Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



жүктеу 1,76 Mb.
Pdf просмотр
бет150/236
Дата03.10.2022
өлшемі1,76 Mb.
#39472
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   236
8e10fd01cc60087f7a7a338573861826 (1)

Қ.Алдажұманов, Қ.Бурханов, С.Смағұлова, А.Құдайбергенова
.
 
«Латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиі:
тарихы, тағылымы және болашағы» (Алматы, 2007) 
жинағындағы мақаладан үзінді
12-дәріс. Латын графикасына негізделген қазақ жазуы
А.Байтұрсынұлының әліпбиін 1913ж. Стамбулда өткен
кеңесте түрік, араб, иран жазуы үлгі етуге уағдаласып, қазақ
жазуы ресми түрде 1924ж. бекіткенімен, әліпбиге берілген
жоғары бағаға қарамастан түркі халықтарынан әзербайжан жа-
зуы 1922ж. көшкеннен бастап басқа түркі жазулары да әр-сәрі
күйде қалды.
Сөйтіп, 1926 жылы 26 ақпан мен 5 наурыз аралығында Бакуде
өткен түркітанушылардың съезінен кейін 6 наурызда қазақ жа-
зуын латын графикасына көшіруді қолға алу тапсырылады.
1926 жылы 26 ақпан мен 5 наурыз аралығында Бакуде
өткен түркітанушылардың съезінде қаралған жазу
мәселелері.
Қазақ тілінің түпкілікті жазуы болады деген төте жазу-ды
латын жазуына ауыстыруға түрткі болған І-бүкілодақтық
түркітанушылар құрылтайының жұмысы туралы айта кетудің
226
227


жөні бар. Өйткені съезд барша түркі халқының 600-ден ас-там
зиялылары, К.Юдахин, Н.Ф.Яковлев, А.Н.Самойлович,
В.В.Бартольд, Н.И.Ашмарин, Л.В.Щерба сынды Ресей ғалым-
дары, А.Байтұрсынұлы, Е.Омаров, Н.Төреқұлов, Т.Шонанұлы,
Б.Сүлейұлы тәрізді қазақ білімпаздары бас қосқан, түркі халық-
тарының тілі мен жазуын жаңа белеске көтерген аса ірі тарихи
оқиға болып саналады.
Съезде емле, жазу мәселелері бойынша Л.В.Щерба, Н.Ф.Яков-
лев, Л.И. Жирков, Ғ.Шараф, А.Байтұрсынұлы, Н.Төреқұлов,
Е.Омаровтар баяндама жасайды. Түркі тілдерінің ішінде латын
жазуына көшуді бірінші болып әзірбайжандар көтергені белгілі.
Оның себебін Н.Ф.Яковлев былай деп көрсетеді: мұнда қалалық
әзірбайжан – 13% болса, халық сауаттылығы 1% ғана болды, бұл
татар халқымен салыстырғанда 25% төмен. Ал қалалық та-тар
халқы 4% еді. Сондай-ақ ғалым жазу дінмен терең байла-ныста,
діні күшті халық жаңа жазуды алмауға тырысады деді. Бұл
Е.Д.Поливановтың жазуын реформаламаған халық жаңа графикаға
әуес келеді, оңай ауысады, ал жазуын жөндеп отырған тіл өзге
графиканы құп көрмейді деген сөзімен үндесіп жатты.
Н.Ф.Яковлев, Л.И.Жирков сынды ғалымдар араб жа-зуы
функциясының кемігендігін, жаңа тілдерді жаулап алу
бағытынан тайғанын сондықтан жаңа прогресс, техника үшін
латын жазуының қолайлылығын айтса, Л.В.Щерба әр халық өз
тұрғысынан шешуі, жөн деп, бейтарап позиция ұстады. Араб
жа-зуын жақтаушы Ғ.Шараф Н.Ф.Яковлев пен Л.И.Жирков
латын графикасын дәріптегенмен, түпкі ойы басқа, олар орыс
алфавиті де латын жазуынан кем емес деген мазмұндағы
мақалаларын жариялап жүр дейді.
Жалпы, съезде шығып сөйлегендердің дені латын жазуының
техникалық артықшылығы:
-
қолдың ыңғайы,
-
көздің көруі,
-
техникалық жағы,
-
бас әріптің қызметі, араб 
жазуының кемшілігі:
-
реформаланған араб әліпбиінің түпнұсқадан ауытқуы,
-
оңнан солға қарай жазылуы,
-
баспа қиындығы,
-
әріптердің танылмауы,
-
бас әріптің жоқтығы туралы сөз етеді.
Араб графикасын жақтағандарға (әсіресе, А.Байтұрсын-ұлына)
психологиялық шабуыл жиі жасалады (отырғандар күліп,
даурығып, кекетіп, тыңдамауға тырысады), латын графикасын
жақтағандарды қолпаштап, ұзақ қол шапалақтап отырады.
А.Байтұрсынұлы төл жазудың жетілмей қалғанына басқа
халықтың жауап беруі дұрыс емес, әр халық жазуының өз жолы
мен деңгейі бар дейді. Орыс графикасын пайдаланып келе жатқан
халықтардың латынға көшу себебіне күмәнмен қарайды.
Съезде А.Байтұрсынұлынан басқа сөз алған Ғ.Шараф,
Г.Х.Алпаровтар әзірбайжан жазуы латын графикасының
барлық таңбаларын пайдаланып отырған жоқ, бар-жоғы 47-
56% -ын ғана қолданады, ол латын жазуы емес, өзгерген латын
жа-зуы, бұл жазудың ғұмыры қысқа болады дейді. Дегенмен,
да-уыс беру нәтижесінде 101 дауыс латын графикасына, 7
дауыс араб графикасына, 9 дауыс қалыс қала отырып, латын
жазуы қабылданады.

жүктеу 1,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   236




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау