Сурет-87. Отбасы мен мектептің бірлігінің құрылымы
Бала тәрбиесіндегі мектеп пен отбасы ынтымақтастығы дегеніміз – жеке
тұлғаны тәрбиелеу мақсатында үйлестірілген тәрбиелік іс-шаралардың бір
жүйеге бірігуі.
Мектеп пен отбасы байланысының басты формасы – ата-аналар жиналысы.
Онда күнделікті өмір, еңбек, демалыс, балалардың бос уақыты, кәсіптік бағдар,
оқу, тәрбие жұмысы және т.б. талқыланып, оларды одан әрі жетілдірудің нақты
жолдары қарастырылады. Сыныптың ата-аналар жиналысында ата-аналар
комитеті, олардың төрағасы сайланады.
Ата-аналар жиналысы мектеп бойынша жылына кем дегенде екі рет,
сыныптар бойынша төрт рет өткізіледі. Ата-аналар жиналыстарында оқу-
Отбасы мен
мектептің
бірлігінің
белгілері
Ортақ
шарт
Түсіністік
Бірлескен
әрекет
Бірлесе
ықпал ету
Сөз бен
істің бірлігі
Серіктестік
Ынтымақ-
тастық
Ортақ
мақсат
Ортақ
көзқарас
Бірін-бірі
сыйлауы
Бірін-бірі
қуаттауы
Сыйластық
Ортақ
қызығушылық
Өзара
көмек
Өзара
келісім
205
тәрбие жұмысы қаралады, оның сапасын жақсартудың негізгі жолдары
белгіленеді. Кейбір ата-аналар отбасылық тәрбие жайлы есеп береді.
Жиналыстарда сынып жетекшілері ата-аналарды сынып ұжымының
оқу-тәрбие жоспарымен, ал мектеп басшылары балалар және ата-аналар
комитетінің іс-жоспарларымен таныстырады.
Отбасы мен педагогикалық ұжым жұмысындағы сынып жетекшісінің
рөлі.
Мектеп өмірінде тақырыптық ата-аналар жиналыстарын өткізіп отырудың
тәрбиелік мәні зор. Мұндай жиналыстардың мақсаты – ата-аналарды
психологиялық-педагогикалық
білім
және
тәжірибе
жаңалықтарымен
таныстыру, ой қорыту. Ата-аналар қауымының тұрақты органы – ата-аналар
комитеті. Ол мектеп ұжымымен бірге, оқу-тәрбие және жұртшылық көмегін
пайдалана отырып, оқу-тәрбие және шаруашылық жұмыстарын жақсартудың
шараларын жасайды, оларды іске асырудың барлық мүмкіншіліктерін
қарастырады. Ата-аналар комитеті айналысатын басты мәселелерге мектеп
және сыныптар бойынша ата-аналар жиналыстары, конференциялар,
семинарлар өткізуге көмектесу; үлгермейтін және қиын балаларды назарда
ұстау, сынып жетекшілеріне көмектесу; үйірме жұмыстарын басқару;
балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру; экскурсия, жорықтарды
ұйымдастыруға қатысу; мектеп үйін жөндеу және т.б. жұмыстар жатады.
Ата-аналар комитеті мүшелерінен және ата-аналар белсенділерінен
комиссия құрылып, мектеп жұмысының кейбір түрлерін педагогикалық ұжым
мүшелерімен одақтасып бірге басқарады. Ата-аналармен ұйымдастырушылық-
педагогикалық жұмыс ата-аналар комитеті (жалпы мектептік, сыныптық), ата-
аналар жиналысы және конференциялары сияқты формалар арқылы жүзеге
асады. Ата-аналар комитеті – ең белсенді, ықыласты деген ата-аналардан
тұратын қоғамдық орган, ол жалпы мектептік немесе сыныптық жиналыстарда
сайланады. Ол 5-6 адамнан (өзара негізгі міндеттерді бөліп алатын төрағадан
және 4-5 мүшесінен) тұрады. Керек болған жағдайда, ата-аналар комитетінің
жанында кеңестер, комиссияның ынталы топтары құрылуы мүмкін.
Тәрбиешінің тәрбиелік жұмыс жоспары – міндетті педагогтік құжат.
Жоспарды оқу жылы басталар алдында мектеп директоры бекітеді.
Тәрбие жұмысы – күрделі процесс. Оны жүйелі жоспарлау оқушыларды
жан-жақты тәрбиелеуде жемісті нәтиже берері сөзсіз. Сынып жетекшісінің
ойланып жасаған тәрбие жоспары оқушылардың психологиялық-педагогикалық
ерекшеліктерін бақылаудың бір түрі. Сынып жетекшісі тәрбие жұмыстарын
жүзеге асыруы үшін оқушының отбасы жағдайын зерттеп, отбасы туралы
мәліметтерді біліп отыруы қажет. Зерттеу барысында олардың тәрбиелік деңгейі
анықталады (10-кесте).
206
Достарыңызбен бөлісу: |