Bulletin «Филология ғылымдары» сериясы



жүктеу 6,12 Mb.
Pdf просмотр
бет292/361
Дата05.11.2022
өлшемі6,12 Mb.
#38524
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   361
file20200121044531 (1)

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филологические науки», №4(62) 2017 г. 
262
қалпын, құралын, түрлі әдістемелік жүйелердіжетілдірудікерек етуде. Тілді оқытудағы нұсқалардың 
және үйрету құралдарының көп түрлілігі мұғалімге жаңа талаптар қоя бастады, ондай жаңа 
педагогикалық талаптарда қатал тәртіппен,тек жазылғандармен ғана жұмыс істемей, өзіңнің ой-
санаңмен сай келетін жүйедегі мүмкін әдістерді таңдап алып, яғни, оқу талаптарына сай келетін 
әдістермен жұмыс істеу қажеттігі арта түсуде. Бұл үшін оқу талабында тілді практикалық тұрғыдан 
да, құндылықтық және дүниетанымдық тұрғыдан да меңгерту жолдарын іздеу және табу маңызды 
саналып отыр. Сол себепті оқушының танымы мен білігін бірдей дамытуға мүмкіндік беретін 
ақпараттық ресурстарды ұтымды пайдалану, оны оқушының өзін-өзі жетілдіруінің тетігі ретінде 
қолдануға үйрету күн тәртібіне қойылады.
Жаңа білім «идеологиясы» әдістемелік қиындықтарды түрлі оқу талаптарында оқушылардың тілді 
оқыту жолдарын қайта құруды, жаңа ізденістер жасауды талап етеді. Бұл жерде тілді оқытуда, 
үйретуде тілдік материалдарды эмпирикалық тұрғыдан ғана емес, теориялық жағынан да әрі түсі-
нікті, әрі жүйелі меңгертуге назар аударудың жолдарын табу қажет. Мұндай жаңа бағыт оқушы 
тұлғасының құндылықтық бағдарын олардың лингвистикалық дүниетанымдарымен өзара бірлікте 
зерделеудің өзектілігін арттыра түседі. Басқаша айтқанда, шетелдік және отандық әдістемелік 
ғылымда жүргізілген лингводидактикалық зерттеулерде тілді оқытудың теориялық базасын күшей-
туге жалпы бағыт берілген. Бұл теориялық тақырыптардың санын көбейтуге емес, олардың оқытылу 
сапасын арттыруға бағытталуы тиіс екендігін дәлелдейді. Расында, мұндай талап ғылымдардың 
интеграциясын қажет ететіні белгілі. Мысалы, тілді оқыту үдерісінде оқушының тілдік дүниета-
нымын қалыптастыру мәселесін шешу психологтардың, психолингвистердің, лингвистердің, әдіскер-
лердің бір бағытта ізденуін керек етеді. Л.В. Щербаның пікірі бойынша, «тек лингводидактика жаңа 
ғылым бола отырып,тілді меңгеру механизмін жан-жақты сипаттай алады, сонымен қатар, оқу талап-
тарындағы осы механизмдерді басқарудың ерекшелігін де көрсетуге қабілетті бола алады» [2, 28]. 
В.Райникенің тілді оқытуконцепциясының негізінде үш тәуелсіз және өзара бір-бірімен тығыз 
байланыстағы ғылыми пәндердің бар екені туралы тың ойы жатыр, олар «ана тілін оқытудың жаңа 
теориясын құрайды: 
- тілдерді оқыту теориясы немесе лингводидактика; 
- лингвистика дидактикасы; 
- нақты бір тілді оқыту әдістемесі немесе жеке пәндік әдістеменің өзара бірлігі негізінде оқыту» [3, 11]. 
Жоғарыда аталған ғылыми пәндердің ортақ нысанасыадамның қарым-қатынас мақсатында тілдік 
кодты қолдану қабілеті болып саналады. Айта кететін жайт, адамның тілдік қабілеттерінің,сөйлеу 
қарым-қатынасының алғашығарылуы тілді оқыту үдерісіне жаңаша леп әкелді. Өйткені бұлардың 
әрқайсысыда тілдік тұлғаны қалыптастыруды көздейді. Біздің зерттеу нысанымыз болып отырған 
тұлғаның құндылықтық бағдарын қалыптастыру мен лингвистикалық дүниетанымын кеңейту 
мәселелері сол тілдік тұлғаны қалыптастыруға бірден бір қызмет ететін, оқушы бойындағы адами 
қасиеттерін жетілдіретін аса маңызды шарт болып табылады. 
Қорыта айтқанда, лингводидактикалық зерттеулердің қайсысы болса да тіл теориясымен 
сабақтасады, олар түрлі тілдік қарым-қатынастармен байланыста болады, олардың әрқайсысы 
зерттеудің басты категориясы – сөйлесімге, тілдік қарым-қатынасқа қабілеттіліке келіп тіреледі. 
Мысалы, лингводидактика оқушының алған білімін өзінше талдап, түсінуін қарастырады, тілді 
меңгеру үдерісіндегі басқару және үлгілеу қиындықтарын зерттейді. Осы кезде тілді меңгерудегі ішкі 
құрылымдық-бейнелік үдерістер мен механизмдердің түсіндірілуі маңызды саналады. Дидактикалық 
мәселемен айналысатын маман үшінсөйлеуге, қарым-қатынасқа қабілеттілік оқытудың стратегиялық 
мақсаты ретінде алынса, жеке тіл пәнінің әдістемесінде бұл оқудың нақты талабы ретінде қойылып, 
оқушының сол тілдеқарым-қатынасқа қабілеттілігін зерттеу мен соның жолын табу үдерісі маңызды 
қадам болып табылады. Сондықтан тілді оқыту үдерісінде тұлғаның құндылықтық бағдарын арттыру 
арқылы оқушының лигвистикалық дүниетанымын қалыптастыру үдерісінде тілдің тәрбиелік мәні мен 
танымдық-практикалық бағытын ұштастыру жолдары бірге қаралады. Осының қай-қайсысы да 
оқушының ақпараттық құзіреттіліктерін жетілдірудің өзектілігін айқын танытады. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1 Федоренко Л.П. Принципы обучения русскому языку. – М., 2003. – 120 б. 
2 Щерба Л.В. Коммуникативно-речевые и когнитивно-лингвистические способности и склонности. – М., 
1989. 
3 Райнике В. Практика обучения: современные образовательные технологии. – М.: Изд-во: «Институт 
практической психологии». – Воронеж: НПО «МОДЭК», 1998. – 288 с. 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы №4(62) 2017 ж. 
263
Ж.Т. Даулетбекова
1
, М.Каваклы

 
1
Казахский национальный педагогический университет им. Абая,
г. Алматы, Казахстан 
 
2
Международный казахско-турецкий университет им. Х.А. Ясауи,
г. Туркестан, Казахстан 
 

жүктеу 6,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   361




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау