МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ
НУО КАЗАХСТАНСКО
-
РОССИЙСКИЙ
МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ
5.Ганглионарлы
қабат ірі пирамидалы жасушаларынан түзеледі. Бұл жасушалар
көбінесе мидың қозғалтқыш (моторлы) аймақтарында жиі орналасқан.
Пирамидалы нейрондардың жоғарғы ұшынан тараған дендриттері ми
қыртысының молекулярлы қабаттына өтеді. Бүйір бөлігіннің дендриттері көршілес
пирамида жасушаларының дендриттерімен синапс түзеді. Ал аксондары мидың ақ
затына өтіп кортико - жұлын (пирамидалды), кортикобульбарлы қозғалтқыш
жолдарды түзеді.
6.Полиморфты
жасушалар қабаты, пішіні,өлшемі əртүрлі нейрондардан
қалыптасқан.Пирамидалді
жасушалар
да
баршылық
.
Бұл
қабаттағы
нейрондарының қызметі
тежеушілік
. Осы қабаттағы нейрондардың дендриттері
мидың молекулярлы қабатына өтіп, синапстар түзеді.
Аксондары мидың ақ затына
өтіп, кортико-жұлын (пирамидалы) жолының
құрамына кіреді.
Аталған қабаттарының ерекшеліктеріне байланысты ми қыртысының 2-түрін
ажыратады.
1.Түйіршікті
немесе
гранулярлы
ми қыртысы мұнда қыртыстың II жəне IV
қабаттары жақсы дамыған. Сондықтан бұл қабаттар сезімтал орталықтарда (есту,
көру) жақсы байқалады.
2.Түйіршіксіз
немесе
агранулярлы
ми
қыртысы,дəнді
қабаттары
нашар,керісінше пирамидалы нейрондар бар қабаттар (III жəне IV) жақсы
дамыған.
Бас миы қыртысының модулі
Бас миының (неокортексінде) құрылыс-қызметін атқаратын
бірлігі
модуль
.
Модуль - мида орналасқан диаметрі 300мкм болатын вертикальді бағана.
Модульдің құрамындағы екі афферентті таламо-корткальді талшықтар ми
қыртысының IV қабатындағы жұлдыз пішінді нейрондар мен пирамидалды
нейрондардың дендриттерінде аяқталады. Əрбір модуль екі микромодулге
жіктеледі, бұлардың диаметрі 100 мкм-дей болады. Адамның бас миының жарты
шарында шамамен 3 млн модульдер болады. Модулге афференттік талшықтардан
басқа пирамидалды нейрондардың қызметін қоздыратын бірнеше нейрондар
тізбегі бар. Оларға: тікенекті өсінділері бар, жұлдыз тəрізді нейрондар мен
диффузды типтегі жұлдыз тəрізді нейрондардың аксондары. Бұлар ми
қыртысының IV қабатында тармақталып пирамидалды нейрондардың базалды
дендриттерін қоздырады.
Модулдің қызметін тежейтін нейрондар: аксоны шашақты, себет тəрізді, аксо-
аксоналды, дендриті екі букет түріндегілері жатады. Сонымен алғашқы үш
нейрондары пирамидалды жасушалардың қызметін тежейді, ал соңғысы дендриті
екі букет тəрізді бұлардың қызметін тежейді.
|