Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


1. Ынталандырушы бюджет-салық саясаты



жүктеу 1,31 Mb.
Pdf просмотр
бет81/325
Дата29.10.2022
өлшемі1,31 Mb.
#39897
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   325
dogalov-makroekonomika

116
1. Ынталандырушы бюджет-салық саясаты
(экспансия-
лық саясат немесе қазыналық экспансия) – бұл қысқа мерзімді 
кезеңде экономикадағы циклдік құлдырауды жою мақсатында 
мемлекеттік шығындарды арттыру, салық салуды төмендету 
немесе осылар арқылы біріктірілген құрастырма шаралардан 
құралған іс-қимылдар кешені. Басқаша, бұл белсенді фискалдық 
саясат деп аталады.
2. Тежеуші бюджет-салық саясаты 
(қазыналық шектеу) 
– бұл экономиканың циклдік дамуын тежеу мақсатында мем-
лекеттік шығындарды төмендету, салық салуды арттыру неме-
се біріктірілген құрастырма шаралардан құралған іс-қимылдар 
кешені. Демек, бұл енжар фискалдық саясат болып саналады.
Дискрециялық бюджет-салық саясатының құралдары:
• 
салық мөлшерлемесін өзгерту;
• 
қоғамдық жұмыс жобалары;
• 
халықты жұмыспен қамту.
Дискрециялық емес бюджет-салық саясаты
– бұл үкі-
меттің арнайы шешім қабылдауын талап етпей, автоматты тұ-
рақтандырғыштар арқылы мемлекеттік бюджеттің кірістері мен 
шығыстарының өздігінен реттелуін қамтамасыз ететін еркін іс-
шаралар кешені.
Автоматты (кіріктірме) тұрақтандырғыштар
– үкіметтің 
саясатын жиі өзгертпей-ақ, өнім көлемі мен жұмысбастылық 
деңгейінің циклдік ауытқуларын төмендетуге мүмкіндік беретін 
экономикалық тетіктер жүйесі. Мұндай тұрақтандырғыштарға 
үдемелі салық салу, мемлекеттік трансферттік төлемдер, жұмыс-
сыздықтан сақтандыру, пайданы бөлісу жүйелері жатады.
Экономиканың өрлеу кезеңдерінде автоматты тұрақтандыр-
ғыштар бюджетке түсетін салықтардың артуына жəне бюджет 
артықшылығының орын алуына мүмкіндік береді. Ал эко 
но-
миканың құлдырау кезеңдерінде бұл үрдістер керісінше жүріп 
отырады. 5.1-суреттен үдемелі салық салу ретіндегі автоматты 
тұрақтандырғыштардың іске қосылу механизмін көруге болады.
Оң көлбеулі өспелі салық Т қисығы салық мөлшерлемесі не 
t тəуелді болып табылады. Е нүктесінде мемлекеттік бюджет-
тің баланстылығы орындалады. Табыстың əрбір деңгейіндегі 
са лықтық түсімдер мына формуламен анықталады: Y
t
= T. Егер 


117
табыс 500 млрд.теңге болса, онда 20%-дық салық мөлшермелесі 
кезіндегі салықтық түсімдер 100 млрд. теңгеге тең болады. Табыс 
одан ары ұлғайса, салық мөлшерлемесі де солай жоғарылайды 
жəне Т қисығы аса тіктеу сипатқа ие болады. Керісінше, та-
быс төмендегенде t шамасы да төмендейді жəне Т қисығы аса 
жатыңқы болады.
Экономиканың автоматты тұрақтандырғыштары дискре 
ция-
лық қазыналық саясаттың уақытша кешеуілдеу мерзімінің ұзақ-
тылығы мəселесін салыстырмалы түрде жұмсартып отырады, 
өйткені бұл механизмдер парламенттің қатысуынсыз да жұмыс 
істей береді.
Сонымен, дұрыс ойластырылған бюджет-салық саясаты мем-
лекеттің инвестициялық мүмкіндіктерін арттыруға жəне кə сіп-
керлік белсенділікті көтеруге, азаматтардың əлеуметтік қам 
-
тамасыз етілуін арттыруға, ел экономикасының бəсекелік қа-
білеттілігін нығайтуға жəне елдің халықаралық жағдайларын 
жақсартуға өз септігін тигізеді. 
Үкімет дискрециялық бюджет-салық саясатын жүргізу кезін де 
жиынтық сұранысқа да, жиынтық ұсынысқа да бірдей əсер етеді. 
Кейнстік бағыт шеңберінде бюджет (мемлекеттік шығындар) 
муль 
типликаторы, салық мультипликаторы жəне баланстанған 
бюджет мультипликаторы сияқты үш мультипликатордың іске 
қосылуы есепке алынады. Ал ұсыныс теориясы шеңберінде 
«Лаффер əсері» қарастырылады. 
Бюджет мультипликаторы мемлекеттік шығындар динами-
касының өзгеруі нəтижесінде ұлттық өндірісте орын алатын 

жүктеу 1,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   325




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау