Оқу пәнінің сипаттамасы 1 Пәннің мақсаты


Еңбекке төлемнің тарифтік жүйесі



Pdf просмотр
бет56/76
Дата16.05.2022
өлшемі1 Mb.
#38620
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   76
Дәрістер(ЭжӨҰ)

2 Еңбекке төлемнің тарифтік жүйесі  

 

Еңбекті төлеудің тарифтік жүйесі елдің барлық саласының жұмыскерлерінің еңбек 



ақысын  ғылыми  негізделгендігін  және  бір  жүйеге  келтіріліп  ұйымдастырылуын 

қамтамасыз  етеді.



 

Оған  кіретіндер:  жұмысшылардың  тарифтік-біліктілік  анықтамасы, 

мамандар  мен  басшылардың  біліктілік  анықтамалары,  тарифтік  коэффициенті,  сағаттық 

тарифтік  коэффициенттері  немесе  лауазымдық  еңбек  ақы  мөлшері,  тарифтік  торы, 

аймақтық коэффициенттері, қосымша төлемдер.    

Жұмысшының  тарифтік-біліктілік  анықтамасы  белгілі  бір  мамандықтың  және 

нақты  біліктілік  разрядының  жұмыскері  білу  және  істей  алу  керектігі  жайлы 

мәліметтерден тұрады.  

Мамандар  мен  басшылардың  біліктілік  анықтамаларында  әртүрлі  өндірістік  және 

басқармалық  лауазымдағы  жұмыскерлердің  білуі  керек  білімдері  мен  міндеттері  жайлы 

мәліметтерден  тұрады.  Жұмысшылар  және  басқару  персоналы  үшін  де  біліктілік 

анықтамасы  оларға  біліктілік  разрядын    және  лауазымдық  жұмыс  орынын  беруде 

кәсіпорынның аттестаттау комиссиясының негізгі құжаты қызметін атқарады.    

Тарифтік мөлшерлеме жұмыс уақытының бірлігінде (сағат немесе ай) жұмыскердің 

еңбек ақы төлеу деңгейін көрсетеді. Төменгі тарифтік мөлшерлеме еңбек ақыны төлеудің 

уақыттық  формасы  бойынша    және  қалыпты  еңбек  жағдайы  кезінде    бірінші  разрядқа 

сәйкес  келеді  және  мемлекетпен  бекітілген  сол  мерзімдегі  төменгі  еңбек  ақы  деңгейіне 

байланысты орнатылады.  Тарифтік мөлшерлемелерді  жұмыскерлердің біліктілік разряды 

бойынша жіктеу тарифтік коэффициенттер негізінде жүзеге асады.    

Тарифтік  коэффициенттер  бірінші  разрядқа  қарағанда  әрбір  разрядтың  біліктілік 

деңгейінің  айырмашылық  дәрежесін  сипаттайды.

 

Тарифтік  коэффициенттерді  дұрыс 

жасау  жұмыскерлерді  ынталандыру  жүйесінде  үлкен  орын  алады.  Тарифтік 

коэффициенттің  ұсынылған  мәндері  еңбек  бойынша  министрліктерде  жасалады. 

Солардың негізінде салалық тарифтік коэффициенттер орнатылады.    

Тарифтік  коэффициенттер  немесе  солардың  негізінде  есептелген  тарифтік 

мөлшерлемелер тарифтік торға бірігеді.    

Тарифтік тор тарифтік коэффициенттер (немесе мөлшерлемелер)

  келесідегідей 

жіктелетін  кестеден  тұрады:    біліктілік  разряды,  жұмыс  түрлері  және  өндірісті  басқару 

деңгейлері  бойынша.  Кәсіпорында  біртұтас  тарифтік  тор  болуы  мүмкін.  Кейбір 

жұмыскерлер категориялары үшін жеке тарифтік торлар болады.  

Кәсіпорын  тарифтік  торды  жасау  кезінде  бірінші  разрядқа  еңбек  ақы  деңгейін 

белгілі  мерзімге  үкіметпен  бекітілген  төменгі  еңбек  ақы  деңгейінен  төмендетпей  өз 

бетінше орната алады.  




Еңбек  ақыны  төлеудің  салалық  тарифтік  жүйесі  толықтырып  отыру  немесе 

ынталандырып  отыратын  сипаттағы  қосымша  және  үстеме  еңбек  ақы  шарттарын 

қарастырады. Толықтырмалық еңбек ақы жұмыстың қалыпты жағдайынан айырмасы бар 

салалық өндірістің ерекшеленетін еңбек жағдайында төленеді.   

Еңбек  ақы  төлеудің  ынталандырмалық  түріне  кәсіпорында  үздіксіз  жұмыс 

тәжірибесі,    жалпы  еңбек  тәжірибесі,  жұмыс  сапасы  үшін  төленетін  үстеме  еңбек  ақы 

жатады.   



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   76




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау