11
қолданылуын және қойылған мәселені және қойылған мәселені нақты жұмыс
топтарына жеткізілуін бақылайды [7].
Жедел деңгейде әдетте құрылымдық шешім, тактикалықта жартылай
құрылымдық, статергиялықта құрылымдық емес шешім қабылданады.
Сондықтан ақпараттың құрылу әдістері мен құрылғылары барлық деңгейде
бірдей емес.
Ақпараттық жүйелер әртүрлі деңгейде менеджерлердің талаптарына
жауап беруі және оларға кез келген информацияны беруі тиіс [7].
Менеджердің әртүрлі қызметтеріне қойылатын ақпараттық талаптар. ХХ
ғасырдың басында француз Генри Файол айтқандай менеджмент дәстүрлі
түрде: жоспарлау, ұйымдастыру, жұмыскерлерді басқару, жетекшілік
(мотивация), бақылау сияқты басқару функцияларынан тұратын процесс
ретінде сипатталады. Ақпараттық жүйелер менджментті оның барлық
қызметтерін атқаруға арналған деректермен қамтамасыз етеді [8].
Жоспарлауда АЖ жоспарлаудың мүмкін болатын модельдері мен
деректерді бере алады, ішкі ресурстар мен сыртқы факторлар қажеттілігі
жөнінде хабардар ете алады. Жоспарлау қызметін орындай отырып,
менеджердің жұмыс үстелінде ең аз дегенде «не, егер» талдау әдісін жүзеге
асыратын программалық жабдықтары, корреляциялық-регрессиялық және
басқа да статистикалық талдау әдістері, трендтер негізінде болжау және
талдау құралдары, параметрлерді таңдау және оңтайландыру құрылғылары
болуы тиіс. Жоспарлауда аса бағалы мүмкіндіктерді финанстық модельдеудің
арнайы программалық жабдығы бере алады.
Жұмыскерлерді басқаруда, жұмыс топтарын құру кезінде, менеджерге
кадрлік деректер базасы жөнінде ақпарат көмектесе алады [9].
Басқару қызметін атқаруда деректер көлемі мен бірнеше рет
қайталанатын есептеулер өте көп болғандықтан, АЖ көмегінсіз жұмыс істеу
мүкін емес. Мұнда уақытқа келтірілген жинақ есептер үнемі стандартты
болжаулар, сметалардан ауытқу туралы хабардар етіп, кері байланысты
қамтамасыз етіп, түзетулер мен өңдеулер енгізуге мүмкіндік беріп отырады.
Ақпараттық жүйелердің негізгі түрлері және оның пайдаланушылары.
Экономикалық менджмент шеңберінде ақпараттық жүйелермен мамандардың
екі түрі жұмыс істейді: басқарушы ақырғы пайдаланушылар, деректерді өңдеу
бойынша мамандар.
Ақырғы пайдаланушы – бұл өзі шығаратын ақпараттық жүйені немесе
ақпаратты қолданатын адам. Бұған жүйені кәсіби талдап, жобалап құратын
деректерді
автоматтандырылған
өңдеу
мамандары
(инженер-
системоаналитиктер, инженер жобалаушылар, программистер) кірмейді.
АЖ
жабдықтарын
қолдану
тәсілдері
бойынша
ақырғы
пайдаланушылардың екі түрін атап өтуге болады: тікелей ақырғы
пайдаланушы, ол АЖ жабдығымен қолмен жұмыс істеу арқылы бірлесе
атқарады, тура емес ақырғы пайдаланушы, ол АЖ ақпаратты тек қана
қолданады, оның жабдығымен жұмыс істемейді [10].
12
Ірі
мекемелерде
ақпараттық
жүйелер
жобасына
жауапты
менеджерлердің екі түрі болуы мүмкін: АЖ эксплаутациялау бойынша
менеджер (АЖ ағымдық қызметін бақылау және басқару), АЖ жоспарлау
бойынша менеджер (АЖ жобасын мекеменің стратегиялық жоспарларымен
келістіру, тәуекелділік бағасын АЖ жабдығын бүлдірудің мүмкін
жағдайларын байланыстыру немесе деректерді қорғаудың бүлінуі)АЖ
пайдаланушыларға қажетті
білім деңгейі
Менеджерлер үшін АЖ жөнінде
білімнің келесі екі түрін игерген дұрыс: біріншіден қазіргі кездегі теориялық
тұрғыда АЖ мүмкіндіктерін бағалау процесінде квалификацияның
жетіспейтін тұстарын сезіне білуі тиіс, даму жөнінде жоспарларды талқылау,
осы жөнінде өз ойларын негіздей білу. Бұл теориялық білімнің жоғарғы
деңгейі болып саналады. Екіншіден маркетинг, финанс, кәсіпорын бойынша
практикалық тұрғыда негізгі талдау-болжау әдістерімен, байқау шешімдерін
әдістерімен ең аз дегенде электрондық кестені меңгеру.
1.2 Автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді жобалау негіздері
Тақырыптың мақсаты жеке жағдайда ақпараттық жүйені құру болып
табылатын, іскерлік мәселелерді жүйелік шешудің жалпы ғылыми негізде
түсінік беру.
Тақырыпты меңгергеннен кейін жүйелік шешудің маңызы мен
қасиеттерін, АЖ жасаудың циклын және жеке сатыларын (олардың мақсаты,
әдістері, құралдары, өнім) анықтай білуіңіз қажет; АЖ жасаудың жаңа және
қазіргі кездегі әдістерінің ролін (CASE – технологиялар, прототиптер) және
оларды эффективті қолданудың шекарасын ұғыну. Ақпараттық жүйеге
қойылатын талаптарды тұжырымдау, сондай-ақ олардың элементтерін
(ресурстар мен процестер) жүйелік компоненттердің матрицалары ретінде
көрсете білу, кіріс деректер мен шығыс информацияларды ерекшелей білу
маңызды.
1. Жүйені зерттеудің жалпы ғылыми негіздері. Методологиялық
білімнің ролі. Ақпараттық жүйені құру үшін, басқару мақсаттарын түсіну,
оның ақпараттық кеңістігін көре білу, ақпарат берудің «тар шеңберін» түсіне
білу қажет. Құрылғының жаңа АЖ жетекшісі болу үшін сол жобаны жасауда
деректерді өңдеу мамандарымен ортақ тіл табыса отырып, қоян қолтық жұмыс
істеу қажет. АЖ жобасы жасалғаннан кейін жүйені физикалық тұрғыда жасау
керек, яғни жабдықтар мен программалық қамтаманы табу, жобаланған
технологияларды ендіру, сәйкес ғылыми-технологиялық деңгейде сүйемелдеу
мақсатында бақылау қажет.
Жыл сайын жаңа программалық пакеттер, компьютердің жаңа
модельдері шығып жатыр, бұрынғы білім, дағдылардың орнына жаңаларын
үздіксіз жету қажет. Әйтседе басқару жүйелері жөнінде ұғымды біз стабильді
жүйелік методология негіздері арқылы аламыз.
Жүйелік методологияның басты мәселесі оның қолданушыларына (әр
түрлі пән мен сабақтар аумағында) мәселені көру мен шешудің жалпы
әдістерін ұсыну. Мұндай білім ядросы жүйелік шешімге әкеледі [11].