ІІ БӨЛІМ.
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
және «пролетариат әдебиеті» деп
бөлетіні анық. Бұл терминдік атау-
ды берген төңкерісшілдер де емес,
олардың берген бағасы – В. И. Ле-
ниннің «әр ұлттың мәдениетінде
екі түрлі мәдениеттің элементі бо-
латыны» туралы қате қағидасынан
туындаған – «ұлтшыл-байшылдық
әдебиет». Олар алғашқыда ақын-
жазушыларды «еңбекшілдер, кеңес
үкіметіне қарсылар, шөре-шөреде
жүргендер» деп үшке бөлсе, кейін
идеология ықпалында «төңкерісшіл-
тапшылдар, ұлтшылдар және жол-
бикелер» болып аталып кетті. «Бұ-
қарашылдар» деген атауды алғаш кім
қолданғанын анықтау мүмкін емес.
«Ұлтшыл» атанғандар мен «жол-
бикелер» өздерін бұқарашыл ақын-
жазушыларымыз деп санаған. Бұл
атау 1920 жылдардың орта шенінде
болған көркем әдебиет туралы ай-
тыста теориялық мәнге ие болып,
сын мен әдеби-теориялық ой-пікірде
берік орын тапты. Біздің ойымызша,
бұл атаудың пайда болуы «Алқа»
ұйымын құру идеясына тығыз байла-
нысты.
Д. Қамзабекұлы ҰХҚ-індегі тер-
геуде Ж. Сәрсенбіұлының берген жа-
уабынан: «...1924 жылдың аяғында
Ә. Бөкейханұлы, М. Жұмабайұлы,
мен үшеуіміз мұғалімдер съезіне
келген А. Байтұрсынұлы орналасқан
жатақханаға барып, ол кісіні жа-
зылып, даярланып қойған «Алқа»
ұйымының бағдарламасымен таныс-
тыр дық», – деген сөзін келтіре
оты рып, «Алқа» ҚазАПП-тан бір
жыл бұрын және бірнеше кісінің
қатысуымен жасалған бағдарлама
болды деген тұжырым жасайды.
Қазақ халқын тапқа бөлмегені сияқ-
ты «Алқа» бағдарламасын жасау-
шылар әдебиетті де түрге бөлмей
тұтас қараған. Негізгі мақсат – про-
летариат әдебиетін жасаймыз деп
даурығып, әдебиетті үгіт-насихат
құ ралына, тапшылдық саясаттың
қол жаулығына айналдырғандарға
қар сы тұрып, қазақ қаламгерлерінің
ба сын біріктіру. Яғни, «жастарға
жөн сілтейтін, адасқандарды жолға
салатын, қисыққа тез болатын» бағ-
дарлама жасаудағы негізгі ой ұлт
әдебиетіне қорған болу екені сезіледі.
Оны бағдарламаны жасаушылар дың
«Табалдырық» деп аталатын ал ғы
сөзіндегі: «Бұл құрғанымыз – сегіз
қанат боз орда, алты қанат ақ отау
емес – абылайша. Майдан, ойран,
жорық дәуірінде дағарадай орда, ай-
дай ақ отау құрып отыруға болмай-
ды. Аттан дәуірінде абылайша керек.
Жорық басылар, жаңа тұрмыс орнар,
абылайша қалып, бәріміз сиятын боз
орда тігілер. Бұл – келешек», – де-
ген пікірі дәлел. ҚазАПП құрылмай
тұрып-ақ «байшыл-ұлтшыл» деп
бөліп тастаған көзқарастың әсерінен
жазылған мақалалардағы негізгі пи-
ғылды сезген және ұлт әдебиетінің
келешегі үшін жаны ауырған арыста-
рымыз «Алқа» ұйымын құру арқылы
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
225
Достарыңызбен бөлісу: |