Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық


Оқулықпен жұмыс істеудің негізгі мақсаттары



жүктеу 0,52 Mb.
Pdf просмотр
бет37/48
Дата29.03.2023
өлшемі0,52 Mb.
#41899
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   48
Физика Мұғалімге арналған нұсқаулық

 
Оқулықпен жұмыс істеудің негізгі мақсаттары
: мәтіннің таңдалған үзіндісіндегі 
ақпаратпен танысу, ақпаратты түсіну, есте сақтау, ақпаратты түрлі оқу және өмір 
жағдайларында қолдану, оқылғанды немесе бұрыннан білген нәрсені растау, мысал іздеу, 
ғылыми фактілерді растау, көрнекіліктермен (сурет, сызба, диаграммалар) жұмыс.
Оқулықтың құрамдас бөліктері:

алғысөз; 

негізгі бөлім (бөлімдер, бөліктер, тараулар, параграфтар және т.с.с.); 

электронды қосымша. 
Оқулықтың негізгі құрылымдық компоненттері: 
1) мәтін: 

негізгі
 
мәтін
 – 
материалдың
 
негізгі
 
мазмұнын
жеткізеді және оның міндетті 
минимумы болып табылады;

қосымша
 
мәтін
 
– рубрикалар, мәтіндік үзінділер; 

түсіндірме
 
мәтіндер
 
– ескертпелер, сілтемелер, кестелер, сызбанұсқалар, 
рубрикалар, шартты белгілерге берілген түсініктемелер, қосымшалар, анықтамалық 
материалдар, сөздіктер және т.б.); 
2) мәтіннен тыс аппарат: 

игеруді
 
ұйымдастыру
 
аппараты
– қайталауға, бекітуге, өзіндік және топтық жұмыс 
ұйымдастыруға, өзге адамдармен әрекеттесуге, қосымша ақпарат көздерін пайдалануға 
арналған сұрақтар, тапсырмалар, жаттығулар;

көрнекі
 
материалдар
– сызбанұсқалар, суреттер, кестелер, тірек конспектілер, 
алгоритмдер және т.б.;

бағдарлау
 
аппараты
 
– шартты белгілер, рубрикаторлар, қаріптер, графикалық 
таңбалар және т.б. 
Оқулықтарда ереже, әрекеттерді орындау алгоритмдері сияқты ерекше мағынаға ие 
маңызды элементтер түрлі түстермен және қаріптермен ерекшеленеді, бұл оқушыларға 
маңызды бөлімдерді, параграфтың түйінді жерлерін алдымен байқап, кейін оны оқулық 
мәтінінен өздігінен таба алу қабілетін қалыптастыруға көмектеседі.
Оқулықтың құрылымдық бөлігі, яғни мәтіннен тыс компоненттері де маңызды. 
Мәтіннен тыс компоненттерге қабылдауды ұйымдастыру аппараты, бағыттаушы аппарат 
және оқыту және бақылау функцияларын атқаратын көрнекі материалдар жатады. 
Параграфтың алдындағы сұрақтар мен тапсырмалар жаңа тақырыпты зерттеуге қажет 
болатын тірек білімді анықтауға және еске түсіруге септігін тигізеді. Мәтіндегі сұрақтар 
мен тапсырмалар оқушылардың ойларын жаңа материалды игеруге бағыттайды. 
Параграфтың соңындағы сұрақтар мен тапсырмалар білімді бекітуге, оны тәжірибеде 
қолдануға және қаншалықты игерілгенін бақылауға арналған. Білімді жалпылап, жүйелеу 


48 
мақсатында сұрақтар мен тапсырмалар үлкен тақырып пен бөлімдерден кейін берілуі 
мүмкін. 
Күрделілігі мен дидактикалық мақсаты жағынан жаңа ғана оқығанды қайталауға, 
негізгі ойды анықтауға, байланыс орнатуға, дәлел келтіруге, білімді таныс және жаңа оқу 
жағдайына қолдануға арналған сұрақтар болады. Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау 
түрлі білім көздеріне сүйенеді: мәтін, карталар, графиктер, диаграммалар, суреттер және 
фотосуреттер, сызбалар және профильдер т.б. Тапсырмалар әртүрлі тұжырымдалуы мүмкін 
және оқушылардан әртүрлі әрекеттерді талап етеді: мәтіннен тыс компонент бойынша 
анықтау, мысал келтіру, салыстыру, ұғымның анықтамасын беру, түсіндіру, картаға түсіру, 
дәптерге жазу, кестені толтыру және т.б. 
Оқулық мәтінінде басты ережелер (түсініктер, заңдылықтар және олардың 
анықтамалары, т.б.) қалың, көлбеу қаріптермен және басқа түспен ерекшеленуі мүмкін. Бұл 
– игеріліп, есте сақталуға тиісті оқу материалы. 
Күрделендірілген сұрақтар мен тапсырмалар ерекше таңбалармен – символдармен 
белгіленеді. 
Көрнекі материалдар оқулықтың маңызды мәтіннен тыс компоненті және ажырамас 
бөлігі болып табылады. Олар: мәтіндік карта-сызбалар, графиктер, диаграммалар, суреттер, 
кестелер, фотосуреттер, профильдер және т.б. Олар мәтінді нақтылап, толықтырады немесе 
жаңа ақпарат береді. Көрнекі материалдар – оқушылар үшін оқу материалын көрнекі түрде 
елестетуге мүмкіндік беретін білім көзі. 
Көрнекі материалдардың тәрбиелік мәні де зор. Олар суреттердің сюжеттері жайлы 
ой қозғап, олардың мазмұнын талдауды ұсына отырып, оқушының жеке тұлға ретіндегі 
қасиеттеріне әсер етеді. Көрнекі материалдардың мазмұны және әсемдеп орындалуы белгілі 
бір сезім туғызады, оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастырады. 
Көрнекі материалдарды 3 топқа біріктіруге болады: 
1) жетекші көрнекіліктер – мәтінмен қатар өздігінен оқу материалының мазмұнын 
ашады; 
2) тең дәрежелі – мәтінмен бірдей дәрежеде білімді игеру үшін қызмет атқарады; 
3) қызмет көрсетуші – мәтінді қуаттайтын, оған қызмет көрсететін, оның мағынасын 
ашатын және мәнін түсіндіретін және сол арқылы мәтінді тиімді түрде қабылдауға және оқу 
барысында игеруге көмектесетін көрнекіліктер (мұндай көрнекіліктер оқулықта көп 
кездеседі). 
Оқулықта пәнді оқуға қажет сандық көрсеткіштер де болады. Сандар зерделенетін 
басты объектілерге қатысты беріледі және де негізінен жаттауға емес, онымен жұмыс 
істеуге арналады. 
Көптеген оқулықтардың соңында пән тақырыбы бойынша маңыздырақ ақпарат 
қамтылатын қосымшалар, терминдер мен ұғымдар сөздіктері, атаулар сөздіктері болуы 
мүмкін. Мұның барлығы оқу үдерісінде пайдаланылуы қажет. Пән бойынша оқу тиімділігі 
оқушылардың оқулықпен жұмыс істей алуына, ондағы материалды игере алуына да 
байланысты болады. Оқулықпен жұмыс істеу қабілетінің негізінде оқушылар 
бағдарламалық білімді игеріп, мектеп бітіргеннен кейінгі уақытта өздігінен білім алуға 
дайындалады. 
Өзінің міндеті белгілі бір балаға өз бетінше дамуға жағдай жасау деп санайтын 
мұғалім ерте ме, кеш пе мынадай проблема кездестіреді: «Оқушыларды оқулық мәтінімен 
өздігінен жұмыс істеуге қалай үйретуге болады». Бұл мәселенің шешімінің бірі – әрбір 
сабақта және үйде оқулықпен жүйелі түрде үш саты бойынша жұмыс істеуді ұйымдастыру: 
оқуға дейін, оқу кезінде және оқып болғаннан кейін. Оқулықпен жұмыс істеу дағдысы 
кейіннен әрбір оқушыға өз бетінше білім алуда көмектесуге арналған. 

жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау