Қайрат ЖҰМАБАЙ
Халықаралық әйелдер мерекесі аясында аудандық
орталықтандырылған кітапхана ұжымы ардагер
әріптестерін дөңгелек үстел басындағы кездесуге
шақырды. Үстел басында «Кітапхана білім көзі, кітап
-
ханашы – оның тірегі» тақырыбы барысында әңгіме
қозғалып, қатысушыларға мерекелік сыйлықтар мен
гүл шоқтары ұсынылды.
Себебі, қыс қытымыр болып жатса мал
ашығады, кейде көктемге қарай жаңбыр
ерте жауып, не қар еріп барып қайта қатып
жұт басталып кетеді. Көтерем мал қырыла
бастайды. Мал ашуы – жан ашуы, қыс-қа
-
мытта бір жерден екінші жерге көшіп, не ма
-
лын алысқа айдап, жайылымға бола даула
-
сып бір-бірімен араздасып елдің есі шығады.
Оның үстіне малдың пайдасына бола қазақ
шаруашылықтары бір-бірінен қыс кезінде
алыстау отырады, себебі қыста да жайылым
керек, ол уақытта қазақ шөп-азық дайында
-
майды дегендей. Осындай қиындықтардан
шыққаннан кейін Наурызды қазақ қуанып
қарсы алмағанда кім қарсы алады? Көрісу де
осыған байланысты шыққан. Қыс бойы бір-
бірінің өлі-тірісін біле алмай сағынған елдің
жасайтын жоралғысы.«Қыстан аман шықтың
ба, мал-жан аман ба, шаруашылығың жақсы
ма?» деген сарында өлеңдетіп көріскен»,
- дейді тарихшы, этнограф Жамбыл Артық
-
баев.
Жалпы, көрісу – қазақ халқының өске
-
лең ұрпақты ізеттілік пен мейірімділікке,
ауызбіршілік пен кішіпейілділікке, татулық
пен бауырмалдылыққа бастайтын ерек
-
ше үрдістерінің бірі. Қазақ халқы жыл басы
наурыздың 22-сінде күн мен түннің теңелу
кезінен бастайды. Бірақ Қазақстанның ба
-
тыс аймағы жыл басын басқа жерлердегідей
22-сінде емес, наурыздың 14-інде тойлайды.
Тағы бір деректе қар құрсауы сөгіліп, ауыл-а
-
уылдар араларына қатынауға мүмкіншілік
туғанда, адамдар бір-бірімен амандасып,
көріскен екен. Негізі, көрісу күнінің қай ке
-
зеңнен бастап тойлана бастағаны туралы
тарихшылар арасында ортақ пікір жоқ. Сон
-
дықтан оның шығу төркіні әлі де жан-жақты,
егжей-тегжейлі зерттеулерді қажет етеді.
Биылғы жылда біздің «Ұлытау» ұлттық
тарихи - мәдени және табиғи музей – қорығы
мекемесінде «Көрісу» күні жоғары деңгейде
аталып өтілмек. Ұжымымыздың қызметкер
-
лері жыл сайын осы мерекені өткізуге бел
-
сенділік танытып атсалысуда.Осындай ме
-
рекеге сәйкес іс-шаралар алдағы уақытта да
біздің музейімізде өткізіле бермек.
Достарыңызбен бөлісу: |