Əдеби тілімізде сабақтас байланыстың қызметіне бағынған сөздер молынан
ұшырасады. Мұнда синтаксистік бірліктердің бір-біріне иек арта, бағына
байланысуы бар. Бұл байланыс түрінің де синтаксистің үш саласы үшін
қызметі айқын.
3) Орайлас байланыс – бұл екі жақты байланыс. С.Исаев пікірінше, мұнда
салалас байланыста болатындай бірыңғайлық, тең дəрежелік немесе
сабақтаста
болатындай бағыныңқылық жоқ
12
. Екіншіден, мұндай байланыс
түрінде бірінші сыңардан екіншіге немесе керісінше, екіншіден біріншіге
сұрақ қоюға болады. Үшіншіден, екеуінің орнын алмастыра бересің. Ең
ақыры, бұл салалас байланыс сияқты сөзтұлға синтаксисіне, сабақтас сияқты
сөз тіркесі синтаксисіне қатысты емес. Қайта, сөйлем синтаксисіне, оның
ішінде жай сөйлем синтаксисіне тікелей қатысы бар. Тек осы орайлас
байланыс нəтижесінде ғана сөйлем түзіледі. Қараңыз: Аңшы ауыр күрсінді
(Ғ.Мүсірепов). Асты сызылған бірліктердің алғашқысынан қайтті?
сұрағы
туындаса, соңғысынан кім? сұрағы қойылады. Мұндай қатысты сұрақ қою
алғашқы синтаксистік нысандар бойынан табылмайды. Орайлас байланыс
құрмалас сөйлемнің ішкі құрылым жүйесінде де болады. Мұндайда жеке
сөйлемде кемі екі орайлас байланыс болады. Бұл оның негізгі өлшемінің бірі.
Органикалық байланыстағы жай сөйлемдік үлгілердің құрамы одан сайын
артуы да мүмкін. Əрине, сыңар тұлғалануында ерекшеліктер бар. Тиянақты
тұлғалыда сұрақ қою жеңіл, тиянақсыз тұлғаға аяқталған сыңарға сұрақ беру
қисынсыз. Бірақ бұл арада сыңар соңындағы тұлға шешуші рөл атқара
бермейді. Мəселен, мен барып тұлғасына
мен қайтіп сұрағын беріп,
күрделендірудің қажеті аз. Қайта, мен қайттім деп айта беруге болады, əрі
дұрыс та. Құрмалас түрлеріне сəйкестендіріп мысалдар келтірсек, төмендегі
негізгі мүшелер (бастауыш, баяндауыш) байланысы орайластық қызмет
көрінісі болып есептеледі: Жастар бір бөлек əзілдесіп отыр екен, мен де
соларға қосылдым (Б.Майлин). Дəл осы кезде есік сарт етіп ашылып, Наргүл
кіріп келді (Р.Тоқтаров).
Мəтінішілік сөйлемдерде орайлас байланыстың қызметі артады. Жеке
сөйлемдердің əрқайсысының бойынан
табылған орайластық сандық
тұрғыдан көбейеді. Мəселен, төмендегі шағын мəтіндік байланысуда төрт
жеке сөйлемдік тұлға бар, əрі олардың негізгі мүшелері орайласа
байланысудан түзілген: Бұл қалаға аға сұлтан көп туысқанын, көп нөкерін
ертіп келген. Құнанбай пəтерінің маңындағы үш-төрт кварталдың
əрқайсысында өзді-өз тобымен
ошарылып орнап жатқан Майбасар, Жақып,
Қаратай сияқты Құнанбайға тарапты кісілер бар. Майбасар мен Құнанбай
пəтерлерінен күндіз-түні табылып тұратын тілмəш, стражниктер болады.
Майбасарға тиісті атшабар Қамысбай, Жұмағұлдан басқа Құнанбайдың өз
жігіті, өз атшабары – Қарабас та бар-ды (М.Əуезов).
4) Аралас байланыс – бірбүтін синтаксистік құрылымда жеке сөйлемдік
құрылымдарды байланыстырудағы салаласу мен сабақтасудың басын
12
Исаев С. Қазақ тілі жайлы ойлар. – Алматы, 1997. 213-б.
біріктіретін жаңа байланыс түрі. Бұл ерекше байланыс түрі үшін кемі үш
жай сөйлемдік үлгі қажет. Бұл орайда тағы бір айта кететін жайт, айтушы еш
уақытта қандай құрылымда сөйлейтінін ойламайды. Ол дайын тұрған тілдік
бірліктерді
пайдаланады.
Нəтижесінде,
салаластық
байланыс
пен
сабақтастық байланыстың араласа келуі орын алады. Мұндай байланыс
түрлерінің
жеке тіл білімдерінде, атап айтқанда орыс, монғол, түрік
тілдерінде, əрі салаласа, əрі сабақтаса байланысу деп атау болды. Ал қазақ тіл
білімінде терминге қажет талап сақталып отырғандығын байқаймыз. Мұндай
байланысу түрін Н.Базарбаев əрқилы байланыс деп атаған
13
. Біздің
тарапымыздан əртиптес деп аталып келді де, ғылыми талдаулардан кейін
аралас атуымен қазақ тіл білімінде орнықты
Достарыңызбен бөлісу: