Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)



жүктеу 8,71 Mb.
Pdf просмотр
бет220/303
Дата29.10.2022
өлшемі8,71 Mb.
#39896
түріОқулық
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   303
buzaubakova pedagogika

Практикумдар
арқылы оқушылар тәжірибелік, зертхана жұмыстарды өз 
беттерімен орындайды. Олар оқу курстарының ірі бөлімдерін оқыған соң 
өткізіледі, сонымен қатар теориялық материалды тәжірибеде көрсету үшін де 
өткізуге болады. 
Практикум 2-3 апта өтеді. Мұғалім сыныпты 2-3 оқушыдан тұратын 
топтарға бөледі. Әрбір топ бір-біріне ұқсамайтын зертханалық және 
тәжірибелік жұмыстарды арнайы сабақ кестесі бойынша орындайды. 
Практикум өткізер алдында кіріспе дәріс және нұсқау берілетін сабақ өтеді. 
Практикум кезінде оқушылардың тірек білімдерін жаңғырту тәсілдері 
қолданылады. 
Оқушылардың іс-әрекетін басқару: жұмыс істеу ережелерін, қажетті 
материалды қайталату; зертханалық жабдықтарды суреттеу; оның қалай жұмыс 
істейтінін, тапсырмаларды орындау тәртібін білу; тақырып бойынша бақылау 
сұрақтарын 
және 
қосымша 
әдебиеттердің 
тізімін 
жасау. 
Жұмысты 
алгоритм 
бойынша 
істегенмен, 
шығармашылық, 
зерттеу 
жұмыстарын да жүргізуге болады. Белгілі бір заңдылықтар, теориялардың 
шындыққа 
сәйкестігі 
тексеріледі. 
Тұрақты 
шамалар 
өлшенеді. 
Практикум кезінде оқушылар шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды 
орындайды; химиядан тәжірибе өткізеді, сызба жұмыстарын жасап, физикалық, 
биологиялық, әлеуметтік, тарихи, фенологиялық зерттеулер жүргізеді. 
Семинар сабағы

Семинар сабақтары көбінесе оқылған лекция 
тақырыбына байланысты негізгі өзекті мәселелерді талқылау, оқушылардың 
танымдық ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылық белсенділіктерін 
шыңдау мақсатын көздейді. Тақырып сұрақтарына сай пікір алмасу, өз 


240 
көзқарастарын дәлелдеу, мұғалімдерге оқушылардың оқу материалын 
қаншалықты меңгергенін, соған орай сенімдері мен түсініктерінің 
қалыптасқандығын бақылап, тексеріп, бағалап және бағыт-бағдар беріп отыруға 
мүмкіндік туғызады. 
Семинар сабағына әзірлену кезінде оқушылар тезистер мен баяндамалар 
жазып, қосымша әдебиеттерді пайдаланады. Ұсынып отырған сұрақтарға 
қатысты, ондағы бар негізі ойларды қамтып, конспект құрады. Семинар сабағы 
оқытуды ұйымдастыруда тиімді форма екенін тәжірибе көрсетуде. 
Семинар сабағын өткізу барысында мұғалім проблемалық жағдай туғызып, 
талқыланып отырған сұрақтарға оқушылардың қызығушылығын оятады, 
олармен ақылдаса отырып, оны талдаудың жоспарын құрады және ұжымдық 
ізденушілік әрекеттеріне қолайлы жағдай туғызады. 
Сынақ сабағы.
 
Сынақ сабақтарын жоғары сынып оқушыларына енгізудегі 
мақсат – бағдарламадағы теориялық білімдерді күшейту, бекіту, оқыту 
процесінде оқушылардың жоғары белсенділіктері, жауапкершілігі, дербестігін 
орнықтыру. Сынақ сабақтары өзінің ұйымдастыру ерекшелігіне сай оқу 
жұмысынан тыс оқушылардың өздігінен білім алуын жалғастыруға ықпал етеді. 
Сынақ сабағы ереже бойынша бағдарламаның негізгі бөлімін, тарауын 
оқып болғаннан кейін жүргізіледі. Мұғалім оның өткізу мерзімін, тақырыптары 
мен талқыланатын сұрақтарын оқушыларға алдын ала хабарлайды. Оларға жеке 
дара тапсырмалар беріліп, қосымша әдебиеттерді оқу тапсырылады және 
қосымша сабақ өткізіледі. 
Сынақты ұйымдастыру оқушылардың жеке жауаптары, бақылау және 
топтық практикалық-зертханалық жұмыстары, тақырып бойынша шығарма 
және баяндама жазу түрінде жүргізіледі. 

жүктеу 8,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   303




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау