Н. С. Сейітов г-м.ғ. д., профессор Оқулықта «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау»



жүктеу 8,17 Mb.
Pdf просмотр
бет49/168
Дата08.12.2022
өлшемі8,17 Mb.
#40519
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   168
Бурение

5. ЖЫНЫС ТАЛҚАНДАЙТЫН ҚҰРАЛДАР 
Ұңғыны бұрғылау кезінде жүргізілетін негізгі процестердің бірі забойдағы 
тау жыныстарын талқандау. Бұл процесс негізгі және қосымша құралдардың 
көмегімен жүргізіледі. Жыныс талқандауға тікелей қатынасатын құралдарды 
негізгі құралдар қатарына жатқызады. Бұрғы құралы немөсе снаряды осы негізгі 
құралдар қатарына кіреді. Бұрғы құралы бір-бірімен жалғасқан әр түрлі 
саймандардан тұрады. Оның негізгі мақсаты — бұрғы станогынан шыкқан айналу 
моментін жынысталқандаушы
құралға жеткізу. Бұрғы құралының құрамына 
қандай саймандар кіретіні ұңғының бұрғылану мақсаты мен қолданылатын 
бұрғылау тәсіліне байланысты болады. 
Қатты қорытпалы коронкалармен бұрғылағанда, бұрғы аспабының құрамына 
қатты қорытпалы коронка 1, колонкалық құбыр 
2, 
өзгерткіш 

және бүрғы 
қүбырлары 

кіреді (14-сурет). 
Бытыралы бүрғылауды қолданып ұңғы бұрғылағанда бүрғы аспабы мына 
кұрамдардан тұрады: бытыра коронкасы 1, колонкалық құбыр 
2, 
үшке өзгерткіш 
3, 
шлам құбыры 

және бүрғы қүбырлары 
5
(15– сурет)
.


 
 
 
14-сурет. Қатты қорытпалы 
бұрғылау снаряды.
1 – коронка; 2 – колонкалық 
құбыр; 3 – өзгерткіш; 4 – 
бұрғы құбырлары
 
15-сурет. Бытыралы бұрғылау 
снаряды.
1 – бытыра коронкасы; 2 – 
колонкалық құбыр; 3 – үшке 
өзгерткіш; 4 – шлам құбыры; 5 
– бұрғы құбырлары
16-сурет. Алмазбен 
бұрғылау снаряды.
1– алмаз коронка; 2 – 
кернжұлғыштың серіппесі; 

– 
кернжұлғыштың 
тұлғасы; 4 – колонкалық 
құбыр; 5 – өзгерткіш; 6 – 
бұрғы құбырлары; 7 – 
ниппель
Алмаз коронкамен ұңғы бұрғылағанда бұрғы аспабының құрамында алмаз 
коронка 1, керн жұлғыштың серіппесі 
2,
керн жұлғыштың
 
тұлғасы 
3, 
колонкалық 
құбыр 
4, 
өзгерткіш 
5, 
бұрғы қүбырлары 

және ниппель 7 болады (16–сурет). 
Алмазбен бұрғылағанда қажеттіктеріне қарай бүрғы аспабының құрамына алмаз 
кеңіткіш және шлам қубыры кіруі мүмкін. 
Ұңғыны кернсіз, тұтас забой тәсілімен бұрғылағанда бүрғы аспабы мына 
қүрамнан тұрады: а) қалақшалы, алмаз немесе шарошкалы қашау, ә) қашаумен 
ауырлатылған құбырларды жалғастыратын өзгерткіш, б) ауырлатылған бұрғы 
қүбырларының тізбегі; в) өзгерткіш, г) бүрғы қүбырларының тізбегі, ғ) жетектеуші
қүбыр. 
Жоғарыда айтылып кеткен аспаптар жиынтықтарын 
колонкалық бурғылау 
құралдары 
деп атайды. Бұрғы аспаптарының құрамына аварияға қарсы 
қолданылатын өзгерткішті де енгізуге болады.
Бұрғы құбырлары тізбегінде туатын авария, мысалы, құбырдың үзілуі, әсіресе 
тізбектің төменгі жағында болады. Тізбектің жоғарғы жағындағы құбырлар өте 
сирек үзіледі. Егер осы жағдайларды ескерсек төменгі қүбырлардың қабырғалары 
қалың, диаметрлері үлкен және өздері берік жасалғаны жөн, өйткені олар ылғи 
үстінен ауыр салмақ басады да қысылып түрады. Ал тізбектің жоғарғы жағындағы 


құбырлар созылып тұратындықтан, олардың сыртқы диаметрлері жіңішке бола 
бергені зыян болмайды. 
Тізбектің дұрыс жұмыс істеуі үшін және забойға керекті осьтік күшпен 
қамтамасыз ету үшін ауырлатылған бұрғы құбырларын пайдаланады. Олар қалың 
қабырғалы, үлкен диаметрлі және беріктігі үлкен құбырлар. Сондықтан қандай 
қиын жағдайда жүмыс істесе де, ауыр салмақтың әсерінен созылса да, 
ауырлатылған бұрғы құбырлары оңай үзіле қоймайды. Сол себепті авария да 
болмайды. Ауырлатылған бүрғы қүбырларын қолданғанда барлық тізбек созылып 
жұмыс істейді. Мұндай құбырлар ұңғыны өз бағытынан қисайтпайды және бұрғы 
снарядының айналу жылдамдығын өсіріп, бүрғылау жұмысының қарқынын 
көтеруге жағдай туғызады. 
Ауырлатылған 
бұрғы 
қүбырлары 
қалың 
қабырғалы 
құбырлар 
дайындамасынан жасалады. Материалы — 36Г2С немесе 40Х деп аталатын 
болаттар. Бұл құбырлар бір-бірімен ниппель, муфта арқылы немесе «құбыр ішіне 
құбыр» (қусырылу) әдісімен жалғасады. Тізбектегі ауырлатылған қүбырлар 
қашаудың немесе бұрғы снарядының үстінде орналасады. Ауырлатылған 
құбырлардын, сипаттамалары 5- кестеде келтірілген. 
5- кесте 

жүктеу 8,17 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау