Аширбаев и. Е., Кокаев б. К


№7 тәжірибе. Викасолдың қан ұюға әсері



жүктеу 2,39 Mb.
Pdf просмотр
бет59/99
Дата04.09.2023
өлшемі2,39 Mb.
#43231
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   99
Фармакология кітап

 
№7 тәжірибе.
Викасолдың қан ұюға әсері 
Қажетті заттар: 
үй қояны, шприц инесі мен 0,3 пайыздық викасол, 
мақта, заттық шыны, шыны таяқша, қалдық құятын ыдыс.
 
Жұмыс тәртібі: 
қоянның құлақ тамырынан қан алып заттық шыныға 
тамызады. Қанның ұю жылдамдығын бақылайды. Қоян тамырына 4 мл
викасолдың 0,3 пайыздық ерітіндісін жібереді. Бір сағаттан кейін қан алып, 
оның ұю жылдамдығын салыстырады.
 
Тапсырма:
1.
Тәжiрибе жүргiзу және қорытынды жасау. 
2.
Келесі дәрі заттарға рецепт жазу:
-
Шошқаға, синиль қышқылымен уланғанда натрий нитритін тері астына 5 
рет қолдануға инъекция ретінде;
-
Итке, викасол ерітіндісін ампула түрінде бес рет қолдануға. Ампула көлемі 
1 мл 1%. Итке дозасы 0,02-0,04.
 
 
Бақылау сұрақтары: 
1.
Қан тамырларының кеңеюіне не әсер етеді? 
2.
Нитрит жіберілген көлбақаның қанының түсі 
3.
Қанның ұю жылдамдығы неліктен төмендейді? 
 
Диуретикалық заттар 
 
Мақсаты: 
меркузал, темисал және тиофиллин әсерімен танысу
 
 
№1 тәжірибе. 
Диурезге меркузаланың және темисаланың әсері 
 
Қажетті заттар:
Павлов-Цитиович әдісі арқылы несеп ағары сыртқа 
шығарылған ит, итті бекемдеуге арналған бекемдеу қондырғысы, 3 ақ 
тышқан, штатив сынауықтарымен, шыны су құйғыш түтік, цилиндр 
өлшеуіштері, 0,9% натрий хлорид ерітіндісі, 1:10 меркузал ерітіндісі, 1% 
және 3% темисал ерітіндісі, шприц инемен, аналитикалық таразы, асқазан 
зонды, вазелин, мақта, сүзгі қағазы, шыны аяқ. 
Жұмыс тәртiбi:
1.
Итті аш қарында бекемдеу қондырғысына қояды. Қарын үстіне 
(шығарылған несепағарға қарама-қарсы) су құйғыш түтік және несепті 
жинауға арналған цилиндрлі түтікшені байлайды. Сабақтың басында 30 
минут ішінде несеп жинағына бақылау жасап, сонымен оны әр 15 минут 


78 
сайын мөлшерін белгілейді. 1 кг жануарға 0,01-0,015 г есебінде итке зонд 
арқылы ішіне 1% -ті темисал ерітінді енгізеді. 45-60 минуттан кейін өзінің 
максимумына жететін, 20-25 минуттан препаратты енгізгеннен кейін 
несептің бөлінгені байқалады. Несеп мөлшері көбейген кезде оның түсі 
өзгереді. Соңғы 2 сағатта несеп бөлінуі азаяды және бастапқы нәтижеге 
келеді.
Бақылау уақыты 
(мин. кейін) 
Несептің мөлшері, мл 
Ескерту 
Бастапқы күйі: 
15 
30 
Препаратты 
енгізгеннен 
кейін: 
15 
30 
45 
60 
2.
Үш ақ тышқанға салмақтары бірдей (18-20 г) 1 мл қарын ішіне натрий 
гидрохлоридінің изотониялық ерітіндісін енгізеді. Содан бірінші жануарға 
тері астына 1:10 қатынасында 0,1 мл меркузаланы, екіншісіне 0,1 мл
мөлшерде 3%-ті темисал ерітіндісін енгізеді. Аналитикалық таразыда екі 
қабаттап қойылған және өлшенген сүзгі қағазына жануарларды шыны су 
құйғыш түтіктің астына орналастырады. Несеп шығаруынан кейін қағазды 
өлшеп және жаңамен ауыстырады. Бірінші екі тышқанда несептің көп 
бөлінгені дәлелденеді. 
№2 тәжірибе. 

жүктеу 2,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   99




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау