Bulletin «Филология ғылымдары» сериясы


Төртінші топтағы жаттығулар



жүктеу 6,12 Mb.
Pdf просмотр
бет277/361
Дата05.11.2022
өлшемі6,12 Mb.
#38524
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   361
file20200121044531 (1)

Төртінші топтағы жаттығулар:
фильмде көтерілген мәселелерге комментарий жасау, тал-
қылау. Бұл жаттығулар тобына сондай-ақ, интервью жасау, дискуссия

«дөңгелек стол», рөлдік ойын-
дар, драматизация, фильмде көтерілген мәселеге өз пікірін білдіру сияқты жаттығулар кіреді [4, 86]. 
Біз де өз тәжірибемізде аталған жаттығу түрлерін жүйелі және қажет жағдайда әр топтағы 
жаттығуларды өзара жүйелі байланыста пайдалануға тырыстық. Оған қоса өз тарапымыздан деңгей 
ыңғайына қарай бейнематериалдармен сабақтарды өз тарапымыздан түрліше жаттығулармен 
түрлендірдік. Студент үшін бейнематериалдар қолданылған сабақтардың жағымды әсері мен берер 
нәтижесінің ерекше екенін айтуымызға болады. Студенттер түрлі компанияларға барып, өз кәсіби 
саласындағы арнайы маман-қызметкерлерімен сұхбат жүргізіп, сол бейнематериалдарды аудиторияда 
бөлісуі ерекше қызықты және лексикалық қордың толығуына жағымды әсер етті. Өз болашақ 
мамандығына деген қызығушылық пе жауапкершіліктерін оятты. Бұл жұмыстар қатарында «Кәсіби 
қазақ тілі» курстарының барлық деңгейлерінд бағдарлама аясында күнделікті сабақ тақырыптары 
бойынша, сабақтан тыс уақытта орындауы тиіс студенттің түрлі өздік жұмыстары бойынша, 
тұсаукесерлері бойынша арнайы түсіріліп, жинақталған бейнематериалдар тәжірибеден өтті.
«Іскерлік қазақ тілі-1-2» сияқты жоғарғы деңгей курстарында бейнематериалдар үшін түрлі теле 
және радиоарналардың біздің қолданысымызда «Хабар», «Қазақстан» арнасы, «NS радиосы», «Қазақ 
радиоларының» ақпараттық, танымдық бағдарламалары пайдаланылды. Ақпараттық және танымдық 
мазмұндағы тікелей эфир материалдары да қолданылғанын айта кетуімізге болады. Тақырыптық 
қамту аясы сан алуан салада, атап айтқанда, саяси, қоғамдық, қаржы, менеджмент, маркетинг, эконо-
микалық, әлеуметтік, мәдени т.б. Сондай-ақ түрлі көркем фильмдерінен үзінділер де қолданылды. 
Кәсіби тілдік дағды қалыптасыруда арнайы ғалымдар зерттеулері әрқашан негізгі ұстанымыз 


Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филологические науки», №4(62) 2017 г. 
248
болды. Естіп-көру синтезі кезеңіне көптеген ғалымдар арнайы зерттеу эксперименттерін жасаған, 
атап айта кетер болсақ, С.Л. Рубинштейн[5], И.А. Зимняя [6], Дж.Гибсон [7], Н.И. Жинкин [8],
В.П. Зинченко [9] т.б. Естіп-көру кезеңінің тіл үйренуде маңызы зор. 
Тіл үйрену дегеніміз де – есте сақтау. Есте сақталған сөздерді, тіркестерді келешекте 
коммуникацияда қолдану. Зерттеуші ғалымдар Beyer [10, 10] есте сақтауға байланысты мынандай 
мәліметтерді мысалға келтіреді: 
10% – оқығаннан есте сақталады; 
20% – тыңдағаннан есте сақталады; 
30% – көргеннен есте сақталады; 
50% – естігеннен және көргеннен есте сақталады; 
70% – өзіміз айтқаннан, сөйлегеннен сақталады; 
90% – өзіміз жасағаннан дейтін болса, В.А. Бухбиндер [11, 57]: адам өз әсерінің 80%-нан көбін 
көру арқылы, 20%-ын естігені арқылы есте сақтайтынын айтады. Е.И. Фокина [12, 172]: өз 
эксперименттерінде көру сезімдері арқылы сыртқы әлемнің немесе қоршаған ортаның 80-90%-ы есте 
қалатынын дәлелдейді. В.А. Толоконников [1, 85] – мәліметті өңдеуге қатысты өз зерттеулерінде 85-
90% адамның ми қабатындағы көру анализаторы арқылы есте сақталатынын дәлелдеген.
Бұл сандық мысалдар естіп-көру әсерінің психологиялық жақтары. Қабылдаудың барлық мәні оны 
қандай жағдайда өтіп жатуына тікелей байланысты. Сабақ мақсатына негізделген динамикалы 
түрдегі дыбыспен қоса /мүмкін әуен, мүмкін сөз/ ұсынылатын көркем дүниенің, бейнематериалдың 
студент үшін әсері күшті екені белгілі. Кей жағдайда алғашқы кезең әсері де әр түрлі болуы мүмкін 
екенін де естен шығармаған дұрыс: 
- бейнематериалдың ұнауы – бірден баурай тартып, қызықтырып әкетуі; 
- ұнамауы – кері әсері. 
Психологтар терминімен айтар болсақ, бұның бәрі 

жүктеу 6,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   361




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау