Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



жүктеу 1,31 Mb.
Pdf просмотр
бет122/325
Дата29.10.2022
өлшемі1,31 Mb.
#39897
түріОқулық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   325
dogalov-makroekonomika

зейнетақы қорлары
– ұзақ мерзімдік міндеттемелерді 
эмис сиялау жолымен қаржыларды тартатын ұйымдар;
5) 
инвестициялық компаниялар
– акциялары бар ұсақ 
ком паниялардың арасына өз акцияларын орналастыратын жəне 
қаржыларды экономиканың əртүрлі салаларындағы бағалы қа-
ғаздарды сатып алу үшін пайдаланатын ұйымдар.
Кез келген елдің Ұлттық банкі макрокономикалық саясаттың 
негізгі құралы – ақша-несие саясатын жүргізуге жауапты.
Ақша-несие саясаты
– бұл ақша айналымы мен несие жүйесі 
саласындағы мемлекеттік іс-шараларды жүзеге асырумен бай-
ланысты бірқатар жалпы экономикалық міндеттерді орындауға 
бағытталған макроэкономикалық саясаттың аса маңызды құ-
рамдас бөлігі. Ақша-несие саясаты нақты мақсаттарды көздейді 
жəне арнайы құралдар арқылы жүзеге асырылады.


170
Ақша-несие саясатының мақсаттары соңғы жəне аралық мақ-
саттар болып бөлінеді.
Соңғы мақсаттар:
1) экономикалық өсу;
2) толық жұмысбастылық;
3) бағалардың тұрақтылығы;
4) тұрақты төлем балансы.
Соңғы мақсаттар ақша-несие саясатының фискалдық, ва-
люталық, сыртқы сауда саясаттарымен бірге жүзеге асыратын 
мем лекеттің маңызды бағыттарына жатады.
Аралық мақсаттар:
1) ақша массасы;
2) пайыздық қойылым;
3) айырбас бағамы.
Ақша-несие саясатының мақсаттарына тікелей жəне жанама 
деп бөлінетін нақты құралдар арқылы қол жеткізіледі.
Ақша-несие саясатының тікелей құралдары:
1) несиелеу лимиттері;
2) пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу.
Ақша-несие саясатының жанама құралдары:
1) міндетті резервтер нормасын өзгерту;
2) есептік мөлшерлемені өзгерту;
3) ашық нарықтағы операциялар.
Міндетті резервтер нормасын өзгерту
– бұл ақша-несие 
жүйесін реттеуде қолданылатын қатаң құрал ретінде саналатын 
банктік резервтердің шамасына əсер ету əдісі.
Міндетті резервтер нормасын Ұлттық банк депозиттердің 
шамасына қарай пайыздық түрде бекітеді. Оның шамасы бі рін-
ші ден, 
салымдардың түрлеріне
жəне екіншіден, 
банктердің кө-
леміне
(шағын банктерге қарағанда ірі банктер үшін оның шама-
сы жоғары) байланысты болады.
Міндетті резервтер нормасын өзгерту екі негізгі нысанда 
жүргізіледі: жоғарылату формасында жəне төмендету форма-
сында.
Міндетті резервтер нормасын жоғарылатудың нəтижесінде 
міндетті резервтердің шамасы артады, коммерциялық банктердің 


171
несиелік белсенділігі қысқарады жəне соңында ақша ұсынысы 
төмендейді.
Міндетті резервтер нормасын төмендетудің нəтижесінде ке-
рісінше, несие беру құралдары кеңейеді, коммерциялық банк-
тердің несиелік белсенділігі артады жəне соңында ақша ұсынысы 
ұлғаяды.

жүктеу 1,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   325




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау