Білім беру бағдарламаларын әзірлеу:
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
16
1.2 Университет білім экономикасының
субъектісі ретінде
Университет білім беруші ретінде адам капиталын қалыпта-
стырудың негізгі көзі болып табылады. Ол Г.Беккердің пікірінше,
«адам мен қоғамның жалпы алғанда, алуан түрлі қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін қолданылатын білім, дағды, машықтардың
жиынтығы»
10
.
Зерттеушілердің
көпшілігінің пайымдауынша, ақпараттық
қоғамды қалыптастыру кезіндегі университет қызметінде туын-
дайтын басты қиындықтардың бірі – университеттің де, жалпы
алғанда сол саланың өзінің де ақпараттық-коммуникациялық ин-
фрақұрылымының нашар дамуы болып есептеледі, бұл білім беру-
ді басқарудың тиімділігін айтарлықтай төмендетеді.
Атап айталық, цифрлық экономика жағдайында «табиғи ре-
сурстар мен материалдық игіліктердің тапшылығы салдарынан
пайда алу нормасы кеміген әлемнен мүмкін болатын идеялардың
шексіздігі және оларды жаңа өнімдер мен трансакциялар өндірісін-
де пайдалану арқылы түсетін пайда
нормасын арттыру әлеміне
көшу керек» (Хоукинс, 2011)
11
.
Цифрлық экономиканы қалыптастыру міндетін шешуге сәйкес
университеттер 3.0 және 4.0 Университеттеріне көшуі тиіс.
Заманауи университеттер дегеніміз:
• жаһандық, ашық, қарқынды дамып келе жатқан платфор-
малар;
• ғылыми зерттеушілерден, менеджерлерден және инженер-
лерден тұратын жоба жасайтын топтар шеңберінде қызмет
түрлерінің конвергенциясы арқылы ымыраға келуді қамта-
масыз етуге арналған ресурстық база;
• бірнеше академиялық мектеп
қызметкерлерін біріктіру
арқылы көп пәндік зерттеу жобаларын қалыптастыру
мүмкіндігі;
10
М.И. Барабанова, В.В. Трофимов, Е.В. Трофимова (2018). Управление социальным разви-
тием общества и сферой образования. Журнал правовых и экономических исследований, 1,
178–184. http://giefjournal.ru/sites/default/files/030._6.pdf
11
Хокинс Дж. (2011). Креативная экономика. Как превратить идеи в деньги. М.: Классика-XXI
Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
17
• жаңа білім
беру салаларында мамандарды, сондай-ақ
бизнес-қоғамдастықтың талаптарына сай келетін маман-
дықтар бойынша қызметкерлер даярлау әлеуеті.
• талаптар бойынша жеке оқыту.
•
аудиторияда, аралас немесе онлайн режимдерінде оқыту
арасында бірінен-біріне баяу ауысу.
Білім беру қоғамындағы университеттердің жаңа рөлі мына-
лардан көрінеді:
• заманауи университеттердің еліміздің инновациялық
тұрғыдан дамуына қосқан үлесі құрылатын және коммер-
цияландырылатын зияткерлік меншіктің мәні арқылы ай-
қындалады;
• қазіргі заманғы университеттер – жаһандық ресурстарды
пайдалану, ашықтық, қарқындылық, белсенді жастардың
тұрақты ағыны есебінен білімді зияткерлік капиталға ай-
налдыру міндетін ең тиімді
жолмен шешетін қоғамдық
институттар;
• университеттер зерттеулер мен әзірлемелерге тапсырыстар
алып, соларды орындап қана қоймай, өздері де технологи-
ялар мен технологиялық компанияларды белсенді түрде
құрады;
• университеттер бүгінде жаңа технологиялық салаларды
құрудың көшбасшысына және орталықтарына айналуда.
Достарыңызбен бөлісу: