ТЕЛЕАНГИОЭКТАЗИЯЛАР.
Тері капиллярдарының кеңеюін, ҧрықты қан
тамырларының қалдықтарын осылай атайды. Олар негізінен желкеде, бастың шаш
шыққан жерінде, маңдайда, жоғарғы қабақта орналасады. Бҧлар тҿңірегіндегі сау теріден
айрықша бҿлініп тҧратын қисық формалы қызыл, кейде аумағы ҽртҥрлі, сҽл-пҽл кҿкшіл
дақтар. Егер олардың ҥстін саусақпен ақырын басса, қызарғандары жойылады. Артынан
қайта пайда болады. Бала ҿсе келе дақтар жоқ болып кетеді, бірақ қатты жылап
мазасызданған кезде қайта шығуы мҥмкін. Бала тынышталса, дақ солғын тартады.
Жаңа туылған балалардың 70–80% жуығында 2–3 кҥндері терінің физиологиялық
сарғаюы пайда болады. Кҿбіне бірінші аптаның аяк шенінде жойылады. Бҧнда тері, кҿзге
кҿрінетін кілегей қабықтар сарғаяды. Баланың жалпы жағдайы ҿзгермейді.
Баланың терісінің сарғаюы ішкі жҽне сыртқы ҽсерлерге байланысты болуы мҥмкін.
Экзогендік сарғаюлар бала қҧрамында кҿп бояушы заттар бар тармақтарды қолданғанда
болады: сҽбіз, мандарин, апельсин, помидор жҽне акрихин сияқты дҽрі-дҽрмектер.
Эндогенді
сарғаюлар
гемолитикалық
анемияларда,
гепатитте,
сиректеу
обтурацияларда кездеседі. Экзогенді сарғаюды эндогендіктен сҧрастыру арқылы жҽне
ауруды қарау арқылы айыруға болады. Экзогенді сарғаюда кілегей қабаттар сарғаймайды,
ал, эндогендік сарғаюда кілегей қабықтары сарғаяды. Гемолитикалық анемияда терінің
сарғаюымен тері мен кілегей қабықтарының бозаруы қатар білінеді. Бауырдың
паренхимасы закымдалғанда (паренхималық сарғаюы) тері сарғыш тартып тҧрады.
Паренхималық сарғаю гепатитте (жҧқпалы, созылмалы), бауыр циррозында, ҿттің ағуына
кедергі пайда болып (холестаз, ҿт жолдарының атрезиясы, ҿт жолдарының ашылып-
жабылуы), қанда байланысқан билирубин кҿбейгенде байқалады. Терінің сарғаюы
64
билирубин мҿлшері ересек адамдарда 34 мкмоль/л, мерзімінде туылған нҽрестелерде 51–
60 мкмоль/л, шала туылғандар 85–103 мкмоль/л-ден асқанда байқалады.
Терінің қызаруы ересек балаларда психикалық жҽне қызулық ҽсерлерге байланысты
болады. Беттің қызыл шырайы гриппте, круппозды ҿкпе қабынуында, скарлатинада,
сҥзектерде, эритроцитозда жҽне т.б. ауруларда байқалады.
Жайылмалы (диффузды) жҽне тҧрақты болып келетін терінің жҽне кілегей қабық-
тардың бозаруы ҽртҥрлі анемияларда, лейкозда, коллагеноздарда, туберкулезде, бҥйрек
ауруларында, оның жедел немесе созылмалы жарамсыздығында, дифтерияда кездеседі.
Сонымен қатар, терінің бозаруы жҥйке ҽрекеті психикалық факторлармен қоздырылғанда
болатын шеткі қан тамырларының таралуында, қан тамырлары терең орналасқан жағдайда
болады. Соңғы қан аздықты жалған анемия немесе псевдоанемия деп атайды.
Ауыр науқастарда терінің тҥрі тҿмендегідей болып ҿзгеруі мҥмкін: балауыз тҥстес
(гипо- жҽне апластикалық анемиялар), сҥт қосқан кофе тҽріздес (сепсистік эндокардит),
жер тҥстес сҥр бояу (токсикоздарда), жасыл тҥстес (хлороз).
Терінің кҿгеруі кҿбіне ҿкпе жҽне жҥрек ауруларында кездеседі. Терінің жалпы
кҿгеруі жаңа туған балаларда асфиксияда, бас сҥйегінің ішіне қан кҧйылғанда, іштен туған
жҥрек ақауларында, ҿкпе солуында (ателектаз) кездеседі. Туа болатын жҥрек ақауларында
байкалатын кҿгерудің ерекшелігі, ол ҧзак жҽне интенсивті (қарқынды) болып келеді.
Ҽдетте, терідегі ісік қуыстарында трансудат болмайды. Кейде жылағанда, кҥшенгенде
саусақтарының башпай «кҿгал» тартады немесе «кҿлеңке» пайда болады.
