VІ-тарау
ТӨБЕТТІҢ БОЛЖАУЫ
Ал сенің мұртың әкеңе,
Тұрқың шешеңе тартып тұрғанмен,
Қаршыға қанатты болып, артық туғанмен,
Жаңа қапысын тауып, жеуің керек еді.
Сонан кейін баяғы,
«Қыраныңыз мына мен»деуің керек еді.
Ол тұрса, қол жетпейді, абыройға.
Бәрін айт та, бірін айт,
Қаршығаны құртудың қамын ойла!..
Тек жымсытып қана істей гөр!
Бұйырған ризықты тістей бер!..
Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д.
87028435334
VІІ-тарау
ТӨБЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
Төбеттің алжығаны ма,
Жоқ, байғұс әбден қалжырады ма?
Мысықты бетке қақпайды.
Тіпті кем аяғын қағытса да, қаппайды.
Мысалы, мысық «м-м-ә-у-у»десе,
«Өзіндік үні бар»деп мақтайды.
Ал үйрекке ұмтылса,
Мысықты ақтап, үйректі даттайды.
Шамасы, бұл жаһанда,
Одан артық таяныш таппайды.
VІІІ-тарау
ҚОТЫР ҚОЙТАС
Қалтырап қатты шошынғандықтан,
Галошқа енген баяғы мысығымыз,
Итпен ырысы қосылғандықтан,
Қазір әбден сауықты.
«Сіз аға, мен –кіші ініңіз»
Деп соға берді қанден тапқан тауықты.
Оқырманым, осыған не дер екен?..
«Қыран»дейтін лауазым,
Бір емес, екеуіне де керек екен.
Мисыз мысық, төбетті төбе көріп,
Қаршығаны «обедке»жемек екен.
ІХ-тарау
АҚЫРҒЫ АЙҚАС
Осынау маужыраған айлы түнде,
Құс жолы кең аспанды жолақтаған.
Қанден мен ала төбет «май күтуде»
Қыран бар бәйтерекке қонақтаған.
Жарықтық, еш алаңсыз күйде екен ғой.
Әй, айлалы, қанжауғыр, қара мысық,
Көзі түнде, қос алтын түйме екен ғой,
Тырмыса тіке өрмелеп, барады ұшып.
Төбеті төніп,
Дем берсе қайтып, құтырмайды?..
Үйкелген түгі ғана сытырлайды.
Басын тығып,астына қанатының,
Еркінше көз шырымын алатұғын.
Қаршыға соншама алыс жерден,
Жақындығы жалғыз-ақ қарыс келген.
Қанқұйлы қара жауызың,
Топшының дәл түбінен салып аузын,
«Қалай екен, құзырлым,
Басыңды енді мыжырмын»
Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д.
87028435334
Деп кіжіне сіліккенде,
Қыран қатты ауырсынды.
Ал мысықтың мықынына,
Тегеурін іліккенде,
Бұрқ еткізді
Бір уыс қауырсынды
Шыңғырған мысық,
Аузын аша қойды.
Келесі аяғын ноқталай салған қаршыға,
Оның аузын оқыс уанған баладай баса қойды.
Былайша айтсақ,
Қанын тырс-тырс тамызып жіберді.
Кеужірін мыжып мысықтың,
Екі көзін ағызып жіберді.
Онан кейін қанатын,
Қағып бара жатты да,
Заңғар таудан биігін,
Танып бара жатты ма?..
Шала-жансар мысықты,
Үйіре сілкіп тастады.
Осылай бітпеуші ме еді,
Жауыздық о бастағы?..
ЭПИЛОГ
Енді не ылаж етерміз«оңбағанға»?!,
Қаршығаны бірге ала түспеді-ау,
Ең болмағанда,
Деп сары қанден мұңайып, мысықтағы жараны,
Жалап-сұқтап көктегі,
Қаршығаға қарады
Шамасы, әлі де кек алайын деді.
Ал ала төбет ше?
«Қанден шырақ, бара тұршы»,
миымды ашытпай,
Мен мына марқұмды, борсытып, сасытпай,
Жеп алайын, – деді.
«Сосын, жақсылап бір демалайын» деді.
Достарыңызбен бөлісу: |