Bulletin «Филология ғылымдары» сериясы



жүктеу 6,12 Mb.
Pdf просмотр
бет166/361
Дата05.11.2022
өлшемі6,12 Mb.
#38524
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   361
file20200121044531 (1)

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филологические науки», №4(62) 2017 г. 
142
аймақтары Сібір губернияларының құрамына кіретін де, Қазақстанның қалған бөлігі РСФСР 
құрамындағы Қырғыз Автономиялық республикасы деп аталатын. Міне осындай жағдайда 
жазушылардың ұйымдасқан түрде жұмыс істеуіне, олардың басы қосылып, белгілі бір идея 
төңірегінде топтасуына жағдай жасалмады. Соның салдарынан жазушылар екі жерге – Қазақстанның 
сол кездегі астанасы Орынбор қаласында және Түркістан республикасының астанасы Ташкентке 
шоғырланды [6, 24]. 
Бұл жөнінде белгілі алаштанушы ғалым Д.Қамзабекұлы: «Қошке заманындағы айдынға шығар, 
иісі алашқа жеткізер екі-ақ орын бар-ды. Ол Орынбор мен Ташкент еді. Оқыған-тоқығандар осы қос 
қалаға жарыла топтасқан уақыт болатын бұл кез... Зиялылардың көбісі 20-жылдары негізінен 
Ташкентке орнықты. Мұндағы саясат райы салысырмалы түрде Орынбордан тәуір-ді. Түркістанда 
өкімет басындағылардың ескі оқығандарға ықыласы бөлек болды», – деп атап көрсетеді [7].
Шынында да Түркістан автономиясында Қырғыз (қазақ) автономиясына қарағанда бұрынғы 
алашордашыларға бастапқы кезде көп қысым жасалмады. Сондықтан саясат салқынынан қашқан 
зиялылар уақытша болса да Ташкенттен пана тапты. 
Қазақ автономиялы республикасында Алаш партиясына тыйым салынып, оның мүшелерін 
саясаттан шеттету басталған 1919-1920 жж. Түркістан республикасының орталығы Ташкент қаласына 
топтасқан олардың мемлекеттік, қоғамдық-саяси және ағартушылық қызметі Алаштық идеяны жаңа 
жағдайда одан әрі жалғастыруға мүмкіндік берген еді [3, 82].
Ташкент шаһары бұл кезде 1918 жылдың 1 мамырынан бастап ресми жарияланған Түркістан 
автономиялы республикасының орталығы болатын. Автономия құрамына Қазақстанның сол тұстағы 
Сырдария мен Жетісу облыстары түгел енді. Сырдария облысына қазіргі әкімшілік-аумақтық 
Қызылорда, Шымкент, Жамбыл облыстары, ал Жетісу облысына – Алматы, Талдықорған, Семей 
облысының бірсыпыра жері және Қырғызстан өлкесі кіретін. Түркістан республикасының жоғары 
басшылық орындарында халқымыздың белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері Т.Рысқұлұлы, 
Н.Төреқұлұлы, С.Қожанұлы, С.Асфандиярұлы, т.т. көрнекті өкілдері болды [8]. Бұл саяси элита 
өкілдері алашордашыл зиялыларды Ташкентке қызметке шақыртып, олардың жаңа ортада, жаңа 
қоғамдық қатынастар жағдайында ұлттың алдында тұрған жаңа міндеттерді іске асыруға белсене 
араласуына қолдау жасап отырды. Осылайша, 1920-1925 жылдары, яғни Түркістан автономиясы 
таратылғанға дейінгі мезгілде көптеген алаш қайраткерлері Ташкентке шоғырланады, дәл осы тұс 
қазақ зиялыларының ең белсенді қайраткерлік, қаламгерлік қызметпен айналысқан шағы болды. 
Бұл үдеріс, яғни Ташкент қаласына алаштық қайраткерлердің шоғырлануы қалада өлке 
деңгейіндегі қоғамдық-саяси, мәдени-ағарту жұмыстарына тың серпін берді.
Кеңестік билік жағдайында ұлттық мүддеге қызмет жасап, ұлттық мәдениет мұрасын жинау, оны 
кеңінен насихаттау және қайта жандандыру арқылы жаңа қоғамға аяқ басқан халқымызды өркениетке 
бастау алаш қайраткерлерінің сол тұстағы басты міндетіне айналды.
Мерзімді баспасөз – қоғамдық пікірді қалыптастыратын идеологияның басты тетіктерінің бірі. Қо-
ғамның саяси даму бағыттары мен міндеттерін халыққа ұғындырып насихаттауға арналған баспасөздің 
қызметі қоғамдағы өзгерістерді жіті қадағалайтын жеделдігімен ерекшеленеді. Қандай да болмасын 
ресми билік құрылымдарының саясатын халық арасында пәрменді жүргізу үшін баспасөз құралдарын 
құрып, жасақтап, оның саяси-идеологиялық бағытына қатаң бақылау орнатады. Түркістан республика-
сындағы кеңестік биліктің ресми органы «Ақ жол» газеті болатын. Түркістан коммунистік партиясы-
ның Орталық Комитеті Атқару бюросы халықпен жүргізетін идеологиялық жұмыстар кешенінің бірі 
ретінде 1920 жылы 19 қазандағы мәжілісінде «Қырғыз газеті туралы» мәселе қарап, ТКП ОК (Түркістан 
Коммунистік Партиясының Орталық Комитеті) мен ТүркОАК (Түркістан Орталық Атқару Комитеті) 
органы ретінде «Ақ жол» газетін шығаруға; газеттің аптасына кем дегенде екі рет жарты баспа табақ 
көлемінде 12 мың данамен шығаруға шешім қабылдап, жауапты редакторлыққа Сұлтанбек Қожановты, 
жауапты хатшылыққа Міржақып Дулатовты тағайындайды. Газеттің алғашқы саны 1920 ж. 7 желтоқ-
санында жарық көрді [3, 78]. Сонымен қатар «Шолпан» және «Сана» журналдары да осы Ташкенттен 
шығып тұрған. Олардың қазақ ұлттық интеллигенциясын қалыптастырудағы рөлі ерекше болған. «Ақ 
жол» газеті әдебиет мәселелеріне үнемі көңіл бөлсе, «Шолпан» жартылай әдеби журнал болатын.
Қазақ жазушыларының іргелі бір тобы осы «Ақ жол» газеті мен «Шолпан» журналының 
төңірегіне топтасып, Ташкентті қазақтардың рухани орталықтарының біріне айналдырды. Бұларда 
М.Дулатов, М.Жұмабаев, М.Әуезовтей қазақ зиялыларының шығармалары жарияланып тұрды. 
«Ақ жол» газеті өзінің тарихи миссиясын атқарды. Тұтастай кезеңде кеңестік биліктің өктем 
саясатының ұлттық мүддені қорғап, сөзімен де, ісімен де қызмет жасаған ұлт зиялыларының тұтас 



жүктеу 6,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   361




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау