С. А. Козлова, Т. А. Куликова



жүктеу 4,62 Mb.
Pdf просмотр
бет62/298
Дата11.02.2023
өлшемі4,62 Mb.
#41256
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   298
Кітап мектепке дейінгі тәрбие

Физикалық тұрғыдан
бала 
күштірек болғаны 
анық
. Әрине, енді баланың денсаулығы туралы және әрі қарай 
физикалық дамуы туралы қамқорлық өзектілігін жоймайды, 
бірақ ол дербес, оның қозғалысы үлкен үйлесімділік пен және 
сенімділікпен ерекшеленеді. Мектепке дейінгі жастағы баланың 
физикалық дамуы ерте жастан қарағанда қарқынды емес. Бұл 
заңдылық, өйткені өскелең организм үшін сүйек жүйесінің, 
бұлшықетінің нығаюы, организмнің барлық өмірлік маңызды 
жүйелерінің ритммен жұмыс жасауы қажет. Табиғат 6 – 7
жаста болатын келесі «секіріске» дайындала отырып, дамудың 
қарқынын даналықпен тұрақтандырады. 
Баланың физикалық дамуы бұрынғыша ақыл-ой дамуымен 
байланысты. Алайда ерте жаста ол дамудың барлық қырларын 
өз артарынан ілестіргендей еді. Мектепке дейінгі жаста 
физикалық даму қажетті шарты, фоны болады, онда баланың 
жан-жақты дамуы жүреді. Ал ақыл-ой, эстетикалық, 
адамгершілік, яғни әлеуметтік даму жоғары қарқын алады (бұл 
физикалық даму әлеуметтіктен айрылған деген сөз емес).
Мектепке дейінгі бала белсенді түрде өзін қоршаған әлемді 
таниды, бақылып отырған қүбылыстарды, жағдайларды түсініп, 
анықтағысы келеді. Бұл кезеңде ес, ойлау, сөйлеу, елестету 
белсенді дамиды. Жақсы ұйымдастырылған педагогикалық 
жұмыста балалар түсініктерді, қортындыларды игереді, 
қортынды жасау қабілетін бойына сіңіреді.П.Я. Гальперин 
«кезеңдік әдістемеге сүйене отырып, біз 6 — 7 жаста (тіпті 5 
жаста) ... жалпы қабылданған үлгі бойынша жасөспірім жаста 
ойлау деңгейіне жауап беретін оқыл-ой әрекеті мен түсінігін 
алдық» деп атап өтті. Бұл мәліметтерде мектепке дейінгі 


90
жастағы балалардың жоғары білімділігі туралы айтады, сондай-
ақ ол әлеуметтік қабілеттері, өкінішке орай, дамымай қалатынын 
білдіреді.
Ақылдың сергектегі, қызығушылық, жақсы ес мектепке 
дейінгі балаға көп қиындықсыз өмірдің келесі кезеңдерінде 
қайталанбайтын ақпарат толқының жинауға көмектеседі. 
Сонымен қатар, балалар шашыраңқы білімді ғана емес, жүйелі 
білімді де игеруге қабілетті екенін көрсетеді. Егер, Л. С. 
Выготский атап айтқандай, бала 3 жасқа дейін «жеке» 
бағдарлама бойынша оқитын болса (яғни сәби білім желісін 
қабылдап және игере алмаса және оны оқыту барысында 
ересектердің себептеріне ере алмаса), онда 3 жастан кейін 
мектепке дейінгі баланың ойлау қабілеті себеп-салдар 
байланысымен тәуелділікті түсіну, көрсету түрінде ұсынылса, ол 
оны қабылдауға дайын. Ғалымдардың ойынша егер балаға 
нақты, шашыранқы, бөлінген білім берсе, оның ойы да нақты 
болады. Бірақ қарапайым байланыстар мен тәуелділіктер 
туралы білім беретін болса, мектепке дейінгі бала оларды игеріп 
қана қоймай, өзінің ой толғамдарында, қортындыларында 
қолданады. «Егер адам өмірге келсе, оны құдай жаратты», - деп 
5 жастағы бала терең оймен айтты. Немесе мындай ойлар: «Ер 
адам баланы дүниеге әкеле алмайы. Олар әйел затына көмектесу 
үшін керек. Мысалы, ауыр заттарды көтеру үшін»; «Мұндай 
жұдырықтай жүрекпен қалай өз отбасынды қатты жақсы көруге 
болады?!». 
Қызығушылық баланы зерттеу жұмыстарына, тәжірбие 
жасауға (Н.Н. Поддьяков), үлкендерге сұрақ қоюға итермелейді. 
Сұрақтар сипаты бойынша бала дамудың қандай деңгейінде 
екенін білуге болады. Мектепке дейінгі баланың алғашқы 
сұрақтары өзін қоршаған ортаны тану қызығушылығымен 
байланысты. Сондықтан балалардың сұрағы көбінесе сұрау 
сөздерініне басталады («
Не, Кім бұл?», «Бұл қалай
аталады?»). 
Мұндай сұрақтар, әрине, әр жаңа затпен, құбылыспен, нысанмен 
кездескен сайын пайда болады (үлкен адамдар да осылай 
болады). Бірақ бұл уақытта – «не және кім» кезеңінде - себепті 
байланыс пен тәуелділікке қатысты сұрақ әлі туындамайды. 
Шамамен 4 – 5 жасқа қарай 
қалай?
сұрақ сөзімен («Бұл қалай 
пайда болады?»), 
неге
? сөзімен («Неге күн жарқырайды?», «Неге 
әжем жылайды?», «Неге теңіз суы тұзды?» және т.с.)байланысты 
сұрақтар пайда болады. Мұндағы 
неге?
сұрағынан ересектер 


91
көбіне шаршайды, бірақ бұл сұрақтар баланың ойлауға тырысып 
жатқанын, баланың танып білуге деген құштарлығын білдіреді. 
Егер ересектер бұл сұрақтарға қажетті түрде көңіл бөлмесе, 
танымдық 
қызығушылық 
бірте-бірте 
төмендейді 
және 
немқұрайлық пайда болады. Алайда мектепке дейінге 
балалықтың ерекше өзгешелігі тануға, қызығуға деген мүддесі 
тұрақты сипаттау болып табылады. Бұл қызығушылықты 
төмендету үшін ересек адамдар өте «тырысуы керек». Өкінішке 
орай, бұл осылай болады!
Бала танысатын әлеуметтік әлем нысандарының арасында 
оның өзі де бар. Мектепке дейінгі бала өзіне, өзінің организміне, 
өзінің жынысына, өзінің сезімдеріне, уайымына қызығушылық 
танытады.
Психологтар бұны 

жүктеу 4,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   298




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау