттар және суреттер тақырыпқа іріктеп алынған болу керек, мысалы, 
ойыншық, ыдыстар, киімдер, аяқ киімдер, жануарлар, үй жабдықтары, әр 
түрлі кәсіптің адамдары, жиһаздар. 
Тақырыптық суреттердің ішінде күнделікті тұрмыста көп тарала қоймаған, 
бірақ балаларға белгілі заттар бейнеленген суреттер болу керек (сөре, ескек, 
табалдырық, маңдайша, босаға, қодық, бәкі, кездік, жаулық т.б.). 


45 
Осы тәсілдердің тағы бір түрі бар. Ол заттың атын өзі тауып атайтын тәсіл. 
Балаға сұрақ қояды. Бала жауабын өзі айтуы керек. Мысалы, көжені немен 
ішеді? (қасықпен) немесе койдың төлін не деп атайды? (қозы). 
Сәл қиындау тәсілге заттардың жалпы атауын табу жатады. Балаға бір 
мақсатқа бағытталған бірнеше заттардың жиынтығын көрсетеді де олардың 
барлығын бір сөзбен атауын ұсынады. Мысалы, мектеп жасына дейінгі
ересек балаға немесе бірінші сыныптың оқушысына кесені, қасықты, 
қазанды, тәрелкені, шәйнекті, шөмішті, көрсетеді де, "осылардың жалпы 
атауы қандай?" деп сұрақ қояды. 
2-3-ші сыныптың оқушыларына жалпы атаулары күрделілеу заттар 
бейнеленген суреттерді көрсетеді де: "Бұл не?" деген сұрақ қояды. Мысалы, 
жануарлар (қасқыр, түлкі, киік, аю, қоян, борсық, жолбарыс), өсімдіктер 
(жусан, жоңышқа, бидай, қамыс). 
Заттың әрекетін, іс-қимылын және ерекшелігін білдіретін сөздіктің 
көлемін және ерекшелігін анықтауға ерекше назар аудару керек. Осы 
мақсатпен баланың нақтылы әрекет, іс-қимылы немесе әрекетті бейнелейтін 
суреттегі затты атауынан бөлек, басқа да дәйекті тәсілдерді пайдалануға 
болады. 
Көрсетілген зат бойынша оның әрекетін іс-кимылын айту. Мысалы, 
жануарлардың қалай қозғалып бара жатқанын немесе не істеп тұрғанын 
айтып беру керек. Балаға жануарлар бейнеленген суретті көрсетеді. Ол 
суреттегі жануарлардың түрлеріне қарап отырып, қайсысының қалай 
қозғалатынын айтып береді: балық/жүзеді/, қарлығаш /ұшады/, шегіртке 
/секіреді/, жылан / жорғалайды /. Анықтауыш сөзді іріктеу / Бұл балалар сын 
есімді пайдалана білетінін анықтау үшін қолданады. Тәсілдің мақсатын 
балаға мысалдарды талдай отырып түсіндіруге болады. "Аспан қандай?" 
Ашық көгілдір. "Көктемде жер кандай түсті?" – жасыл. 
Бала өзінің ауызекі сөйлеу тілінде қатыстық және сапалы сын есімдерді 
қалай қолданатындығына ерекше көңіл аударуы керек. Баладан мынандай 
сөздерге қандай сын есімдер сәйкес келетінін сұрайды. Мысалы, орамал, үй, 
орман, орындық, күрек, балта, сиыр. Балаға: "Бұрыштың дәмі қандай? "- 
(ащы), "Балта қандай?" - (өткір) – деген сұрақтарды береді 
Осы тәсілдермен қатар бастауыш сыныптың оқушыларына қарсы мәндес 
немесе ұқсас мәндес сөздерді іріктеу тәсілін ұсынады. Логопедтің атаған 
сөздеріне бала олармен мағынасы ұқсас, бірақ түрі басқа сөздерді атауы тиіс. 
Мысалы, батырлық, үрей, жақсы, жаман, үлкен, аласа, биік, қайғыру, қуану. 
Әдетте балаға таныс сөздерді іріктеп колданған дұрыс. Қарсы мәндес 
сөздерді іріктеу үшін пайдаланылатын сөздерді де логопед атаған кезде бала 
оларға мағынасы қарама-қарсы сөздерді айтуға тиіс. Мысалы, қуаныш, сараң, 
жақсы, пайдалы, жуан, қараңғы. Бұл тексеруді ойын түрінде де жүргізуге 
болады. Мысалы "керісінше" айт. Мен бір сөз айтам, сен керісінше айт. 
Түбірлес сөздерді іріктеуге мысал ретінде мынандай сөздерді атауға болады: 
жер, жыл, мал, жал, бала, қыс, оқу т.б. 
Баланың жас мөлшеріне ой-өрісінің даму шамасына қарай бұл 
келтірілген тәсілдерді қиындатып немесе жеңілдетіп қолдану керек. Егер 


46 
бала ұсынылған сөзді атай алмаса немесе қате айтқан жағдайда оның еңжар 
сөздігінде бұл сөздің бар-жоғын тексеріп анықтау керек. Ол үшін балаға айта 
алмаған немесе қате айтқан сөзді, бар заттарды немесе бейнелі суреттерді 
көрсетеді. Логопед: "Мына суреттердің қайсысында орамал бейнеленген?", 
"Мына заттардың қайсысы бұрыш?" – деген сұрақтарды қояды. Бұндай 
тексеруді баланың сөзді атай алмағаннан немесе қате айтқаннан кейін іле-
шала жүргізуге болмайды. Дұрысы баланың алдымен сөйлеу тілінің 
белсенділігін тексергеннен кейін жүргізген ыңғайлы. 
Тексерудің бір түрі, бала көз алдына көрініп тұрмаған затты алдымен 
тауып алып, сосын көрсету. Мысалы, балаға өзінің көзін, құлағын, мұрнын, 
иегін саусағымен көрсетуді ұсынады. Егер ол осы затты немесе оның 
суреттегі бейнесін дұрыс атаса, онда бұл сөзді түсінетіндігін білдіреді. 
Лингвистика мен психологияда әрбір мазмұнның мағынасы бойынша екі 
жақты ажырату қабылданған. Бірінші жағы – сөздің меншікті атауын 
көрсететіндігі, демек оның затқа қатыстығы, екінші жағы – сөздің 
мағынасының байланысы мен қатынасын қамтып көрсетуі. 
Сондықтан баланың сөйлеу тіліндегі сөздігін тексерген кезде оның сөздік 
қорының мөлшерімен бірге, күнделікті қолданып жүрген дағдылы сөздердің 
мағынасын түсіну ерекшелігін де ескеру қажет. Заттың атын дұрыс 
айтқанына қарап бала бұл сөздің мағынасын біліп, яғни түпкі төркінін 
түсініп, орнымен колданады деп айту жеткілксіз. Сондықтан баланың сөзді 
дұрыс пайдалана ма, жоқ әлде басқа сөздің орнына ауыстырып қолдана ма, 
соны анықтай отырып сөйлеу тіліне мұқият бақылау жүргізу өте орынды. 
Лайықты мысалдар келтіре отырып, сөйлеу тіліндегі сөздердің анықталған 
кемшіліктерін түгел жазып алу қажет. Заттарды, әрекеттерді және сапасын 
нақтылы бір сөзбен көрсетіп, оның белгіленген затпен, әрекетімен және 
сапасымен байланысының беріктігін және лайықты затты көрсеткен кезде 
керекті сөзді оңай табуға мүмкіндігі болатындай оның дыбыстық құрамының 
айтарлықтай анық көрсетілуін талап етеді. Сонымен қатар сөздің жәрдемімен 
мүмкіндігінше заттың барлық сапасының ерекшелік және маңыздылық 
қасиетін атап көрсету қажет. Осы шарттардың тіпті біреуі бұзылған жағдайда 
оның лексикалық корының калыптасуында қиындық байқалуы мүмкін. 
Бундай келеңсіз жәйттер жалпы сөйлеу тілі толық дамымағын балаларда жиі 
байқалады. Бұндай балалар негізінде жалпыға таныс және күнделікті қарым-
қатынаста өте жиі қодданатын сөздермен ғана шектеледі. Көп сөздерді 
жуықтап және күнгүрт мағынада айтады. Сыртқы түрінің, қимыл-әрекетінің, 
тегін атқаратын қызметінің ұқсастық ерекшеліктері бар заттардың меншікті 
атауларын дұрыс атамай, олардың атауларын алмастырады. Мысалы, 
бұзауды – сиыр, көлді – су, каналды – арық, қалайыны – темір, алма-жеміс, 
қазды – үйрек деп алмастырып айтады. 
Алайда баланың сөздік қорының бұзылуының ерекшелігі мен шырайы 
әр түрлі болуы мүмкін екендігін есте сақтау керек. Сонымен, мысалы, жалпы 
сөйлеу тілінің кейбір элементтері толық дамымаған балалардың сөздік 
қорындағы кемшіліктер азырақ өрескелденіп көрінуі мүмкін. Олардың 
көпшілілігінің сөздік қоры бай болады, бірақ оку барысы кезінде естіп 


47 
үйренген жаңа сөздерді, түсініктерді, көріністерді өзінің сөйлеу тілінің 
белсенділігінде жеткілікті түрде қолданбайды. Түбірлес сөздердің көбінесе 
екеу-үшеуінен артығын таңдауға шамасы жетпейді, оның өзінде олардың 
сыртқы түрін ғана өзгертіп алады. Сөйлеу тілінде грамматиканың үстеу және 
қатыстық сын есім сөз таптарын сирек қодданады. 
Баланың сөздігі оның жалпы сөйлеу тілінің толық дамымауының 
әруақытта толық көрсеткіші бола бермейді. Оның өскен ортасына, алған 
тәрбиесіне және тағы басқа да себептерге байланысты сөздік қорының
дамуының немесе тоқырауының байкалуы мүмкін. Бұны жеке дара бөліп 
алып қарауға болмайды, оның басқа көріністерімен, соның ішінде сөйлеу 
тілінің фонетикалық және грамматикалық құрылысының дамуындағы 
ерекшеліктерімен бірге қарау керек. 
Сөз қорын тексеруге қажет лексикалық және көрнекілік материалдар 
мына қағидаларға сәйкес іріктеледі: 
- семантикалық (тексеруге заттың атын, оның бөлшегін, іс-әрекетін, сапа, 
сипатын, уақытты, кеңістікті білдіретін сөздер іріктеледі); 
- лексикалық - грамматикалық (тексеруге қажет зат есім, сын есім, етістік, 
үстеу, т.б. әр түрлі сөз таптарын кіргізу қажет және ол сөздер баланың жас 
ерекшелігіне сәйкес болуы керек); 
- тематикалық немесе тақырыптық-лексикалық материал тақырып бойынша 
топталады: киім, жеміс, т.б. 
Тексеруге қажет сөздер мектептің немесе мектепке дейінгі 
мекемелердің бағдарламасына сәйкес құрастырылады. Сонымен қатар сөйлеу 
тілі бұзылған балаларға сөздік-буындық құрамы қолжетерлік, қолайлы 
болуын ескеру қажет. Тексеру қорытындысын талдау барысында сөз қорында 
қандай лексикалық топтардағы сөздерді қолданбайды, алмастырады, қандай 
сөздерде қателер кездесетініне көңіл бөлу керек. 

жүктеу 5,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   230




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау