«Қазақстан
халқына адал қызмет етіп, Елбасы саясатын жүзеге асырамын»
деп ант
112
берді. Өкініштісі, бұлардың бірде-бірі антын мемлекеттік тілде берген жоқ,
«Мұның қалай?» деп айтқан ешкім болмады. Бұлар антын қазақ тілінде бере
алмай тұрып, қазақ еліне қалай адал қызмет етпек?
Мемлекеттік қызметте жүргендердің көбінің-ақ ана тілде сауатты
жазып, оқып, өз ойын еркін айтуға шамасы келе бермейді. Қай мекеме,
қай министрлікке, қай әкімшілікке барсаңыз да «аруанадай болып
аңқылдап», айналып кетейін, орыс тілі алдыңнан шығады. Бұл бізге
жат тіл емес, әрине, бәріміздің бауыр басып кеткен үйреншікті тіліміз.
Алайда, Ана тіліміз аяғынан қаз тұрып кете алмай тәлтіректеп тұрған
кезеңде оған көмекке келетін мемлекет қызметіндегілердің сыйқы
әлгіндей екенін көріп, еңсе түседі.
Ұлттық комиссиядағылар қаржы рыногының тілі негізінен
ағылшын және орыс тілі дегенді айтады. Сонда біздікі не әурешілік?
Сондықтан да біз лауазымды мемлекет адамдарының бәрін де әлгіндей
емтиханнан өткізіп отыру қажет деп санаймыз. Сонда ғана қазақ тіліне
деген ықылас артып, қажеттілік туындайтын болады. Ол ғана емес,
ел-жұрт аузына қарап отырған басшылардың мемлекеттік тілге деген,
оның болашағы мен жаңа үрдісіне деген пиғылына, оң көзқарасына,
жеке басының үлгі-өнеге, ыкылас-бейіліне де көп нәрсе байланысты.
«Шындықты айтқанның айыбы жоқ». Осыған бір мысал келтіре
кетелік. Елбасымыздың бұрынғы орынбасары яғни, егемен елімізді
басқарған екінші адам Асанбаев Ерік мырза кезінде Адам құқын
қорғау комиссиясының төрағасы ретінде өткізген алғашқы жиналыс
үстінде сөзге шыққан Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының бірінші
вице-президентіне (Ө.Айтбаев мырзаға) өз пікірін қазақша айтуға
тыйым салғаны бар. Оның бұл туралы ашына жазған пікірі кезінде
«Ана тілі» апталығында жарияланған болатын. Сонда онсыз да
тағдырдың тәлкегіне түскен ана тіліміз мұндай басшыдан не үміт, не
қайыр күтеді деп күйзелген едік.
Егемендік алғаннан кейін Қазақстан үкіметі басына Терещенко
мырза келді. Бұл мемлекеттік тіл мәселесі қызу әңгіме болып жатқан
кез болатын. Сондықтан да, оны басшы қоярда: «ойбай, орыс болса
да қазақ тіліне судай екен!» деген лақап тарап кетті. Тіл сүйер қауым
малақайын аспанға атып қуанды. Ондағы бір ойы: «биік үкімет
мінберінен орыс басшы қазақша сөйлеп тұрса, «орыстілді» қазақтар
да ұялғанынан өз тілінде сөйлейтін шығар...» дегендік.
Жоқ, ол үміт ақталмады. «Бақсақ бақа екен» дегендей Премьер-
министр мырзаның қазақшасы, сыпайылап айтқанда, тор қапаста тұрып,
113
өткен-кеткенді келеке ететін тоты құстың ожақ - бұжағындағы машық
екен. Оны көрдік...
Сондықтан да болу керек, «мемлекеттік тілімізді көркейтеміз» деген
үмітіміз үкімет басының «сайрауының» деңгейінде қалып қойды, қазақ тіліне
деген нақтылы қамқорлығын да көре алмадық: Тіпті Тіл заңына байланысты
кейін қабылданған Мемлекеттік бағдарлама бойынша тілдерді дамытуға
бөлінген қаржының қайда кеткенін де қазір кім білмейді.
Үкімет басына келген Ұ.Қараманов мырзаның да мемлекеттік тілге
онша зауқы бола қойған жоқ, қайта оның тарихта атын қалдырған қаулысын
жұрт әлі ұмыта алмай жүр. Ол қаулы жаңа көтеріліп, жер-жерде қолданыс
аясы кеңіп, беделі өсе бастаған, мемлекеттік тіліміздің алғашқы қарқынын су
сепкендей басып тастады. Осыдан кейін тілімізге деген қалың көпшіліктің,
әсіресе орыстілділердің көзқарасы өзгеріп шыға келді, мемлекет тілінің
қолданыс шеңбері шектеле бастады.
Одан кейін Үкімет басына келген Ә.Қажыгелдин мырза болса, тілдің
негізгі ұйытқысы, ортасы болып саналатын мәдени ошақтар мен кітапхана,
клуб, театр, мектептерді жабумен болды. Бұлардың ешқайсысы мемлекеттік
тілдің қанат жаюына мынадай үлес қосып едім деп айта алмайтын сияқты.
Тек Н.Балғымбаев кезінде ғана мемлекеттік тілді көркейту туралы бірер
нақты шешім қабылданды. Бүгінгі Премьер-министріміз, белгілі қазақ
жазушысының баласы, бірнеше басқа тілді еркін меңгерген Қ.Тоқаев
мырзаның тілге деген қабілеті зор. Енді ана тілін де дамытуға өз басының
үлгісімен ат салысар деген халықтың үміті бар.
Әкім атаулының бәрін бірдей «тілге селқос» деу қиын, әрине. Ақтөбе,
Павлодар, Алматы, Семей, Петропавл т.б. қалалардағы мемлекеттік
тілге байланысты өткізіліп жатқан шаралар көңілге жұбаныш ұялатады.
Атыраулықтардың да қозғала бастаған түрі бар. Әйтсе де әкімдеріміздің
көбі алқалы жиындар мен іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуді
дағдыға айналдыра алмай-ақ келеді. Тіпті іс қағаздарын қайтадан бір тілде
(орыс тілінде) жүргізуге көше бастағандар да бар. Облыс әкімдерінің 80%
мемлекеттік тілге қолдау көрсетіп отырған жоқ. Олардың көбі «тілді қоя
тұр, әл-ауқатымызды түзетіп алайық!» деген пиғылды сылтау етеді. Аудан,
қала әкімдері облысқа қарайды, облыс сиқы әлгіндей. Өзінше әрекет етіп өз
ұлтымыздың тілі ғой, мұны біз көгертпегенде кім көгертеді, деп отаншылдық
сезім мен сенім танытқандар әлі аз.
Мемлекеттік тіліміздің жалтақтай күн кешіп жатқан бір өлкесі
министрліктер деп айтуға болады. Бұларда да тілге деген селқостык,
немкұрайдылық белең алып барады. Мәдениет, ақпарат, қоғамдық келісім,
114
Білім және Ғылым, Әділет тәрізді үш түрлі министрліктерден ғана
аздап болса да қазақ тілінің лебі еседі. Басқаларынан қайран тіл баян
таппай тұр.
Егер Министрлер кабинеті бастап барлық министрлер, әкімдер
өздері иелік жасап отырған мекемелерінде мемлекеттік тілдің өріс
алуын қадағалап, нақты қамқорлық жасап отырса, біздегі тілге
байланысты проблеманың көбі шешілген болар еді. Өкініштісі олай
болмай отыр. Көбі шаруашылықты, экономиканы алға тосады. Халық
қамын жеген боп дүрдиеді, онымен оңып жатқан тіршілік те шамалы.
Бір байқалатыны, рухани мәдениетті, тілді, ғылым-білімді ұмытпай,
алдыға тосқан әкімдер шаруасы жүре бастайтыны.
Алдағы міндет қазір қазақ қауымының қала мен далада өмір сүріп
отырған тілдік ортасын қалыптастыруға, тұрақтандыруға байланысты.
Оларды сақтай, аялай алмай отырып, мемлекеттік тілге кең өріс ашу
қиын. Дегенмен, «ресми қауымның зиялы жұрттың ұрпақ алдында
есеп берер күнін осы бастан ойланған абзал!» дегіміз келеді.
Қазір болашақта не істейміз деп дағдарар жайымыз жоқ. Пайымдай
білсек, мемлекетіміз ұстатып отырған 2030 жылға дейінгі Бағдарлама
біраз нәрсені аңғартады. Тек әркім өз шеңберінде өзіне лайықты
міндетін, жауапкершілігін, азаматтық парызын анықтап алуға тиіс.
Осы тұрғыдан алғанда Халықаралық Қазақ тілі қоғамының, оның
жер-жерлердегі сардарлары мен сарбаздарының алдында орасан зор
міндеттер тұр деп білеміз. Өмірдің қақпа-соқпасынан өтіп, әбден
сұрыпталып, шыңдалып шыққан қазіргі тіл тірекшілері, қайраткерлер,
тіл сүйер қауым, Сіз бен Біздің де ел алдында өтер борышымыз аз емес.
Әкімдер, министрлер көңіл бөлмейді екен деп, көненің көзі, қазіргінің
өзі – қазақ тілінің тағдырына жаны ашымай қалайша қалтарыста
отыра бермекші. «Тіл үшін күрес – күрестің игісі» деп білген жөн.
Сіздерді жайбарақат отырғызбайтын кезеңге тап келіп тұрмыз.
Қараңыз, айналаңыз қаптаған шетелдік насихат. Көше бойы толған
жарнама, бәрі ағылшын, испан, кәріс, қытай, голланд, швед т.б.
тілдерінде, қала толған ресторан, кафе, казино, түнгі құлыптар,
корпорация, ассоциация т.б. мекемелер. Маңдайшасына қарасаңыз әр
алуан тілдегі оймыштар. Қазақ тілі дейсіз бе, қазақ тілі түгіл орыс
тілінің өзі қатар тұруға жарамай қалған сияқты. Осыны әкімдер
көрмей-білмей отыр ма? Көрсе неге үндемейді, неге басындырады?
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі кемел көшін қалыптастыру,
сөйтіп тәуелсіз еліміздің ең мықты нышанын жұмыс істету жолында
115
аянатын не бар, дей келіп, сөз басындағы Абай өлеңін бүгінгі әңгімемізге
жақындатыңқырап оқысақ әруағы кешірер дананың. Ендеше:
Талай сөз бұдан бұрын көп айтқанбыз,
Түбін ойлап, уайым жеп айтқанбыз.
Ақылдылар арланып ұялған соң,
Ойланып, түзеле ме деп айтқанбыз.
«Егемен Қазақстан», 2000.22 қыркүйек. (Ө. Айтбайұлымен бірге)
Достарыңызбен бөлісу: |