Жергілікті кҿгеру, ҽсіресе мҧрын-ауыз ҥшбҧрышының кҿгеруі, ҿкпе қабынуының
(пневмонияның) ең алғашқы белгілерінің бірі болып келеді де, бҥкіл денені алып жалпы
кҿгеруге айналып кетуі мҥмкін. Мысалы, жайылмалы пневмосклероз, экссудативті
(сҧйықты) плеврит. Ҿте тез дамитын кҿгерулер жоғары демалыс жолдарына бҿгде дене
тҥскенде кездеседі. Бронхтық тҥйіндердің ісігі қысып, қан айналасын нашарлатқанда
(бронхоаденитте) кеуде де, арқасында, екі жауырынның ортасында, басының ішінде су
жиналғанда (гидроцефалияда), мидың ісігінде кҿк тамырлардың (венасының) кеңеюі
пайда болады. Бауыр веналарында қан іркілгенде іштің алдыңғы бетіндегі терісінің
тамырлары кеңейеді («Медузаның басы» –
21-сурет).
Жоғарыда айтылғаннан басқа да теріде коп ауытқулар кездеседі:
Пысынаушылық – ҽдетте, терінің қатпарларында жҽне терінің киімінің қатты қыр-
тыстарымен ҥйкелетін жерлерінде (мойнында, шабында, санның ішкі бетінде) кездеседі.
Пысынаушылық дегеніміз дененің қызарып пысынауы (кейде суланып былжырауы).
Бала ауырсынып, шыдамсызданады. Кейде шеттерінде кішкене ісіктер пайда болады.
Ҽсіресе, балалар экземасымен (шілделік) ауыратын балаларда пысынаушылық жиі
кездеседі. Пысынаушылық асқынғанда қҧйрықта эритема (жаялық эритемасы) пайда
болады. Олар кҿтеншектің, сыртқы жыныс мҥшелерінің айналасына, санның ішкі бетіне
тарайды да, папула (іріңсіз ісік) жҽне жаралар пайда болады. Кейде олар іріңді безеу
тҥрінде (пустула) немесе везикула тҥріне айналады. Пайда болу себептері жиі несеппен,
сҧйық нҽжіспен, бактериялармен терінің тітіркенуіне байланысты.
Тер бҿртпе (ыстық шығу) жаңа туылған жҽне бірінші ҥш айлық балаларда кездесе-
тін тер бездерінің жҧмысының артуына, олардың сағасының жҽне маңындағы қан тамыр-
ларының кеңейіп, тері арқылы жылтырап тҧруына байланысты, терінің зақымдануы.
Диаметрі 1–2 мм-ге тең қызыл тҥйіншіктер жҽне дақтар мойында жҽне басқа тері
жамылғыларында, іштің тҿменгі жағында, кеудеде орналасады. Тері пысынағанда,
бҿлмеде қызу жоғары болғанда, киімді дҧрыс киіндірмегенде, ауа-райына сҽйкес киім
кигізбегенде пайда болады.
Жаңа туған жҽне бір жасқа дейінгі балалардың бас терісінде, кейде, қасында май
бездері шығаратын май мен терінің мҥйізді қабатының клеткаларынан тҧратын, қабыр-
шақтар пайда болады. Бҧл қабыршақтар себоррея деп аталады. Қабыршақтардың астында
кҿбінесе микробтар қоныстанады, сондықтан тырнап қасығанда іріңдеп кетуі мҥмкін.
65
Экссудативті диатезбен ауыратын балалардың басының шашында, еңбек
айналасында суланған май қабыршақтары жиналады. Оны гнейс деп атайды. Кейде
себоррея басты кҥкірт телпек тҽрізді тҥгел жауып тҧруы мҥмкін.
Бҧндай балалардың бетінің терісінде қызарған, ҿзі сау теріден бҿлініп тҧратын
инфильтрат пайда болады – сҥтті шірік қабыршақ (шілделік)
(22-сурет).
Кейіннен
қышынып қатты қасығандықтан экссудат пайда болып, қабыршақтанып кеуіп қалады.
Балалар терісіндегі бҿртпелердің диагностикалық маңызы ҿте ҥлкен. Классикалық
жағдайда тек қана бҿртпелердің сипаты бойынша ғана диагноз қоюға болады. Бҧндай
жағдай негізінен теріде бҿртпелермен білінетін балалар жедел инфекциялық ауруларында
байқалады.
Бҿртпелер қабынған жҽне қабынбаған болып 2-ге бҿлінеді. Олардың айырмашылығы
бармақпен басқанда жойылып кетеді де, жібергенде қайтадан пайда болады. Ал,
қабынбаған дақтар саусақпен басқанда жойылмайды. Аурулардың кҿбі қабынулы сипатты
болады. Дегенмен, қабынулы еместеріде бар. Оларға пигментті дақтар, атрофиялар,
гиперкератоздар, ісіктер, тер жҽне май бездерінің секрециясының бҧзылулары жатады.
Терідегі патологиялық ҿзгерістер теріде айқын ҿзгерістердің пайда болуына ҽкеледі. Олар
терінің бҿртпеленуі, яғни морфологиялық элементтер деп аталады. Ол теріде жҥріп
жатқан патологиялық процесстің сипаттамасы. Морфологиялық элементтер алғашқы
(бірінші) жҽне екінші ретті болып бҿлінеді.
Алғашқы бҿртпелік элементтер ҿзгермеген теріде пайда болады. Оларға дақ, папула
(іріңсіз кішкене ісік), томпақ (бҧдыр), тҥйін, кҥлбіреу, кҿпіршік, іріңдік жатады. Бастапқы
элементтер ішінде серозды, геморрагиялық жҽне іріңді сҧйықтары бар қуысты (кҥлбіреу,
іріңдік) жҽне қуыссыз (дақ, папула, тҥйін, кҿпіршік, томпақ) болып екіге бҿлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |