НұСҚаулық «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Білім беру бағдарламалары орталығы ОҚУ-Әдістемелік басылымдарды әзірлеу туралы нұСҚаулық Нұр-Сұлтан 2020 Оқу-әдістемелік басылымдарды әзірлеу туралы нұсқаулық


-тарау. ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК БАСЫЛЫМДАРДЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ



жүктеу 1,22 Mb.
Pdf просмотр
бет4/29
Дата18.05.2023
өлшемі1,22 Mb.
#42650
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
582-Методичка НМС каз 05112020 на печать

1-тарау. ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК БАСЫЛЫМДАРДЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ 
Оқу-әдістемелік басылым дегеніміз – білім беру бағдарламаларын іске асыруға қа-
жетті ғылыми немесе қолданбалы сипаттағы ақпараттарды оңтайлы әрі жүйелі түрде 
оқытудың, меңгертудің ұтымды әдіс-тәсілдерін ұсыну мақсатында жазылған баспа өнім-
дері. Оқу-әдістемелік басылымдар мазмұны мен қызметіне қарай оқу-әдістемелік, оқу-
тәжірибелік және оқу-анықтамалық болып бөлінеді (1-сурет).
Оқу-әдістемелік
Оқу-тәжірибелік
Оқу-анықтамалық
Оқу-әдістемелік басылым
Әдістемелік құралдар
Практикумдар (есептер 
жинағы, жаттығулар 
жинағы, зертханалық/ 
тәжірибелік жұмыстар 
жинағы, жұмыс дәптер-
лері)
Терминологиялық 
сөздіктер
Әдістемелік 
нұсқаулықтар
Дидактикалық 
материалдар
Түсіндірме сөздіктер
Әдістемелік әзірлемелер
Хрестоматиялар
Анықтамалықтар
1-сурет. Оқу-әдістемелік басылымдардың негізгі түрлері
Оқу-әдістемелік басылымдардың 
міндеті
:
• жаңашыл әдістемелермен, инновациялық стратегиялармен, әдіс-тәсілдермен 
бөлісу; 
• білім беру бағдарламаларында белгіленген оқу мақсаттарын және оларға қол 
жеткізу жолдарын түсіндіру;
• оқушылардың сыни ойлау қабілеті мен зерттеушілік дағдыларын дамытуға ықпал 
ететін оқу материалдарын ұсыну;
• озық педагогикалық тәжірибені қорыту және тарату.
1.1. Оқу-әдістемелік басылым 
Әдістемелік құрал
– бұл белгілі бір академиялық пәнді немесе пәннің кейбір бөлімде-
рін оқыту әдістемесінің ерекшеліктерін көрсетуге, айрықша әдіс-тәсілдердің мазмұнын 
ашуға бағытталған жүйелі, ауқымды материалдарды қамтитын оқу-әдістемелік басылым-


6
ның бір түрі. Бұл құралдардың ерекшелігі – практикалық бағыттылығы, яғни мұғалімге 
өз педагогикалық қызметін ұйымдастыруына бағыт беруге, оларға нақты әдістемелік 
қолдау көрсетуге арналғандығы. Мұндай басылымдарда басты назар оқыту әдістемесі 
мен әдіс-тәсілдеріне аударылады.
Әдістемелік құралда теориялық ақпарат, оларды іс жүзінде қолдану мысалдары мен 
үлгілері, дидактикалық материалдар, соның ішінде иллюстрациялар, кестелер, сызбалар, 
суреттер және т.б. қамтылады.
Әдістемелік құралдың міндеті мұғалімдер мен әдіскерлердің теориялық және қол-
данбалы сипаттағы жаңа білімді игеруіне, озық іс-тәжірибелермен танысуына көмектесу 
болып табылады.
Әдістемелік нұсқаулық
– бұл белгілі бір тақырыпты түсіндіру, белгілі бір пән бойынша 
жоспарланған сабақтарды немесе сабақтан тыс іс-шараларды өткізу тәртібі мен жүйесін 
сипаттайтын оқу-әдістемелік басылымның бір түрі. Әдістемелік нұсқаулықта оқытудың 
озық тәжірибелерін зерттеу, зерделеу негізінде жасалған бір немесе бірнеше жеке әдіс-
темелердің ұтымды ерекшеліктерін ашуға назар аударылады. 
Әдістемелік нұсқаулық міндетті түрде белгілі бір әдістемені немесе технологияны 
тәжірибеде көрнекі бейнелейтін бір немесе бірнеше нақты сабақтарды көрсету немесе 
іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу туралы ұсыныстардан тұрады. Мұнда теориялық 
ақпарат тек қарастырылатын мәселе бойынша автордың көзқарасын негіздеу және растау 
үшін қолданылады. Оқу-әдістемелік басылымның бұл түрінде оқу пәні бойынша сабақ жос-
парлары, сабақ конспектілері және практикалық тұрғыдағы мысалдар қамтылуы мүмкін. 
Әдістемелік нұсқаулықтарда мақсатты аудитория анық болуы керек, яғни олардың кімге 
(мұғалімдер, әдіскерлер, оқушылар, ата-аналар және т.б.) бағытталатынын ескеру қажет. 
Соған сәйкес әдістемелік нұсқаулардың терминологиясы, стилі және көлемі реттеледі.
Әдістемелік әзірлеме 
– белгілі бір сабақты (оның ішінде белгілі бір бөлімі/тақырыбы, 
түрі мен мақсатына қарай өтілетін сабақтар топтамасын) немесе іс-шараны өткізуге көмек 
беруі тиіс материалдар мен әдіс-тәсілдер ұсынылатын, оның орындалу барысындағы 
іс-әрекеттердің реттілігі сипатталатын және оны ұйымдастыруға байланысты нұсқаулар 
берілетін оқу-әдістемелік басылым. Әдістемелік әзірлеме іс-шаралардың сценарийле-
рін, сабақ жоспарларын, сондай-ақ диагностикалық материалдар пакетін және оларды 
пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды, шығармашылық тапсырмаларды, сызбаларды, су-
реттерді және т.б. қамтуы мүмкін.

жүктеу 1,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау