ІІ БӨЛІМ.
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
хабарларды есептемегенде. Бұған
М. Шоқаевтың 1915 жылғы № 156
санында жарияланған «Ә.Диваев»
мақаласында ғалым бастырған эт-
нографиялық материалдар мен фоль-
клорлық үлгілерді «Ертегі-хикая-
лар», «Мысалдар», «Тарихи қағаз-
дар» деген топқа бөліп, толық тізімін
беруін қоссақ, біршама жұмыс жүр-
гізілгеніне куә боламыз. Негізінен
газет қазақ кітаптарының басылуы
мен таралуы, олардың сапасы де-
ген мәселеге аса селқос қарамаған.
М. Дулатов М. Тұрғанбайұлының
«Пайғамбар заманы» деген оқу құ-
ралына жазған мақаласында (1915,
№139): «Бұл кітаптың тілі сұлу,
түсінікті, айқын қазақша жазылып,
бастауыш мектептің соңғы жылына
арналған. Басылуы да көркем, емле-
сі қазақша. Мектеп кітаптарымыз
жеткіліксіз болып тұрған кезде бұл
мезгілді һәм орынды шыққан жақсы
бір кітап болды», – деп бағалайды.
Одан соң кітап иесінің «Түрік қа-
уымдарының ішіндегі ең сап болып
тұрған жалғыз қазақ әдебиеті екен.
Осы алтындай таза, гауһардай қым-
бат қазақ әдебиетіне қылған қызметі-
міз бүтін түрік қауымдарына қыл ған
қызметіміз ғой» деген пікірін қош-
тай келе, бұл салада арта қалып келе
жатқанымыз қазақта баспахананың,
кітап бастырушының және кітап сау-
дасымен айналушылардың жоқтығы
деп көрсетеді. Осы кітапты бастырып
шығарған Қ. Қоңыратбайұлынан үлгі
алуға шақырады. «Қазақ» бетіндегі
осы тақылеттес ой-толғамдардың
мо лынан айтылуы, қазақ библиог-
рафиясының мәселелеріне тікелей
қатысты болмағанмен сол бағыт-
тағы жұмыстардың жандануына өз
септігін тигізгені анық.
Қорыта келгенде, ғасыр басынан
кеңес дәуіріне дейінгі уақыт ара-
лығында ұлттық әдебиеттану ғы-
лымы өзінің туа бастағанын нық қа-
дамдар жасауымен анық танытты.
Ғұмырнамалық мақалаларда жеке
дарындардың тұлғасын танытуда та-
рихи тұрғыдан келді. Әдеби-тарихи
ой-пікірге тән ұғымдар қалыптаса
бастады. Р. Мәрсеков пен «Н» де-
ген автордың мақалалары әдебиет
тарихы, оның дәуірлері, өткені мен
келешегі туралы ұғымның берік
орын тебуіне жол ашты. Фольклорға
алғашқы классификация жасалды,
енді оның жанрлық түрлерін анық-
тау мен зерттеу ісінің қолға алыну-
ына бағыт-бағдар жасалды. Әдеби-
теориялық ой-пікір әдебиет, оның
қоғамдық орны мәселесінен бастап,
өлеңтану және жеке жанр табиғаты
туралы ғылыми ұғымдарды иге-
ру жолында батыл қадамдар жасап,
ұлт әдебиетін теориялық тұрғы-
дан тексеруді қолға ала бастады.
Қа зақ библиографиясының із аша-
ры болып табылатын қадамдар кө-
рініс тапты. Бұл секілді нәтижелі
із деністерді айтқан уақытта, бізде
орыс әдебиеттану ғылымы тари-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
|