Өкпе туберкулезінен ажыратқанда
, анамнез (туберкулезбен ауыратын адаммен
қатынаста болу, туберкулезге қарсы егілу, биологиялық сынақтар жайы, дене қызуы),
клиникалық-рентгендік кҿрсеткіштер, биологиялық сынақтар еске алынуы керек. Кҥдікті
жағдайларда Манту сынамасы, Пирке реакциясы қойылып, жергілікті туберкулин сынама-
сы нҽтижесіне жҽне басқа тексерулер нҽтижелеріне баға беріліп, қорытынды жасалады.
Туберкулезде кҿбінен ҿкпенің жоғарғы бҿлігі ҧшыраса, СП тҿменгі жҽне ортаңғы
бҿліктерде жиі байқалады. Туберкулезбен ауыратын балаларда физикалық белгілер аз
болып келеді де, науқастың жалпы хал-жағдайы қалыптыдан кҿп ҿзгере қоймайды.
Емі.
СП-мен ауырған науқастардың емі сатылы, ҽр ауруға жеке оңтайландырылып
(кеселдің кезеңі, қайталау жиілігі, қосалқы аурулардың болуы) жҥргізілуі керек. Қайталау
кезінде науқастар ауруханада емделгендері жҿн.
Негізгі ем бағыттары:
1. Организмнің ҿзгерген реактивтілігі мен ҿкпенің
резистенттілігін қалпына келтіру; 2. Инфекция жҽне пневмослероздың ҥдеуімен кҥресу;
3. Бронх тарамдарының функциясын қалыптастыру. Рецидив кезінде негізгі инфекцияға
қарсы бағышталып, зақымдалған бронхтарын қызметін қалыптастыруға бағышталған
болса, ремиссия кезінде науқас организмінің жалпы реактивтілігін кҿтеруге жҽне ҿкпе
резистенттілігін арттыруға, инфекция ошақтарын тазартуға, аэроемге бағышталады. СП-
ның ҿршу кезеңінде тҿсектік режим тағайындалады, дене қызуын тҿмендететін, токсикоз
белгілерін азайтатын ем жҥргізіледі. Тамақ калориясы белок (ет, ірімшік), май (сары май,
балық майы) есебінен кҿбейтіледі. Емдҽм қҧрамы асқорыту жағдайына жҽне қосалқы
аурулардың бар-жоғына да байланысты болып келеді. Ҿршу белгілері ауыр байқалса, ас
тҧзы мен кҿмірсулар мҿлшерін азайтып, экстракты заттарды шектеген жҿн.
Антибактериялық ем
ерте басталу керек. Антибиотиктерді
бронх немесе кеңірдек
шырышынан себілген микробтардың сезімталдығының қорытындысына қарай тағайындау
керек. Бірақ, in vivo мен in vitro сезімталдығы ылғи да ҥйлесе бермейді. Егер де
қоздырғыштардың сезімталдығын анықтау мҥмкін болмаса, ҿткенде қолданылған
антибиотик бҧл жолы тағайындалмау керек деген қағида сақталуы керек.
Муколитикалық дҽрілер ішуге жҽне ингаляция жолымен тағайындалуы керек.
Бронхоскопиялық тазалау (санация) жҽне антибиотиктерді, антисептикалық заттарды
эндобронхиальды енгізу іріңді эндобронхит анықталғанда жҥргізіледі.
Муколитиктер:
Протеолитикалық
ферменттер
(химотрепсин,
химопсин,
рибонуклеаза); 10% N-ацетилцистеиннің ерітіндісі 2-3мл, соңғы кезде жасына байланысты
100-200мг-нан кҥніне 3 рет қолданылады. Ультрадыбыстық жҽне компрессорлық
аэрозольдық ингаляторлар пайдаланылады.
Физиоем
. Қозу кезінде Ультражоғары жиілікті
(УЖЖ) электр тогы (3-4 процедура), одан ҽрі «Луч-2»
аппаратымен ультратолқын емі, содан соң ҽртҥрлі
дҽрілермен (дионин, платифиллин ертінділері жҽне
т.б.)
электрофорез
(обструктивті
синдромда)
тағайындалады.
Емдік дене шынықтыру барлық кезеңдерінде де
тағайындалады. Қалыптық (позициялық) дренаж жасау
ҿте маңызды болып келеді
(89-сурет).
Массаж.
Кеуде қуысының массаждық дренажы
жасалады. Квинке қалпында (бас жағы тҿмен, бҿксе
жағы кҿтеріңкі етіп жатқызу) кеуде қуысына массаж
жасалады. Процедура кҥніне 2-3 рет, біріншісі ертеңгі ҧйқыдан тҧрған бойда жасалады.
Тыныс алу гимнастикасының да пайдасы бар.
Кортикостероидтармен емдеу
: преднизолон – 1-1,5 мг/кг, ҧзақтығы 5-6 апта,
тҽуліктік дозасы кҥн сайын 2,5 мг-ға тҿмендетіледі. Емдеу курсын дҽрінің ҿте аз
мҿлшерімен аяқтайды (1,25 -2,5 мг), ол 7-10 кҥнге созылады.
Достарыңызбен бөлісу: |