2. 1939ж. алғашқы әліпби жобасында неше әріп болды?
a) 41
b) 39
c) 40
d) 42
3. Кирил-қазақ емлесін жасауда тіл табиғатына жақын
бағытты ұстанған ғалым?
a) Ғ.Бұзырбаев
b) С.Кенесбаев
c) С.Аманжолов
278
279
d) М.Балақаев
4. С.Аманжолов «ә» әріпінің орнына қай әріпті
қолданған дұрыс деп есептеді?
a) е
b) а
c) я
d) ы
5. Жаңа әліпби мен орфография ережелері қай басылым-
да жарияланды?
a) «Жас Алаш»
b) «Қазақ»
c) «Қазақстан мұғалімі»
d) «Айқап»
6. «э» әріпін қазақ тіліндегі «е» дыбысының орны-на
қолдануды, «ә» әріпін екінші буындарға да жаза беруді
ұсынған ғалым?
a) С.Аманжолов
b) Т.Шонанұлы
c) О.Жандосов
d) Н.Төреқұлов
7. «һ» әрпі әліпбиге қай жылы енгізілді?
a) 1941ж 30-тамызда
b) 1940ж 30-тамызда
c) 1942ж 30-тамызда
d) 1939ж 30-тамызда
14-семинар. Қазақ тілі емле ережелеріне қатысты
ұсыныстар (1940-1960 жж.)
Семинар сұрақтары:
1. Емле ережелерінің жобасы неше жыл көпшілік талқылауында
болды?
2. Қандай ұсыныстар ерекше деп ойлайсыз?
3. Орыс емлесіне ұқсатып жазайық деген пікірлер қандай себептен
шықты деп ойлайсыз?
280
Бүгінде қазақ жазуы біршама тұрақтанған, қалыптанған,
реформаланған дегенде оның ауыр жүгі қазақ тіл білімінің аға
буынына батқанын сеземіз. Тұрақты емлесі жоқ жазу айналасы
отыз жылдың ішінде 3 дүркін ауыстырылды (1912, 1929, 1940).
Бірнеше рет емле ережелеріне реформа жасалды, алғашқы емле
ережесі 1940ж. жобаланып, 1957 жылы 5 маусымда Жоғарғы
Кеңестің қаулысымен бекітілуге дейін бүкіл филолог ма-
мандар мен мектеп мұғалімдерінің, оқытушылардың, қалың
көпшіліктің талқысына түсті. Баспасөз беттерінде
пікірталастар ұйымдастырылды, жиналыстар шақырылды.
Негізгі ережені барынша қалыптандырып, оның практикада
сақталуына күш салынды.
Алайда бүгінде, қазақ жазуы түбегейлі латын графикасына бет
бұрып отырған кезеңде, соған дайындық кезеңінде, ереженің олқы
тұстарын қайта қарап, жетілдірер кезінде өткенге көз жі-беріп,
емле тарихындағы “еленбей” кеткен тұстарды екшеу, “қапыда
жіберіп алған” жерлерімізді қайта жаңғырту міндетіміз. Себебі
профессор Р.Сыздық айтқандай: “Екі көштің екеуі де көп
дайындықсыз жедел жүрді. Соңғысына тіпті өрт алғандай кірістік.
Егер күні бүгінге дейін емле айналасындағы дауымыз та-усылмай
келе жатса, екі жазудың екеуінің де ережелері бір емес, екі-үш
реттен өңделген болса, сол өңдеулерден қалып қойған тұстарын
қазір де байқап отырсақ, осылардың барлығы кезін-де жаңа
жазуларға түбегейлі дайындықсыз, ғылыми негіздерге сүйенген
қағидаларға көп құлақ аспай кіріскеніміздің салдары, орыстың
“авось” – ы сияқты, өзіміздің “көш жүре түзеледі” – ге салатын
қазақы қимылымыздың салқыны”.
Сөйтіп, орыс графикасы негізіндегі қазақтың жаңа ал-фавиті
мен орфографиясының жобасы СССР Ғылым академиясының
Қазақстандағы филиалының қазақ тілі сек-торы
С.А.Аманжоловтың басшылығымен жасалды да, ғалым
авторлығымен 1940ж. латын графикасымен емле ереже-лері
жарық көрді. Емле ережесінің тақылауға ұсынылған ресми
нұсқасы 1953ж. газет бетіне жарияланды. 1957ж. үкіметтің
арнайы қаулысымен қабылданғанға дейін аталған жоба қалың
жұртшылықтың талқысына түсті. Пікірталастар әсіресе
“Қазақстан мұғалімі”, “Социалистік құрылыс” мер-зімді
баспасөздерінде үзбей басылып отырды. Мақалалар мен
пікірталастардағы көзқарастарды саралай отырып, ережеден
тыс қалуы уәжді мынадай ұсыныстар болғанын көреміз:
281
Бірінші, кірме сөздер емлесіне қатысты мына пікірлер
Достарыңызбен бөлісу: |