7-тарау. ГЕНДЕРДІҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІ КЕЗІНДЕГІ ТҰҚЫМ ҚУАЛАУ
Түқым қуалау заңдылықтарына анализ жасаған кезде мынау анықталды: егер әр ген
организмдегі өзі басқаратын белгісіне немесе қасиетіне әсер етсе және басқа гендердің
әсерінеи тәуелсіз болса, гетерозигота ұрпағында белгілердің ажырап айрылуы 9:3:3:1
қатынасында болады. Ал белгілердің қалыптасуы организмнің жеке басының дамуы
кезінде іске асады, оны бір ғана геи басқармайды, гендер жиынтығына, яғни
генотиптің сыртқы ортамен өзара әрекеттесуі нәтижесінде қалыптасады. Сондықтан
тұқьш қ.уалау заңдылықтарына фенотип бойынша анализ жасаған кезде
хромосомалардың таралуы мен үйлесімдерін және оларда орналасқан гендерді ғана
ескеріп қоймай, онтогенез кезіндегі гендердің өзара орекеттесуін де зерттеу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |