|
Строительные нормы республики казахстанСН РК 1.03-00-2022
12 ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ
12.1 Техникалық қадағалауды тапсырыс беруші дербес және (немесе) сәулет, қала
құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру
құқығына тиісті аттестаты бар сарапшыларды тарта отырып жүзеге асырады.
12.2
Ғимараттар мен құрылыстар объектілерінің құрылысын техникалық
қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі жалпы ережелер «Қазақстан
Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан
Республикасының Заңымен және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында
инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларымен және сәулет, қала құрылысы және
құрылыс саласындағы нормативтік техникалық құжаттармен регламенттелген.
12.3 Объектінің құрылысы аяқталғаннан кейін техникалық қадағалауды жүзеге
асыратын тұлға Тапсырыс берушіге құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы
қорытынды не Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы
24 сәуірдегі № 235 бұйрығымен бекітілген нысанға сәйкес теріс қорытынды береді.
13 АВТОРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ
13.1 Ғимараттар мен құрылыстар объектілерінің құрылысын авторлық қадағалаудың
мақсаттары мен міндеттері «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және
құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңымен,
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету
қағидаларымен және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік
техникалық құжаттармен регламенттелген.
13.2 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі
туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған жағдайларды қоспағанда,
объектілердің құрылысын аавторлық қадағалау жүргізуді жобалау (жобалау-сметалық)
құжаттамасын әзірлеушілер жүзеге асырады.
13.3Авторлық қадағалау тапсырыс берушімен (құрылыс салушымен) жасалған шарт
(келісімшарт) негізінде жүзеге асырылады және объект пайдалануға берілгенге дейін
құрылыстың барлық кезеңі ішінде жүргізіледі.
Объектінің құрылысына авторлық қадағалауды жүзеге асыру кезінде белгіленген
нысандағы авторлық қадағалау журналы үнемі жүргізіледі.
13.4 Авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлға объектінің құрылысын аяқтау
бойынша тапсырыс берушіге орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы
қорытынды не Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы
24 сәуірдегі № 235 бұйрығымен бекітілген нысанға сәйкес теріс қорытынды береді.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|