ІІ БӨЛІМ.
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
шығуы құптарлық құбылыс болды.
Сыни мақалалар оқулықтардың пе-
да гогикалық сипаты мен таза қазақ
тілінде болып балаларға түсі нікті
жазылуын талап еткенде Ы. Ал-
тынсариннің «Хрестоматиясын» әр-
қа шан үлгіге ұсынып отырды.
ХХ ғасырдың басындағы қазақ
әдебиеттануындағы ғылыми-зерттеу-
шілік ой-пікірдің толыса түскені-
нің айқын көрінісін М. Сералиннің
«Шахнамеден» аударған «Рүстем-
Сүһрапқа» жазған «Сөз басы» атты
зерттеу мақаласынан көруге болады.
Автор Фирдоусидің өмірі мен твор-
чествосын және дастаны туралы
өз көзқарасын білдіріп, шығыстың
классикалық мұрасының жазылу
тарихын, басқа тілдерге аударылуы
мен зерттелуін таныстыру мақсатын
көздеген. Сол себептен де аудар-
машы ретінде тек текстімен ғана жұ-
мыс істеп қоймай, аударуға кірісу
барысында көп ізденіп, көп оқып,
мол дайындықпен келіп, ғылыми пі-
кір айта білумен де құнды.
Зерттеу нысанасы қазақ әде-
биеті тарихының мәселесі немесе
қазақ ақыны, оның шығар ма шы лығы
болмағанмен, бүкіл әлем әде биет-
шілері назар аудар ған «Шах нама»
сияқты класси калық мұраны қазақ-
тың қалам қайраткер лерінің ауда-
руы мен зерттеуі төңкеріске дейінгі
қазақтың ғылыми-сыншылдық ой-
пікірінде үлкен жаңалық еді. Өйтке-
ні «Шахнаманың» тарихи маңызын
ашуда кейбір салыстырмалар жасай
отырып тиянақты пікір айтуға ұм-
тылуы, басқа аудармашылар мен
зерт
теушілер туралы мол дерек кел-
тіруі нағыз ғылыми-зерттеушілік си-
пат тағы мақала екенін көрсетеді.
М. Сералин шығармашылығын
зерт теушілер назарына толық ілінбей
жүрген осы мақалаға ғалым Т. Кәкі-
шев «Сын сапары» монографиясын-
да жан-жақты тоқтала келіп, ғылы-
ми-сыншылдық ой-пікірді қалыптас-
тыру жолындағы жаңашылдық си-
патын ерекше атап: «Әдебиеттану
ғылымының элементтері анық кө-
рінетін, зерттеу еңбектерге тән бо-
латын бірқыдыру детальдарға бой
ұрған зерттеу», – деп бағалайды [2,
183]. Қандай да болсын ғылымның
бірден қалыптаса салмайтынын, оның
ішінде әдебиет туралы ғылымның
туып-жетілуі әдеби-теориялық ұғым-
дар системасының қалыптасуы мен
ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің өсуі -
не тікелей байланысты болса, қазақ
баспасөзіндегі осындай құбы лыстар
қазақ әдебиеттану ғылымы өркендер
мәнді арна тапқанын көрсетеді.
Қоғамдық ой-сананың осылайша
өсуі мен әдеби сынның шешуші қа-
дамдар жасауы әдеби-тарихи және
теориялық бағыттағы ой-пікірдің ғы-
лыми сапасының арта түсуіне әсер
етпей қалмады. Әсіресе, әдебиет
сы нының ғасыр басындағы ұлт әде-
биетінде үш түрлі бағыт бар екенін
анықтап беруі жетекші роль атқар-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
|